Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25 жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы
Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25 жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.
Бұл жаңа жүйе бейнеконференциялар, селекторлық жиындар, ақпараттарды жинақтау, оларды мұрағатта сақтау, жинақталған мәліметтерді телефон және электржуйес арқылы оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.
Инновациялық арақашықтықтан басқару жүйесі мектепішілік басқаруға өте тиімді. Мұғалімнің сабағын монитор арқылы қадағалап отыруға, ата-ана әлемторға еніп On-Line арқылы Web браузер мектептің сайтына еніп баласының қалай жауап беріп жатқанын, тәртібін өзі тікелей көре алады.
Егер оқушы сабаққа келе алмай қалса архивке еніп, сол күнгі өткен сабақты қайта көре алады. Ең бастысы мектеп мектеп сайтында электронды кітапханада әр пәннен үй жұмыстары, тапсырмалар, мұғалімдер мен оқушылардың каталогтары, үлгерімі мен сабаққа қатысуы жөнінен кез-келген уақытта мәлімет ала аласыз
Тағы бір ерекшелігі бұл жүйе мектепішілік сыныптар арасында түрлі сабақтар, конференциялар өткізуге өте қолайлы. Келешекте Қазақстанның кез-келген мектебімен интерактивті сабақтар өткізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл дегеніңіз ғажап мүмкіншілік.
Инновациялық арақашықтықтан басқару,
оқыту жүйесінің тағы да аспактісі:
Басқа байланыс құралдарымен сабақтасып жұмыс істеу