Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


) Бағытталу тұрғысынан педагоикалық зерттеулер қалай жүргізіледі?



бет10/41
Дата30.01.2022
өлшемі61,07 Kb.
#130163
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
гылыми коллок (копия)

10 ) Бағытталу тұрғысынан педагоикалық зерттеулер қалай жүргізіледі?



Бағытталу тұрғысынан психологиялық- педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. 
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет