Қазіргі оқыту технологиялары оқУ-Әдістемелік кешені



бет2/6
Дата05.06.2017
өлшемі2,03 Mb.
#17746
1   2   3   4   5   6

Қызығушылықты ояту сатысында- бүгінгі қарастырғалы тұрған мәселе туралы оқушы не біледі, не айта алады, бұрыннан білетінін еске түсіру, ой қозғап, әсер етер кезеңі болады.

Оқушылар өз топтарында еске түсіріп, талдап, ортаға салады, осылайша шыңдалған ойлауға қадам басады.



Мағынан ажырату сатысында- нақты тақырыпты мұғалім сұрақ- жауап арқылы, өз беттерімен ойларын айтуға, тапсырмалар орындауға бағыттайды.

Ой тоғаныс сатысында- оқушы не үйренгенін қорытып, саралап, оны түсіндіру арқылы білім жинақтайды. әр топ сыни көзбен қарап, баға береді.

І сатыда: «Топтау», «Суретке қарап болжау», «Түртіп алу» (Insert)

ІІ сатыда: «Insert», «Елестету» т.б.

ІІІ сатыда: «Венн диаграммасы», «Қос шеңбер», «Ұқсастық пен даралық», «Галерея шарлау» т.б.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:


  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып – толғануға; Ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр – түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға аналдырмау.

  6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардың осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

  • Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

  • Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

  • Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?

Деген сауалдар төңірегіндей ойлауға үйренеді.

Жоба 80- ге жуық стратегиялардан тұрады.

Педтехнологияларды зерттеушілер пікірін тұжырымдасақ, педагогикалық технологияларға сипаттама беру және талдау үшін төмендегідей белгілер ескерілуі тиіс:


      1. педагогикалық технологияның қабылданған технологиялар классификациясына сәйкестендірілуі немесе теңестірілуі;

      2. технология атаулының оқыту жүйесіндегі идеясын, негізгі сапасын, ақырында оқу- тәрбие үрдісін қазіргі заманға сай жетілдіретін негізгі бағытын бейнелейтіндей болып келуі;

      3. тұжырымдық бөлімнің болуы, білім беру үрдісіндегі оқушы позициясының есепке алынуы;

      4. бағдарламалық- әдістемелік қамтамасыз етілуі.

Ал педагогикалық технологияны сараптау мен бағалаудың ең басты өлшемі болып оның тиімділігі, нәтижелілігі және қазіргі заманға лайықтылығы мен жаңашылдығы есептеледі.

Жаңа технологияларды енгізу барысында бастауыш сынып мұғалімі нені білуі керек?



  1. Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;

  2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

  3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

  4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс- тәсілдерді;

  5. Оқушыларды жаңа технологияда үйрету әдісі.

Мұғалім не істей алу керек?

  1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру;

  • Дамыта оқыту бағытында;

  • Модульдік курс үшін;

  • Әлеуметтендіру бағытында;

  • Ұжымдық жүйедегі оқыту;

  • Басқа да технологиялар үшін.

  1. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау;

  2. Әр сабақты жоспарлау;

  3. Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау;

  4. Оқу модулін құрастыру;

  5. Модуль бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалды дайындау;

  6. Модульдерге байланысты оқушыларға арналған өзіндік тапсырмалар құрастыру;

  7. Оқушылардың топтық жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды дайындау;

  8. Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.

Мұғалім қандай іс- әрекетті дұрыс ұйымдастыруы қажет?

  1. Жаңа технологияда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану;

  2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу;

  3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.

Сөйтіп, қорыта айтқанда, жекелеген оқу- тәрбие бағытында мектептің ілгері дамуы ескірген, тиімсіз әдістерден арылып, бүгінгі өмірге сай жаңа технологияларды қолдануға тікелей байланысты. Бұл үрдісті ұйымдастыру: біріншіден, педагогикалық технологиялар банкіне, яғни олармен қамтамасыз етілуге, екіншіден педагогикалық технологияларды таңдай білуге, үшіншіден оны іске қосу механизміне негізделеді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін- зерделік, кәсіптік, адамгершілік және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасыуна игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі


5-дәріс. Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі.
Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі- оқушылардың өзін- өзі басқаруға үйрету, жеке тұлға ретінде жан- жақты дамыту. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» еңбегінің маңызы ерекше екені мәлім.

Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені, модульдің оқыту технологиясында оқытудың әртүрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, диспуттар т.б.) қоладнуға мол мүмкіндіктері бар.

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағыдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі бекіту, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша түрінде) дамытуға бағытталуы.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлімі. (С.И. Ожегов)

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.жаңа технология әр түрлі пәннің оқытушыларына жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибелерісіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесі бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе бөлінген сағат санына байланысты.

Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат- міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалдарын қысқаша (10- 20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру әртүрлі белсенді формаларды қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Оқу модулінің Сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесін емес, тоғыз балдық жүйе қолданылады, бұл оқушыларға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қояу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте жақсы», «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» баға алуға болады.

І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне- интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.

Үшінші «жеңілдетілген» деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыларға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезінде- ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер т.б. рөлдерді атқара алады.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін- өзі оқытуына және өзін- өзі бағалауына, бірін- бірі оқытуына және бірін- бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.

Бұл технологияның маңызды шарты- оқушылардың кез- келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай- ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Сөйлеу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір- біріне көмегі, бірін- бірі оқыту, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлеу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Оқушылардың тақырып немесе тару бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары қойылады.

Егер сөйлеу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалдар беріледі.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде ойындар кеңінен пайдаланылады. Сөйлесу бөлімінің 1,2,3 сабақтарында «Қарлы кесек» ойынында оқушылар тақырыпты көру, оқу, сөйлесу арқылы меңгеріп, 3,4,5 сабақтарында «Брейн- ринг» ойыны арқылы тақырыпты қай деңгейде меңгергенін анықтаймыз. Ол үшін оқушылар деңгейлі тапсырмалар орындайды.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:



  • Оқытудың жалпы мақсатын қою;

  • Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  • Оқушылардың алдын- ала білім деңгейін бағалау;

  • Оқу әрекетінің жиынтығы;

  • Нәтижесін бағалау.

Модульдік оқыту технологиясының тағы бір ерекшелігі оқушылардың танымдық қызметін арттырады. әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын ытңдау, жазу, көру, айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылады. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең- кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушыны тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарй таңдауға ерікті.

Модульдік оқыту технологиясының негізгі тұжырымдамасы, М.О.Т. жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар, М.О.Т- сын оқу- тәрбие үрдісіне енгізу жолдары көрсетілген кестелер төменде келтірілген.

М. О. Т. Тұжырымдамасы

Тұлғаның танымдық қабілеттерін, шығарма-шылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға

Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі

Оқу материалын қайта жаңғырты, қарапайым білік пен дағды қалып-тастыру, алынған білімді талдау, жинақтау, бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қол-данылады.

Оқушылар кез- келген деңгейдегі тапсырмалар-ды өздері таңдайды

Оқу үрдісі белсенді формаларды: топтық, жұптық, ұжымдық қолда-ну арқылы іске асады.

Білім стандарты бекіткен оқу материалдарын бар-лық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамта-масыз етеді.

О. Т. жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар



Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу

Оқушылардың сабақ бастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру

Оның ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушыға үнемі талдау жасап, назарда ұстау

Білім деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу

Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу

Мониторингтік басқару жүйесі, мұғалімдердің білімі мен біліктілік сапасы, кәсіби деңгейі және мониторингтік бақылау: сыныптар бойынша, пән бойынша тоқсандық есеп, жылдық өсу деңгейі бойынша


Модульдік технологиясын оқу- тәрбие үрдісіне енгізу жолдары

Жаңалықты ендіруге стратегиялық және технологиялық өңделген құжаттардың болуы

Мұғалімдерді М.О.Т. меңгеруге қолдануға деген қажеттілікті туғызу, конструктивтік технологиялық жұмысқа бағыттау

Технологияны қолдануға қатысатын оқушыларды және олардың ата- аналарын даярлау

Мұғалімдерді психологиялық әдістемелік тұрғыдан даярлау

М.М. Жанпейісова«М.О.Т оқушының дамыту құралы ретінде»

«Ізленіс» клубы, шығармашылық топ

Әдістемелік кеңес пән, айлық

Үйірме, дарынды балалармен жұмыс

Осы технологиямен жұмыс істеген әрбір бастауыш сынып оқушысы кез- келген материалды дидактикалық тұрғыдан талдай білуге, матеиралды топтай отырып, қорытындылау, ең негізгісі мен маңыздысын ажырата алуға қалыптастыратындығын байқадық. Яғни, оқушылар осы технология барысында сөздік, энциклопедия, анықтамалық алғы сөздермен жұмыс жүргізе білуді үйренеді, баспа және жалпыға бірдей ақпаратық- техникалық құралдарды (үнтаспа, теледидар, компьютер т.б.) пайдалана білуге және картотека, жоспар, реферат құра білуге дағдыланады. Оқушылардың білім- білік дағдылары: өз ойын әдеби тілмен жеткізе отырып, ғылыми сөздерді пайдалана алу, аудитория алдына шығып сөйлеу, өз сөзінің жоспарын жаза білу, сұрақ қою арқылы нақты дәлелдермен тыңдаушының көзін жеткізе білулері жақсы қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде бұл технологияның мектеп оқушылары үшін үлкен маңызы бар.
6-дәріс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
"Сыни ойлау" анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі - ол шығармашылық немесе кекейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен түрады:

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.

Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес:біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде "басында түк жоқ болса ойлау қиын болады" деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер секілді көптеген "шикізаттарды" өңдеу керек болады. Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды оқушылар ең қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек студенттердің ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің кез келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Ойымызды қорыта келсек: инновация жаңалық енгізумен байланысты. Бірақта зерттеушілердің айтуы бойынша кез-келген жаңалық әрқашанда да жоғары нәтиже көрсете бермейді.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сабақтарда екі түрлі түсініктеме күнделігі, жұппен жұмыс жасалу керек. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, ортаға салыңыз, Болжау, Автор орындығы, т.б.стратегияларын оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Әсіресе мінезі тұйық, өз ойын еркін жеткізе алмайтын оқушыларға аты аталған стратегиялар үлкен әсер етіп, өзгеріс әкеледі. Оны күнделікті сабақтардан аңғаруға болады. Оқушыға сеніммен қарап, ой еркіндігі мен пікір айту еркіндігін берсең өз тұжырымын қорғай білу, өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісе білуге қалыптасады.

Ой шақыру стратегиясында берілетін талқылама сұрақтар оқушыларды шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Сонда оқушылар берілген кез келген тақырып бойынша өздерінің әр сабақтан алған білімдерімен бірге, естігендерін (ересектерден, ұстаздардан, ақпарат құралдарынан, достарынан, т.б.) көргендерін және топшылаған қорытындыларын ортаға салу арқылы үйренуге ынталанады.

Жаңа әдістерді сабақ үстінде қолданғанда сыныптарда көп өзгерістер байқалады.

Сабақ үлгерімдері нашар оқушылар үшін «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Кері байланыс» стратегияларының нәтижесі жоғары байқалады. Оқушылардың елеусіз қалмауына, үнемі сабаққа қатысуына, бақылауда болуына және өзге балалармен қарым-қатынасқа түсуіне дұрыс бағыт деп айтуға болады. Өзін-өзі бағалай білу стратегиясы да оқушылардың күш-жігеріне сенімділік береді. Әсіресе сынып сағаттарында да оқу әдістерін қолдану тиімді. Оқушылар жұптаса отырып, екі түрлі тізім толтырады. Онда бір ғана өзінің, екінші бағынға қасындағы жұптасының жақсы жақтарын жазады. Болған соң бір-біріне оқып береді. Бұл тапсырма оқушыға басқалардың бойндағы жақсы қасиеттерді тани білуге, сын тұрғысынан қарай білуге және қуанта білуге үйретеді. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыта стратегиялары әр оқушының өзіндік қабілетіне, ойына, жеке көзқарасына зейін қойып, мән беруге үйретеді.

Осы мәселені шешуде негізгі атқаратын жұмыс-оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің әдістемелік жолдарын қарастыруға болды.

-тақырыпқа байланысты өз ойын дамытуға, ой-қозғау салуға көмектесетін мәтін алу.

-мақсат қойып үйрету қажеттілігін ұғу.

-мәтіннің тәрбиелік мәнін ашу

-қызу пікірталасқа дағдыландыру.

-өзінің, өзгенің пікірін тыңдай білу, бағалай білу

-сұрақтарды нақты қоя білу

-өзіне, біліміне сенімді болу

-өз ойын жүйелі жеткізе білу

-айналасына сеніммен қарау

«Автор орындығы» стратегиясы оқушыны сенімділікке, өзін еркін ұстауға, көпшілік алдына шығып сөйлеуге, ойын жинақтауға көмектеседі. Бұл стратегиялардың қай қайсысы болмасын, қызығушылығын дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді. Оқушы іс-әрекетке, оның дамуына, өзгеруіне сын көзбен қарап, бағалауды үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытқан дұрыс. Бұл әдістің ерекшелігі-сынып оқушыларын жікке бөлмей, барлық баланың бірдей дамуына жағдай жасау. Педагогикалық технология-оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Расында да, сын тұрғысынан ойлау- барлық жастағы балаларға кез келген әрекетке, мазмұнға сын тұрғысынан қарау, нақты дұрыс шешім қабылдау, өзі қабылдаған ұйғарымға деген сенімділіктің болуы болып табылады. Бұған сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары көмектеседі. Негізгі үш кезеңнен тұратын бағдарлама әр оқушының қабілетін ашуға, ойын еркін жеткізуге, қызығушылығын оятуға ерекше мән береді.



7-дәріс. Деңгейлеп оқыту технологиясы
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциялды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналган жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.

Бұлар:әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шыгарады.

Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы имформатика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

  1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

  2. Алдағы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

  3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады.

Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде-олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардагы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.

Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:

1)танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.

Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

2)әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру: және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

3)Өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) Оқушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:

Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар. Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында:

-оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;

-оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

-барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.

Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған.Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертен жаңа тақырып басталады.

Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.Осы жерде, "үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын окушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? " - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.

Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мек бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау тек бағалаудың ерекшелігі неде?Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды түрді әртүрлі топтарға болуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.Денгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны "есепке" алынып отырылады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын "оқушылық", "міндетті", 1-дегі деңгейдің, ол. үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыга тірек білімін ғана Меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады.

Нақтырақ айтсақ:

Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.

Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір денгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.

Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергені сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұпай. Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы жанында ілулі тұратын жалпы ведомосқа және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа (шеңбер) -мен белгілеп отырады.

Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жұмыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан демеп жіберуге жол беріледі.

Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін табылады. Сабак дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін жинаған ұпайларды есептеумен аяқталады.

Жинаған үпайларын оқушылар 2-ші кестеде әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады.

Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгерген қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.

Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады.

Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылаумен сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму мониторингтеріне белгіленеді.

Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.

Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді.

Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.

Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
8-дәріс. Дамыта оқыту технологиясы
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен "Дамыта оқыту" технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар"Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.

Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі "Дамыта оқыту" технологиясындағы сабақтың қүрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

I. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

Бул кезең - оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тап-сырамасын тексеру барысының орныңа алынған бул кезең іштей екі Құрылымға бөлінеді.



  1. Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу.

Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа та-қырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы актуалдандырылады.

Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдың ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік сурақ-тар мен тапсырмалар даярлайды.

2. Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.

Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет буруына жағдай жасайдыдағы, жаңа тақырыпты танып-білу мотивациясын қалайды.

Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сурақ қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?

Өйткені, оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шынды-ғында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен әлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.

Проблемалық жағдаяттар туғызу - сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқыи өтілуіне үлкен мән бере қарау керек.

Өйткені, басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырып-ұтың сәтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалык, жағдаяттың қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.

Мұғалімге біз бұл сәтті былайша түсіндірер едік.

Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сәтін мүғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.

Оқушылардың осы сәтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мундай ерекше сәтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пәннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек және мұғалім сол сәтті озінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек.

Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.

XХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі — сын тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады.

Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайға жағдай керек. Содан барып оны білім алуга ынта-ықыласы артып, әрекетенеді.

Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эдьконип, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.

Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы. бағыттаушы.

Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын. пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. жауаптары тыңдалады. Әрине жауап үнемі дұрыс бола бермес.

Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ереқшелігі сынып оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей. олардың жетілуі дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Әр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етті ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады.Ол үшін баланың жауабы мұқият тындалып, дұрыс мақталып. катесін ептеп түзету керек. Сын тұргысынаи дамыта оқыту сынақ емес. ой-өрісті шыңдау.

Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып. оның неге қатысты екенін зерттеу. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы: 1). қызығушылықты ояту; 2). мағынаны талдау; 3). ой толганыс кезеңдерінен түзіледі. 1 1. Қызығушылыкты ояту: үйрету үрдісі - бұрынғы

Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерісгерге икенделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дуниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.

XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие ксрек.

Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мәдени дамуына үлес косатын. әлеуметтік цивилизацияға көтерітетін, қарасатын, денсаулығы мықты азаматты төрбиелеп шығару — мектептің. ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы жетпес міндеті.

Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі — талабы таудай жеке түлғаны іздеп табу. оны өсіру. Әр оқушыдан қабілетін танып- біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу "үшін, жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгрістер еніп, жаңа көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.

"Технология дегеніміз — қандайда болсын істегі, шеберлікіегі. өнердегі адамдардың. ал, педагогиакалық технология — педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы"', - деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогиикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағыталған. белгілі бір мақсатқа жету жолындагы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. байланыстарын әдістердін, құралдарын жиынтығы.

Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту. оның практикада пайдалану шарт.

Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі

Шаталов технологиясының принципі:

1. Үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау.

2. Жекелей әрекет жасау.

3. Ізгілікті қарым-қатынаста болу.

4. Күш түсірмей оқыту.

5.Жетістіктің жариялылығы, түзету, өсу жетістікке жетуге жетелеу, болашаққа жол ашу.

6. Тәрбие мен оқытуды байланыстыру,

Мақсаты:

1. Білм, білік дағдыңы қалыптастыру.

2. Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту.

3. Жеделдете оқыту.

Ерекшелігі:

1. Материалдар ірілендіріп беріледі.

2. Блок түрде беріледі.

3. Оқу материалын тірек сызба, конспект арқылы беру.

Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі-тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді және оны есте сақтауды женілдететіні белгілі болды.

Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес эпизодты қолданылады.

Шаталоетық көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу процесінде берілетін ерекше ролінде.

Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиыньығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын құнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту процесінің тұрақты және қажетті компоненті.

Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүімкіншілігі, безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезмдік кұндылығы және т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.

Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.

В.Ф.Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терек түсіну негізінде ғана жемісті болады.

Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен–ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі және сол сияқты).

Кернекілік құралдарды қолданудың әр түрлілігі, тірек сигналдары мазмұныңың абетрактылы және нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша сыныпификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.

Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды диференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.

В.Ф.Шаталовтың оқыту методикасы, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден түрады. Олардың әрқайсысының мазмұның ашайық.

I. Теориялық білімді алдың-ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу принципі.

Оқытудың дәстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.

Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, процестер және заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.

Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін қайтадан құрастыруға және тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады.

Теорияның өзекті мәселелерінен басқа ұсақ сұрақтар қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.

Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.

Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді және олардың әрқайсысына үлгірім экраныңда қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.

Бос клетка қалдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейібір ұсақ сұрақтар талқыланады.

Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.

II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.

В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең және тиянақты білім негізінде ғана ашылады. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».

Жаңа сабақты түсіндіру ең кені екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме, лекция, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвриетикалық әңгімелесу түрінде өтеді.

Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жане т. б.), яғни қабылдауды және ойлауды қамттамасыз ету. Екінші түсіндіру қысқалау және жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плакатеыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.

Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде әр туспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.

Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау мұғалімнің айқын мазмұндауы бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орныңа жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгірнеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.

Жаңа теориялық білім бірінші және екінші қайталауда қаншама ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игерді және мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, практикада кең қолдану мүмкін емес.

Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру негізгі алты кезеңнен тұрады:

1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі;

2-ші кезең – оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау, мұнда материалды «блоктық қабылдау» жүреді;

3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек плакаттардың кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз альбомдарына желімдейді;

4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар бетпен жұмыс;

5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;

6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта алдыңда немесе орныңан).

Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психолоттердің зерттеу қорытындылары бойынша қос кабаттасқан психологиялық іс-әрекет тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұхсат.

Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша ешнәрсе, Жаңа сақбақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде әр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық тексін мұғалімнің мағыналық өңдеу тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады.

Шаталоетың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді жаңа текстермен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.

Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белеенді іс-әрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша акырын баяндау және ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның жүйелілігін белеенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.

Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар, беттерді (магнитофон арқылы акырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.

Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды өндеу. Бұл жаңа терминдермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттырады. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы және бағалауы – бұның бәрі белеенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын қысқартады (сабақта 2С минутқа дейін).

Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша және ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белеенділігін арттырады.

Шаталоевтың методикасы жаңа материал мазмұның түрлендіре, қайталау жолымен әсте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл: үйде тірек сигналды оқулықтың сәйкес бөліміне байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап және т. б. қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.

Осы әдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы - өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 бетпен, 5- сыныпта 2 бет, 6- сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара немесе консультанттар (жоғары сынып оқушылары) жүргізеді.

Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 – 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.

Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан жалаушасы алынып, әрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бәрі терең, тиянақты білгім қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.

III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дәрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.

Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тәсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мәні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.

Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп енбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдың ала белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белеенді іс-әрекетті туғызады.

Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі. «Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.



9-дәріс. . Сорос орталығының стратегияларын тиімді пайдалану

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызмекерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет" деген.




Педагогикалық үрдісте жүйелі


Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын


Оқушымен ортақ тіл табыса алатын




Білімді, шебер, іскер болуы тиіс

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі -өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Өйткені,

Дүниетаным қабілеті жоғары

Қазіргі оқушы

Дарынды Ізденімпаз, талапты

өнертапқыш

Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп, зерттеп, тиімділігіне оқытып, өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.

Д.В.Эльконин В.В.Давыдов В.Занков


Қазіргі оқушы
"Дамыта оқыту " «Дамыта оқыту

технологиясы жүйесі»

Ж.Қараев Сын түрғысынан И.Б. Первин

« Деңгейліп оқыту» ойлау «Топтық оқыту»

Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:

1. Дамыта оқыту - жеке тұлғаны жетілдіреді, оның дамуына бағыт беріп, олардың әуестік, белсенділік, адамгершілік, батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

А.С.Выготскийдің "Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады" дегенін ескере отырып, оларды дамыта оқытудың бағдарламалық, проблемалық, ақпараттық, т.б түрлеріне негіздеп күнделікті сабақтың тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.

2. Деңгейлеп саралау - мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады.

С
Деңгейлеп саралау
абаққа қызығушылығы Жеке қабілеті

артады Деңгейлеп саралау

айқындалады

Өз бетімен жумыс істеуге Даму мониторингі Нақты өз деңгейінде үйренеді айқын көрімеді бағаланады


Бұл жөнінде "әр баланың өз деңгейі болатындай, әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек" деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды. Деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте көп.

3. Топтық оқыту - бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, өз пікірін қосуға үйретеді. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.

4. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.
Е



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет