Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары


Тәрбие әдістерін таңдау және оларды тиімді пайдалану



бет14/24
Дата23.08.2020
өлшемі238,5 Kb.
#76582
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Дип.-Қазіргі-педагогикадағы-тәрбие-әдістері-құралдары
6f937c3d-39bc-11e3-9713-f6d299da70eeПедагогикалық мамандыққа кіріспе
Тәрбие әдістерін таңдау және оларды тиімді пайдалану.

Тәрбиенің түрлі әдістерін таңдау мұғалімнің шығармашылығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Себебі тәрбие әдісі – тұтас педагогикалық процестің заңды бір құрамы.

Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптеріне және нақтылай педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты болады. Мұғалім өзінің күнделікті практикалық жұмысында тәрбие әдісін таңдау барысында барлық жағдайға арналған әмбебап тәрбие әдісі болмайтынын ескеруі керек.

Тәрбие әдісі жеке дара тиімді не тиімсіз бола алмайды. Тұтас педагогикалық процестің негізіне жеке тәрбие әдісі емес, тәрбие әдістерінің тұтас бір жүйесі алынады. Әдетте өте нәтижелі деп есептеліп кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық құрал: түсіндіру, әңгіме, сендіру, қоғамдық ықпал жасау әдістерінің өзі де ең әсерлі, абсолютті, тиімді бола алмайды.

Бір жағдайда оң нәтиже берген әдіс, басқа бір жағдайда балаға тіптен теріс әсер береді. Сондықтан тәрбиеші әдістерді қолдануда педагогикалық – психологиялық талаптарды білу қажет.

Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің өте нәзік әрі сезімтал құрал болғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер оқушылар-дың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу – тәрбие процесін физиологтар мен психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне сүйене отырып ұйымдастырады.

Адам жеке адам болып қалыптасу процесінде бөлшектеніп тәрбиеленбей, тұтас тұлға ретінде қалыптасатынын тәрбиеші әрдайым тәрбие жұмысының негізіне алуы керек. Жоғарыдағы аталған педагогикалық – психологиялық талаптармен қатар тәрбие әдістерін қолайлы таңдау және тиімді пайдалану үшін тұтас педагогикалық процестің күрделі диалектика-лық заңдылығы негізге алынады.

Осыған орай әрбір тәрбиешінің жеке адаммен жеке топпен оқушылар ұжымымен жұмыс жүргізгенде тәрбие процесінің ұзаққа созылатын үздіксіз әрі комплексті ерекшелігін ескеруінің маңызы зор.

Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді.

Тәжірибе көрсеткендей, мәдениет өмірдің тек рухани жағын ғана қамтып қоймайды. Мәдениет дегеніміз еңбектің, әлеуметтік дамығандықтың, зиялылықтың, тіпті көппен бірге өмір сүрудің мәдениеті деген сөз. Тек жоғары мәдениетті адам ғана өзіне де басқаға да қатаң талап қоя алады.

Тәрбие әдістері – бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тәсілдері. Мектеп тәжірибесіне орай әдістердің және бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне және қылық - әрекетіне ықпал жасау тәсілдері.

Әдістер түрі сан – алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шәкірттерінің білімділік күш – қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып және басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог әрекетіне тәуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, әдіс формасы да сондай әрі сонша – бұл заңдылық. Әлбетте, әдістердің бәрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол әдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп әдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тәрбие тәжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дәстүрлі әдістерге арқа сүйегенді тәуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тәрбиеші әрдайым тәрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем және мол табыспен, жылдам жеткізетін жаңа әдістерді іздестіруге мәжбүр. Тәрбие әдістерін құрастыру, таңдау және дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.

Тәрбие тәсілі – жалпы әдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсіл – тәрбиешінің өз шәкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тәсілмен басқа да тәрбиешілер пайдалана бастаса, тәсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - әдістерге айналады. Әдістер мен тәсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тәрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал – жабдықтар тәсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру – тәсілдер. Сөз (кең мағынада) – тәрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, әзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тәсіл. Бұл тұрғыдан кейде тәрбие әдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тәсілдер мен құрал – жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Әдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен наты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Әдістер классифика-циясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген әдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тән сипаттарын тереңірек түсінеді.

Тәрбие әдісі – көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан – алуан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет