Қазіргі заман физикасы. ХХ ғ. физикалық ашылулар тарихы


Мегаәлемнің физикасы. Жалпы толқындық астрономия



бет10/19
Дата17.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204519
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Ресей ғылымы

Мегаәлемнің физикасы. Жалпы толқындық астрономия. Физика тарихында астрономиялық ашылулар физиканың дамуын толық анықтайтын кезең де болған. Осындай кезең болып ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы саналады. Астрономия немесе қазір мегафизика деп аталатын, қазіргі заманғы физиканың дамуын анықтайды. Сондықтан мұнда біз оның жетістіктерін де қарастырамыз. Бұл қалып астрономияның оптикалықтан жалпы толқындық ғылымға айналуымен түсндіріледі. Мегафизика қазіргі заманғы құрал-жабдықтар үлкен мүмкіндіктер тудырады. Дүниеде астрофизикалық комплекстер бар. Оларды жасауға қазіргі заман физикасы мен техниканың мүмкіндіктері қолданылады. Тіпті қазіргі заманғы жоғары технологиялардың шыңы болып табылатын әскери және ғарыштық техниканың өзі астрофизикадан төмен тұрады.
Нейтрондық жұлдыздар мен пульсарлары. Қара құрдым. Жаңа жұлдыздар. Квазарлар және галактика ядролары. Ғарыштық струналар. Нейтрондық жұлдыздарды, пульсарларды, квазарларды зерттеу мегаәлемді тануға деген қазіргі заманға сай мысал бола алады. Бұл объектілердің жерден аса үлкен қашықтықта орналасқанымен ғалымдарға тіпті олардың құрылыстарын байқауға мүмкіндік болды. Жалпы толқындық астрономияның барлық құралдарын қолдану, қазіргі заманғы физиканың заңдарын біліп олардың стандартты емес қолдану, мысалы заттың қасиетін және нейтрондық жұлдыздың құрылысын, пульсарлардың радиолық сәуле шашу механизмін және т.б. тура дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде мегафизиканың (спецификалық) заңдылықтарын анықтауға апаратын ақпарат жиналады. Бұл процестің қазіргі уақытта да жүріп жатқанына, мысалы, мегаәлемге ғана тән ғаламдық струналарды жылдам теориялық зерттеу дәлел бола алады.
Нейтрондық жұлдыздар бар деген гипотеза 1934 ж. айтылған. 1967-1968 жж. Англия Джосели Белл және Энтони Хьюшимен нейтрондық жұлдыз-пульсарлардың радиосәуле шашылу тұрақты жиілікпен өзгереді. Сондықтан импульстары оны алғашында Жер шарынан тыс тіршілік белгілері деп пайымдаған. Кейіннен пульсарлардың физикалық табиғатын Георгий Гомов (1904-1968) түсіндірген. Пульсар - жылдам айналатын магниттелген нейтронды жұлдыздар. Қарапайым жұлдыздың нейтронды жұлдызға айналу кезіндегі жылдам айналу мен алып магнитті өрістің пайда болуы қозғалыс саны мен магнитті өрістің моментінің сақталуымен түсіндіріледі.
Қазіргі таңда пульсарлар рентгенді және гамма-диапозонда ашылған. Осы күнде радиоимпулсі Р (ол сонымен қатар жұлдыздың айналу периоды) 4,3 с-қа дейін болатын шамамен 1000 пульсар анықталған. Р-0,1-1с тең пульсарлардың магнит өрісі В-108 Тл. Табиғатта мұндай аса күшті магнитті өрістердің бар екендігін анықтау - үлкен жаңалық болып табылады. Соңғы уақытта магниттік өрісі 1011-1012 Тл болатын нейтронды жұлдыздар (магнетарлар) ашылды. Магнетарларда радиосәуле шашу жоқ, бірақ олар әлсіз гамма-сәулелер шашады. Қазіргі уақытта нейтрондық жұлдыздар құралуының негізгі каналы – аса жаңалардың жарқырауы деп саналады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мегафизика енді-енді өзінің спецификалық теорияларын құрып жатыр. Мүмкін, олардың біріншісі - қара құрдым физикасы. Қара құрдым - өте қызықты физикалық объектілер. Оларды бақылау мүмкін еместігіне қарамастан, олардың бар және ғарышта үлкен орын алатындығына ешкім күмәнданбайды. Шындығында, екілік системаның көрінбейтін компонентасын нейтронды жұлдыз сияқты анықтауға мүмкіндік бар. Қара құрдымды оған құлайтын немесе маңында айналатын заттардың (арекционды диск) облысынан шашыраған сәуле арқылы анықтауға болады. Галактикада жоғарыда аталғандай мүмкіндіктері бар көптеген қара құрдым табылған.
Квазарлар (квазижұлдызды радиокөздер) 1963 жылы ашылған. Олар үлкен көлемді объектілер классы - квазижұлдызды көздер классына жатады. Квазарлар мен квазижұлдызды объектілер - жұлдыздармен қоршалған алып галактикалар ядросы. Бұл жарық көздер - олардың интегралдық жарықтануы 1048эрг/с (біздің галактикамыздың жарықтануы 1044эрг/с). Толық энергия шығару 1061-1062-ге жетеді. Сәуле шашушы ядро дегеніміз - жұлдыздардың шоғыры немесе қара құрдым болуы мүмкін. Қазіргі таңда атақты массивті қара құрдым үлгісі. Осы бағыттағы зерттеулер жылдам қарқынмен жүріп жатыр.
Ғарыштық струналар - аса экзотикалық объект. Олар кеңістіктегі фазалық өтулерден пайда болған кейбір топологиялық дефектілер. Олар қалыңдығы Lcs~10-29-10-30 және ғарыштық масштабпен тұйықталуы мүмкін болатын жіпке ұқсас. Ғарыштық струналар әлі бақыланбады, олар теориялық зерттеулердің объектісі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі, мегафизиканың мәселелерінің қандай маңызды екендігін көрсетеді. Олардың жолындағы зерттеулер қарқыны өте жылдам. Ғалымдардың ойынша, мегаәлемнің облысындағы зерттеулері болашақта күтпеген бағыт алуы мүмкін және жоғарыда келтірілген объектілерді зерттеу ғылымға жалпы адамзатқа өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет