Тәг атрибуттары
Көбінесе ашылу тәгтерінің орындалатын іс-әрекеттерді түрлендіретін атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Көбінесе атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға (тік жазылған қостырнақшаға ") алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашан да атрибуттары болмайды.
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Wіndows ортасындағы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды.
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар тізбегі болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Wіndows ортасындағы Блокнотты пайдалана беруге болады.
2.2. РНР ТІЛІ НЕГІЗДЕРІ
PHP тілінің қысқаша даму тарихы
PHP (ол мына сөз акронимі: «PHP: Hypertext Preprocessor/Гипермәтіндік Препроцессор», алғашқыда Personal Home Page сөзінен шыққан) – HTML ортасына енгізілген сценарийлерді жазу тілі.
Бұл тілдің синтаксисінің басым бөлігі C, Java және Perl тілдерінен алынған (әрине, өзінің ерекшелігіне байланысты жаңа мүмкіндіктер қосылған). Тілдің мақсаты – Web-программалаушыларға жеңіл әрі жылдам өзгертуге болатын динамикалық түрдегі ықшам html-парақтар құру мүмкіндіктерін беру. PHP – HTML ортасына енгізілген, бірақ серверде орындалатын сценарийлер жазу тілі.
PHP тілінің бір ерекшелігі – мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL.
PHP тілін 1994 жылдың аяғында Расмус Ледорф (Ras-mus Lerdorf) ұсынған болатын. Оның алғашқы нұсқалары сайтты және ондағы резюмені қанша адам көргенін қадағалау мақсатында жасалған болатын. Бұл тілдің бастапқы бір нұсқасы 1995 жылы шығып, ол Personal Home Page Tools деген атпен белгілі болады. Мұнда қонақтарға арналған мәлімет, санауыш және т.с.с. қосымшалар болған еді.
1996 жылдың өзінде PHP тілі әлемдегі 15 000 веб-сайтта қолданылғаны белгілі. Ал 1997 жылы бұл көрсеткіш 50 000-нан асты. 1997 жылы PHP тіліне біршама жаңалықтар қосылды. Содан бастап Расмустың жеке жобасы бірнеше программалаушылардың қолдауымен жақсы ұйымдасқан жұмысшы топқа айналды. Бұл тілдің синтаксистік анализаторын Зев Сураски (Zeev Suraski) мен Анди Гутманс (Andi Gutmans) қайтадан жазып шықты, осы нұсқадағы анализатор PHP 3 тілінің негізі болып қалыптасты.
PHP тілі 1998 жылдың ортасында дүниежүзіндегі 150 000 cайтта қолданылды. Болашақта олардың саны Интернеттегі Netscape's flagship Enterprise server ортасындағы сайттардан да асып түсті.
PHP тілі барлық ірі-ірі операциялық жүйелерге енді, ол Linux ортасында, Unix (HP-UX, Solaris және OpenBSD) нұсқаларында, Microsoft Windows, Mac OS X, RISC OS, т.б. орталарда жұмыс істей бастады. PHP тілі көптеген web-серверлерде сүйемелденетін болды, олар Apache, Microsoft Internet Information Server, Personal Web Server, Nets-cape, iPlanet-серверлер, т.с.с.
Осы серверлердің көпшілігінде PHP тілінің арнайы модульдері бар. PHP тілі суреттерді бейнелеп, PDF-файлдарды, тіпті Flash клиптерін де көрсете алатын болды.
Қазір РНР – жылдам дамып келе жатқан программалау ортасы, ол Интернеттегі көптеген серверлерде жұмыс істейді. РНР-де жасалған файлдар серверлердің барлығында да сақталып, өңделе береді. РНР тілінің артықшылығы оны HTML-парақтың кез келген жеріне қосып, түрлендіруге болады. Оған қоса тілдің синтаксисі, құрылуы, ережелері де онша қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |