Қазіргі web технологиялар


Клиент-серверлік технологияның негіздері



бет6/9
Дата14.10.2023
өлшемі32,51 Kb.
#185463
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сөж 1

Клиент-серверлік технологияның негіздері
Сервер әртүрлі үдерістердің орындалуын бақылайтын программалар жиынтығы болып табылады. Сәйкесінше, бұл программалар жиынтығы қандай да бір комьютерде орналасқан. Көп жағдайда сервер орнатылған компьютердің өзін сервер деп атайды. Компьютер-сервердің негізгі қызметі – клиенттің сұранысы бойынша белгілі бір үдерісті жүктеу және оның жұмысының нәтижесін клиентке қайтару.
Клиент деп сервердің қызметін пайдаланатын кез келген үдерісті атайды. Клиент қолданушы да, программа да болуы мүмкін. Клиенттің негізгі мақсаты – қосымшаны орындау және қосымша талап еткен кезде сервермен байланысты жүзеге асыру. Яғни клиент қолданушыға қосымшамен жұмыс істеуге арналған интерфейсті қамтамасыз етуге, оның жұмысының логикасын іске асыруға және қажет болғанда серверге тапсырмаларды жөнелтуге тиіс.
Клиент пен сервердің арасындағы өзара әрекеттесу клиенттің бастамасымен орындалады. Клиент қызмет түріне сұраныс береді, сеанс орнатады, өзіне қажетті нәтижелерді алады және жұмыстың аяқталғандығын хабарлайды.
Бір сервердің қызметін көп жағдайда бірнеше клиент бір уақытта пайдаланады. Сондықтан әрбір сервер айтарлықтай жоғары өнімділікке ие болуы және мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Серверді жергілікті немесе ауқымды желіге кіретін компьютерде орнатқан орынды. Алайда серверді жеке компьютерге де орнатуға болады (сонда ол бір уақытта клиент те, сервер де болады).
Серверлердің көптеген типі бар. Әдетте бір компьютер-серверде бірден бірнеше сервер программалар жұмыс істейді. Сервер типтерінің ішіндегі бізді барынша қызықтыратыны – WWW сервер. Оны жиі web-сервер, http-сервер немесе жай ғана сервер деп те атайды. Web-сервер дегеніміз не? Біріншіден, бұл ақпараттық ресурстардың сақталу орны. Екіншіден, бұл ресурстар интернет стандарттарына сәйкес сақталады және қолданушыларға ұсынылады. Web-сервер құжаттарымен жұмыс браузер көмегімен орындалады, ол HTTP хаттамасымен сәйкес құрылған сұраныстарды серверге жөнелтеді. Тапсырманы орындау барысында сервер басқа серверлермен байланысуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет