Азіргі заман тарихы



бет1/3
Дата28.11.2022
өлшемі103 Kb.
#160073
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
МЕК бағдарламасы. Айдарбаева Р.Қ. Қазақстанның қазіргі заман тарихы.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті


Р. Қ. Айдарбаева, В.В. Фоминых


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ

Мемлекеттік емтиханға арналған жұмыс бағдарламасы


Өскемен
2016


ӘОЖ 94(574)(075.8)
Айдарбаева Р.Қ., Фоминых В.В. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Мемлекеттік емтиханға арналған жұмыс бағдарламасы. / Р.Қ. Айдарбаева, В.В. Фоминых / ШҚМТУ. – Өскемен, 2016. – 29 б.

Мемлекеттік емтиханға арналған жұмыс бағдарламасы студенттердің «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға арналған.

© Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті, 2016
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………....………...4
1 «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсына кіріспе………..………………..5
2 ХIХғ. аяғы мен –ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы ......................……………………………………………6
3 ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ұлттық қозғалыс ....……………...…………..8
4 1917 – 1920 жж. Қазақстан. Кеңестік Қазақстанның тарихи қайнар көздері ..10
5 ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. ……..12
6 ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс, қоғамдық-саяси және мәдени өмір ..................................................…………………………………14
7 Қазақстан 1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысы ......................................………..16
8 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (40 жж. ортасы –60 жж. ортасы.) .......18
9 Қазақстан 1965 – 1991 жж...........……………………………………………….20
10 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы ...……………………..22
11 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы .…………...24
12 Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үрдістер мен ұлтаралық қатынастар ......................…………………………………………………………...25
13 Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі мен ішкі саясаты ..……25
14 Қазақстан – әлем таныған ел........……………………………………………...26
15 Қазақстан Республикасындағы мәдени және рухани-идеологиялық үрдістер .....................................................................................................................27
Әдебиет.....………………………………………………………………………….29

КІРІСПЕ

ҚР жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (МЖМС) 2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында жалпы білім беретін пәндер циклінің міндетті компоненті ретінде «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні енгізілді.
Аталған курстың пәні ХХ ғ. басынан бастап осы заманға дейінгі Қазақстан аумағында орын алған тарихи оқиғалар, құбылыстар, үрдістердің тарихи заңдлықтарын анықтау болып табылады. Бұл таңдау аталмыш кезеңнің Қазақстанның тарихи тағдырында алатын ерекше орнына байланысты.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің типтік бағдарламасында сонымен қатар қазіргі заманғы дамудың өзекті маңызды мәселелерін қарастырыру көзделген.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша бакалавриаттың барлық мамандықтарының барлық т.рде оқитын студенттері мемленкеттік емтихан тапсырады. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасы осы мемлекеттік емтиханға дайындалу үшін көмекші құрал болады деп сенеміз.
Студенттердің қолданысына ыңғайлы болу үшін мемлекеттік емтиханда қарастырылатын сұрақтар хронологиялық және логикалық жүйе бойынша 15 тақырыпқа топталған, бұл студенттердің емтиханға дайындалу уақытын ұтымды пайдалануға көмектеседі.

1 «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТАРИХЫНА КІРІСПЕ»


1.1 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері. Қазіргі кездегі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні туралы түсінік. Бүгінгі Отан тарихының қызметі мен принциптері. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында қарастыру. Ұлттық тарихтың құндылықтары. «ҚР-да тарихи сананың қалыптасуы концепциясы» (1995 ж.). Бүгінгі Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын зерттеудің негізгі әдістері. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша деректер мен зерттеулер. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының өзекті мәселелері. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің басты мақсаты мен міндеттері: бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.


1.2 Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің қайнар көздері, дамуы и және ұрпақжалғастығы (ерте заманнан Қазақ хандығы құрылғанға дейін). Қазақстан тарихындағы мемлекеттілікке дейінгі кезең (тас дәуірі, қола дәуірі). Ерте темір дәуірінде алғашқы тайпалықтар одақтардың құрылуы (сақтар, сарматтар). Алғашқы мемлекеттік құрылымдар (үйсіндер, қаңлылар, ғұндар). Ерте орта ғасырлардағы (VI – X ғғ.): Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Карлук қағанаттары, оғыздар мен қимақтар мемлекеттері. Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер(XI –XIII ғғ. басы): Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы. Монғолдардың жаулап алуы (ХIII ғ. басы), оның салдары. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында. Алтын орданың құрылуы және құлауы. XIV – XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер: Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан.
1.3 Қазақ хандығының құрылуы (1465-1466 г.). Қазақ мемлекеттілігінің ежелгі түрік, Алтын Орда мемлекеттерінің саяси-құқықтық жүйелерімен байланысы. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары мен заңдылықтары. Қазақ хандарының шығу тегі. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың Әбілқайыр хандығынан батыс Жетісуға қоныс аударуы. Керей мен Жәнібек – мемлеуеттің негізін қалаушылар. Қазақ хандығы билігінің Шығыс Дешті Қыпшаққа орнатылуы. XV – XVII ғғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы. XVIII ғ. басында Қазақ хандығының ыдырау үрдісінің басталуы. Қазақстан Абылай хан (1771-1781 жж.) және оның мұрагерлері билеген жылдарда.
1.4 Қазақстандағы этникалық үдерістер мен қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдері. «Ұлт», «этникалық үдерістер», «этногенез» ұғымдары. «Қазақ» сөзінің этимологиясы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері. Халықтың ортақ белгілері: тілі, аумағы, шығу тегі, антропологиялық ерекшеліктері, мәдени және шаруашылық ортақтастығы. Қазақстан аумағындағы халықтардың түркі дәуірінде бірігу үрдістерінің күшеюі. Қазақ халқының қалыптасу үдерісінде Қыпшақ хандығының алатын орны. Монғол шапқыншылығының халық қалыптасу үдерісін уақытша тоқтатуы. Монғол шапқыншылынан кейінгі кезеңде қазақ халқының қалыптасу үдерісінің қайтадан жандануы.
1.5 Қазақ жырауларының саяси-құқықтық көзқарастары (Асан Қайғы, Бұқар жырау және т.б.). Асан Қайғы - XIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Асан Қайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер. Асан Қайғының шығармаларын зерттеушілері - Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов. Ш. Уәлихановтың Асан Қайғыны "көшпенділер философы" атауы. Асан Қайғы жөнінде М. Әуезовтың сөздері: "Өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік, дерек береді". Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1718) – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері. Бұқар жырау Тәуке ханның тұсындағы қабырғалы би. Абылай ханның ақылшысы. Бұқар жырау қазақ халқының ұлттық бірлігі туралы, оның шығармаларындағы Абылай ханның мемлекеттік, қолбасшылық қызметінің бағалануы. Махамбет Өтемісов - 1836-1838 жж. көтерілістің рухани басшысы, оның қазақ хандарына берген бағасы, көтерілістің мақсат-міндеттерін анықтауы.


2 ХIХ –ХХ ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫ
2.1 Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық мәртебесінің өзгеруі. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының алғашқы кезеңі (XVIII ғ. басы). Кіші және Орта жүздерге Ресей протекторатының орнауы. XIX ғ. 20-жж. Ресейдің әкімшілік-құқықтық реформалары. 1922 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы». Орта жүзде хандық биліктің жойылуы, сыртқы округтар мен округтық приказдардың құрылуы. 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы». Кіші жүзде хандық биліктің жойылып, дистанциялық жүйенің енгізілуі. Қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуінің аяқталуы (XIX ғ.60-жж.). XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары. 1867ж. және 1868ж. «Уақытша ережелер». Басқару жүйесі мен әкімшілік құрылымның өзгертілуі. Сот және салық жинау жүйесіне енгізілген өзгерістер. 1886 ж. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже. 1891 ж. Дала өлкесін басқару туралы ереже. Ресей бодандығын қабылдаудың игі нәтижелері мен кері салдары.
2.2 ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты, оның мәні, себептері, мақсаты, кезеңдері. «Ресей шаруаларын Қазақстанға көшіру туралы Уақытша ережелер» (1868 ж.). Орыс шаруаларын Қазақстан аумағына орналастыру. Қазақстан территориясында зерттеу жұмыстары (Ф.Щербинаның, В.Кузнецовтың, П.Румянцевтың экспедициялары). Қоныс аудару басқармасының құрылуы. 1904 жылы 6 маусымда шыққан «шаруалар мен жер иеленушілердің ерікті қоныс аударуларының уақытша ережелерінің» мазмұны. ХХ ғасырдың басындағы Столыпинның аграрлық реформасы. Орыс шаруаларының қоныс аударуын жеделдету. Аграрлық реформалардың салдары. Жерлерді экспроприациялау. Жер мәселесінің ушығуы. Қазақ ауылдары мен қоныс аударушылардың елді мекендері. Қазақ шаруашылықтарындағы өзгерістер.Мал шаруашылығының тауарлығының өсуі. Қазақтарды отырықшылыққа көшіру үрдісі. Жер игеруді дамыту. Бай шаруашылықтарының күшеюі. Халықтардың өзара еңбек қарым-қатынастары. Қазақстанның XIX ғ. аяғы мен-ХХ ғғ. басындағы халықтарына этнодемографиялық сипаттама. Көпұлтты қоғамның қалыптасуы.
2.3 ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы, оның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Сауда қарым-қатынастарының дамуы. Жәрмеңкелер. Несие түрлері. Сауда-өсімқорлық капитал. Банктік-қаржылық қатынастар. Өндіру кәсіпшілігі. Қазақстандағы өнеркәсіп орталықтарының қалыптасуы, құрылымы, сипаты және ерекшеліктері. Қазақстанды Ресейдің өткізу нарығы мен өндірістік шикізат көзіне айналдыру үдерісі. Европалық капиталдың кіруі. Шағын өнеркәсіп. Көлік. Өңірдегі қатынас жолдарының жағдайы. Теміржол құрылысының басталуы. Орынбор-Ташкент темір жолы(ХХ ғ. басы). Қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі. Буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы. Жатақтар (отырырықшылар). Өнеркәсіптік өндіріс орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақ жұмысшыларын кемсіту және қанау. Урбандалу үдерісі. Шаруашылық өмірдегі қалалардың рөлі, оның әлеуметтік-мәдени бейнесі.
2.4 XIX ғ.аяғы-ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті және рухани- идеологиялық үдерістері. Халықты ағартудың жағдайы. Ы.Алтынсарин – педагог, ағартушы, жазушы, этнограф. Орыс-қазақ мектептер жүйесінің ұлғаюы. Мектептер мен медреселер. Қазақтардың Ресейдің жоғары оқу орындарда білім алуы (Ә. Бөкейханов, С, Асфендияров, Ж, Ақбаев, М. Шоқай және т.б.). Кітапханалардың ашылуы. Ғылымның және ғылыми мекемелердің дамуы. Орыс географиялық қоғамының, есеп комитетттерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің іс-әрекеті. Ш.Ш. Уәлиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары. П.П.Семенов-Тянь-Шанский, И.В.Мушкетовтің, В.В.Радловтың және т.б. ғалымдардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері. Халық ауыз әдебиеті. Қазақ демократиялық әдебиеті. Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев –қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ш.Құдайбердиев, С. Күбеев, С.Торайғыров, М.Дулатов, А.Байтұрсынов және басқалар. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылымдар. «Айқап» журналы (М.Сералин), «Қазақ», «Уақыт», «Шура», «Ақмола» газеттері. Музыкалық мәдениет. Күйші-композиторлар мен әншілер. Бейнелеу өнеріндегі Қазақстандық тақырып. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы. ХХ ғ. басындағы қазақ ағартушылары. Даладағы жәдидтік ойлардың ықпалы. Қазақ интеллигенциясының жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа қатысуы. Қазақтардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы.
3 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

3.1 1905-1907 жж бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері. Қазақ либералды интеллегенциясының қызметтері. Ресейдегі төңкерістің сипаты, қозғаушы күштері, кезеңдері. Қанды жексенбі. 1905 ж. көктем мен жазда төңкерістің басталуы мен дамуы. Бірінші мамырдағы көтерілістер. Социал-демократиялық топтардың құрылуы. Орталық билікке жер және діни мәселелер бойынша шағымдар мен өтініштер жіберілуі. Қарқаралы петициясы. Бүкілресейлік қазан саяси көтерілісі. 1905ж. 17 қазанындағы патша жарлығы. Пролетариат күресінің түрлері. Кәсіподақ қозғалыстарының басталуы. «Орыс-қырғыз» одағы. Шаруалар қозғалысы. Буржуазиялық партиялардың құрылуы. Ұлттық-либералдық партиялардың құрылуы. (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев және т.б.). Қазақ либералдарының кадет партиясының филиалын құру әрекеттері. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалыстарын құру. Жалпыресейлік мұсылман съездерінде қазақ өкілдерінің қатысуы. «Иттифак аль-муслимин» (мұсылмандар одағы). Мұсылман қайырымдылық қоғамдары. Өлке депутаттарының Ресейдің І – II Мемлекеттік Дума отырыстарына қатысуы. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.И.Седельников баяндамаларындағы аграрлық мәселенің көтерілуі. 1906-1907жж. төңкерістің шегінуі. Полицейлік және жандармериялық бақылаудың күшеюі. 1907 ж. 3 маусымдағы мемлекеттік төңкеріс. Қазақтарды сайлау құқығынан айыру. Төңкерістің мәні мен жеңілуінің себептері.


3.2 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан Соғыстың алғышарттары, қатысушылары мен сипаты. Империалистік соғыстың қазақ өлкесіне әсері. Экономиканы милитарландыру. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі. Қазақ жерлерінің жаппай тартып алудың жалғасуы. Жұмысшылардың еңбекақысының төмендеуі. Азық-түлік бағасының артуы. Алым-салықтың көбейтілуі. Мал және ауылшаруашылық өнімдерін реквизициялау, «ерікті қайыр жинау». Қазақстан жеріндегі бұқара халықтың жағдайының нашарлауы. Қазақстанға австро-венгерлік, германдық әскери тұтқындардың келуі. Соғыстан шаршау. Жұмысшылар көтерілісі. Аграрлық толқулар. Әскерден қашу. «Солдат әйелдерінің бүлігі». Экономикалық және саяси дағдарыстың өсуі. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі.
3.3 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, қозғаушы күштері, сипаты, барысы және негізгі кезеңдері. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы. «Бұратана халықтарды тыл жұмыстарына және мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану ережесі», оның халыққа қарсы мәні. Көтеріліс басшылары: А.Иманов, А.Жанбосынов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов және т.б. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қазақ интеллигенциясының көзқарасы. Қарқара(Албан) – Жетісудағы көтерілістің орталығы. Торғай көтерілісінің ошағы, оның басқа көтеріліс ошақтарынан айырмашылығы. Көтеріліс жасақ әскерлерінің ұйымдасуы. Көтерілісшілердің әскери шеберлігі. Үкіметтің жазалаушы отрядтары, орыс әскерлерінің жазалау шаралары. Патшалық саясаттың қуғындау шараларының салдары. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқария), Ауғанстанға жаппай көшуінің алғашқы толқыны. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы. 1916 ж. көтерілістің Қазақстан тарихының тарихнамасындағы бағалануы.
3.4 Ресейдегі 1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері. 1917 ж. қаңтар-ақпан айларындағы елдегі әлеуметтік-саяси қайшылықтардың ушығуы. Төңкерістің себептері, сипаты, қозғаушы күштері. Петроградтағы көтерілісі. Патшалық биліктің құлауы. Николай ІІ тақтан бас тартуы. Қосөкіметтің пайда болуы мен оның мәні. Уақытша үкімет пен Кеңестер. Уақытша үкіметтің басқару органдарын құру. Уақытша үкіметтің құрамындағы ұлттық интеллигенция өкілдері (Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев т.б.). Қырғыз (қазақ) комитеттерін құру. Уақытша үкіметтің бейбітшілік пен соғыс жайындағы, ұлттық, жер, жұмысшылар мәселелері жайындағы саясаты. Уақытша үкіметтің беделінің түсуі. Уақытша үкімет пен Кеңестердің бір-бірімен қарым-қатынасы. Петроградқа В.И.Лениннің келуі, оның қоғамдық-саяси қызметі. Большевиктердің көпшілікке танымалдылығының артуы. Бұқараның төңкеріске белсенділігі өсуі. 1917 ж. 3-5 шілдедегі Петроградтағы оқиғалар. Қосүкіметтің жойылуы.
3.5 Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар. Ақпан төңкерісінен кейінгі негізгі жалпыресейлік саяси партиялардың бағдарламалары мен тактикалары(кадеттер,эсерлер, меньшевиктер, большевиктер) және олардың Қазақстандағы іс-әрекеттері. Кәсіптік одақтар мен жұмысшылар ұйымдарының құрылуы. Жастар ұйымы. «Шуро-и-Исламия» аймақтық діни саяси ұйымдарының құрылуы (М.Абдурашидханов, М.Шоқай): түркілену идеялары мен ислам модернизмі. Ташкентте бірінші бүкілтүркістандық мұсылман құрылтайының өтуі және Уақытша үкіметті қолдауы. Түркістан мұсылмандар кеңесі құрылуы (М.Шоқай). «Мұсылман кеңесінің» бөлімінің консервативті фундаменталды ұйымы «Шуро-и-Улема» (С.Лапин): «нағыз мұсылман негіздері мен шариғат бастауларына» басты мән берілуі. Түркістан федералдық партиясының құрылуы, оның жәдидтік (халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу ) бағыттағы бағдарламасы. Түркістан өлкесін «Ресей республикасының федерациясымен біріккен автономиялық бірлігі» ретінде жариялау туралы ойлары.
3.6 Түрікшілдік идеологиясы. М. Шоқайдың саяси платформасы. Түркістан федералдық партиясының қызметі. Түрікшілдік, пантюркизм – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым]; XX ғ. басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Түркияның қамқорлығымен «ұлы Тұран» мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар мен саяси доктриналар жүйесі. Түрікшілдікті насихаттаушылардың көш басшылары И.Гаспринский, Ю.Акчурин. Түрікшілдікті “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен шығарған “Тәржіман” газеті. 20 ғасырдың басында Ресей империясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне түрікшілдіктің ықпал етуі. Бірінші орыс революциясы кезінде түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында “Ресей мұсылмандары одағы” атты партияның құрылуы. М. Шоқайдың түрікшілдік идеясына қолдау көрсетуі. Өркениетке жету үшін барлық түрік халықтарының басын біріктіру идеясы. Түркістан автономиясын құруға қосқан үлесі. Түркістан федералдық партиясының құрылуы (1917 ж., қыркүйегі), діни бағытпен қатар парламенттік негіздегі Түркістан федералистік құру туралы ұсыныстары.
3.7 «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. 1917 ж. ақпан төңкерісінен кейін Алаш ұлттық-либералдық қозғалысының белсенділігінің арта түсуі. Облыстық және уездік қазақ құрылтайлары (1917 ж. көктемі) және оларда көтерілген мәселелер. Орынбордағы бірінші «бүкілқырғыздық» (бүкілқазақтық) съезд және оның құжаттары (1917 ж. көктем). «Алаш» саяси партиясын құру туралы шешімі. Партияның әлеуметтік негізі және оның басшылары (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов және т.б.). «Қазақ» газеті - «Алаш» партиясының баспа органы. Партия бағдарламасының жобасының жариялануы. «Алаш» партиясы бағдарламасынің негізгі ұстанымдары: мемлекеттік құрылыс түрі, автономия, жер, салық, сот, діни, әйелдер мәселесі.

4 1917 – 1920 жж. КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ


4.1 1917 жылғы Қазан революциясы және Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы. Қазан революциясының алғышарттары. 1917 жылы жаз бен күздегі саяси күштердің реттелуі. 1917 жылдың күзіндегі бүкілресейлік әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың белгілері: шаруашылықтың қирауы, жұмыссыздықтың өсуі, ақшаның құнсыздануы, Уақытша үкіметтің шарасыздығы. Бұқараның халықтың көңіл-күйлерінің радикалдануы мен Кеңестердің большевиктенуі. Большевиктердің қарулы көтеріліске бағыт алуы. Қазан төңкерісінің әлеуметтік негізі мен қозғаушы күштері. Қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының төңкеріске көзқарастары. Қазақ «Үш жүз» социалистік (большевиктік) партиясы. Петроградтағы қарулы Қазан көтерілісінің жеңісі. Билікке большевиктердің келуі. ІІ бүкілресейлік кеңестердің сьезді, оның декреттері. В.И.Ленин басшылығымен Кеңес үкіметінің орнауы. Кеңестердің ұлттық аудандардағы билік үшін күресі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктері. Ескі мемлекеттік жүйенің құлауы және жаңа өкіметтің орнығуы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, қаржы саласындағы, жұмысшы және әйелдер мәселесінің әлеуметтік-экономикалық алғашқы іс-шаралары. Тапқа бөлінушіліктің қалдықтарын жою. Мемлекет және шіркеу. Кеңес үкіметінің ұлттық саясаты. «Ресей халықтарының құқықтарының Декларациясы». Кеңес үкіметінің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» Үндеуінің жариялануы. Кеңестердің ІІІ Бүкілресейлік съезі. «Еңбекшілер мен қаналушы халықтардың құқықтарының Декларациясы». Кеңестік Ресейді федерация ретінде жариялау. Дүниежүзілік соғыстан Кеңестік Ресейдің шығуы. Брест бейбіт келісімі.


4.2 Қазақстан Азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920 жж.). Азаматтық соғыс: мәні, себептері, негізгі қарама‑қарсы тұрушы күштер. «Ақтар» мен «қызылдар». Азаматтық қарсылықтың ұлғаюы. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығысында Кеңес үкіметінің құлатылуы. Жетісу мен батыстағы оқиғалар. Орал, Шығыс, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан майдандарының құрылуы. Соғыстағы ұлттық фактор. Қазақ қоғамының бөлінуі. Ә. Жанкелдин экспедициясы. Черкасск қорғанысы. Қазақстанда Қызыл Әскердің құрылуы. «Ақ» және «қызыл» террор. Қызыл әскердің Орынбор мен Оралды азат етуі. Колчактың шабуылы. Ақгвардияшылардың тылындағы партизан қозғалыстары. Орынбор мен Оралдың қорғанысы. Ақтөбе операциясы. Солтүстік және солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі. Орал-Гурьев операциясы. Жетісу майданының жойылуы. Азамат соғысының қорытындылары. Кеңес үкіметінің жақтаушыларының жеңісі. Азамат соғысында большевиктер жеңісінің себептері. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси салдары. Экономикалық дағдарыс, өнеркәсіптің құлдырауы, ауылшаруашылық өндірісінің құлдырауы.
4.3 «Әскери коммунизм» саясаты (1918 – наурызы 1921 жж.): мәні, әдістері,, оны жүзеге асыру жолдары. Нарықтық, тауарлық-қаржылық қатынастардың шектеу. Экономиканы басқаруды орталықтандыру. Өндірісті национализациялануы. Азық-түлік салғырты. Өнімді бөлуді орталықтандыру. Еркін саудаға тыйым салынуы. Еңбек ақыны натурализациялау. Еңбек ақыны төлеудегі теңгермешілік. Өндіріс құралдарын жалға беруге (жер, жұмыс малы, еңбек құралдары), жалдамалы еңбек күшіне тыйым салынуы. Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігінің енгізілуі. Еңбекті милитарландыру. «Әскери коммунизмнің» қорытындылары. Әлеуметтік шиеленістің өсуі, саяси дағдарыс. Өлкедегі антикеңестік көтерілістер. «Әскери коммунизмнің» тоқтатылып, ЖЭС-ке көшу.
4.4 Түркістан (Қоқан) автономиясы және оның жойылуы. Түркістан АКСР-нің құрылуы. Қоқан қаласындағы Мұсылмандардың өлкелік IV төтенше съезі (1917 ж. 26 қарашада). Мұсылмандардың кеңестік емес режим Түркістан (Қоқан) автономиясын (Түркістан мұхтариаты) құру туралы шешім қабылдауы және Уақытша үкіметінің басшысы болып М.Тынышпаевтың сайлануы. Автономия басшылығындағы келіспеушіліктер. М.Шоқай – Түркістан автономиясының премьер-министрі. Ұлттық жиналыстың (Милий мажлис) құрамының айқындалуы. Автономиядағы ұлтаралық қайшылықтардың артуы, радикалды исламистердің күшеюі. Қоқан хандығын көтеруді жоспарлаған Иргаш –бектің М.Шоқайды биліктен аластатуы. Қоқанды кеңес әскерлерінің басып алуы (1918 ж. ақпаны), Қоқан автономиясының жойылуы. Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысы. V Бүкілтүркістандық кеңестердің съезі және Түркістан кеңес социалистік республикасының құрылуы (1918 ж. көктемі). РКФСР‑дың Түркістан істері бойынша Орталық Атқару Комитетінің және Компартия (Түрккомиссия) мен Мұсылмандық бюро (Мұсбюро) комиссиясының құрылуы мен қызметі. Т. Рысқұловтың Түрік Кеңестік республикасы жобасын қабылдамауы. «Түркістан автономиясының ережелері». Түркістан АКСР-інің жаңа Конституциясы (1920 ж.).
4.5 Алаш автономиясының құрылуы. Азамат соғысы жылдарындағы Алаш-Орданың қызметі. Орынбордағы II «жалпықырғыздық» (жалпықазақтық) съезінің (1917 ж. желтоқсан) Алаш автономиясын құру туралы шешімі. А. Бөкейханов басшылығымен Алаш автономиясы үкіметі - Уақытша халық кеңесінің құрылуы. Алашорданың батыс бөлімшесі. Алашорданың ақгвардияшылармен ынтымақтастығы. Алаш әскери құрылымдарының құрылуы. «Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің» шешімімен Омбыда Алашорда үкіметінің жойылуы. Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы алашордашылардың большевиктердмен қарым-қатынастары. Кеңес өкіметінің алашордашыларға кешірім жариялауы және олардың кеңестер қатарына өтуі. Қырревкомның Алашорданың Батыс бөлімшесін таратуы туралы қаулысы. Алашорданың дағдарысы мен таралуының себептері.
4.6 Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің қалыптасуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. Ұлттық мемлекеттік құрылыстың кеңестік моделінің құрылысын жүзеге асырудың басталуы. ҚАКСР-ін құруға дайындық жұмыстары. Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің құрылуындағы В.И.Лениннің рөлі. Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитетінің құрылуы (Қырревком) және оның іс-әрекеті. РКФСР Халық Комиссарлар Комитеті мен Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялы Республикасын құру туралы» 1920 ж. 26 тамыздағы Декреті. Қырғыз (Қазақ)АКСР-нің аумағы мен шекарасының айқындалуы. ҚАКСР-нің алғашқы астанасы - Орынбор қаласы. ҚАКСР Кеңесінің құрылтай съезді. «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялы Республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясы». Орталық Атқару комитеттері мен Кеңестері мен Республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылуы.
4.7 Орта Азия мен Қазақстан арасындағы ұлттық-аумақтық межелеу. Патша үкімітінің өлкеде жүргізген саясаты салдарынан қазақ жерлерінің әр түрлі әкімшілік аумақтарға бөлініп, тұтастығынан айрылуы. Қазақ жерлерін қайтадан біріктіру үшін ұйымдастырылғын іс-шаралар. Батыс Сібірде Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіндегі жерлерді межелеу саясатының жүргізілуі (1921 ж.). Орта Азия мен Қазақстан арасындағы ұлттық-аумақтық межелеу жұмыстарының басталуы (1924 ж.). Түркістан АКСР-нің таратылып, ұлттық республикалардың құрылуы және Түркістан АКСР құрамындағы қазақ жерлерінің Қазақстан құрамына енуі (Жетісу және Сырдария облыстары). Қазақ автномиясының аумағы мен шекарасының толықтай айқындалуы, халық санының өсуі. Астананың Орынбордан Қызылордаға көшірілуі.
5 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

5.1 Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат: мақсаты, жүзеге асырылған іс-шаралар, нәтижелері және одан бас тарту себептері. Азамат соғысынан кейін орын алған шаруашылық күйзеліс, әлеуметтік және саяси дағдарыс (1920-ж. басы). Стратегиялық бағытты өзгерту қажеттілігінің туындауы. «Әскери коммунизмнен» жаңа экономикалық саясатқа өту және оның мәні. ЖЭС-тің міндеттері. Қазақстанның ЖЭС-ке көшудің ерекшеліктері. 1921 – 1922 жж. аштықпен күрес. ЖЭС бойынша ауыл шаруашылығы, өндіріс, сауда, қаржы салаларында жүзеге асырылған іс-шаралар. Азық-түлік салғыртының азық-түлік салығына ауыстырылуы. Жерді жалға беруге және жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілуі. Кооперативтердің түрлерін дамыту. Өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту. Трестік шаруашылық есеп. Өнеркәсіп саласындағы меншіктеу үрдісі. Концессиялар. Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігінің алынып тасталуы. Ақшалай еңбекақы төлеуді қайта жандандыру, теңгермешілікті тоқтату. Тауар-ақша қатынастарының қалпына келтірілуі. Еркін саудаға рұқсат берілуі. 1922-1924 жж. қаржы реформасы. Мемлекеттік банктерді қайта құру. Экономиканың көпсалалы құрылымын құру. ЖЭСтің жетістіктері. ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық нәтижелері. Ауыл шаруашылығы, өндіріс пен көлікті қалпына келтіру. Деревня мен ауылдарды теңдестіру. Жұмысшылардың материалдық жағдайларын жақсарту. ЖЭС тәжірибесінің маңызы. ЖЭС-тен бас тартудың себептері. 1927-1928 жж. нан дайындаудағы қиындықтар және ауыл шаруашылық өнімдерін даярлаудың «төтенше» әдістеріне өту.


5.2 1921 – 1922 жж. жер-су реформалары. Реформаның мәні мен маңызы. Түркістан Республикасының Кеңестерінің ІХ съезінің реформаны Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілу туралы шешімі. «Қосшы» ұйымының қазақ кедейлері мен батырақтарының басын қосуы. ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің декреттері бойынша кезінде патша үкімет тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару(1921 ж. ақпан, сәуір). Реформаны жүзеге асырудағы қиыншылықтар. Оны жүзеге асырудағы кемшіліктер мен одан ауытқушылық. Реформаның жетістіктері мен маңызы. Патшалық саясаттың салдарын жою, жер мәселесі бойынша әділеттілікті қалпына келтіру. Қазақ шаруашылықтарын жермен қамтамасыз ету, олардың жағдайларының жақсаруы. Ұлттық келісімді нығайту.
5.3 Қазақстандағы индустрияландыру саясаты, ерекшеліктері мен салдары. Индустрияландырудың қарқыны және өндіріс секторының дамуы жайындағы пікірталастар. Индустрияландырудың Сталиндік жоспары мен бухариндік балама. Н.И.Бухариннің жеңілісі. Индустриаландыруды жеделдету: қаржыландыру көздері, жеделдету қарқыны, әдістері мен көлемі. Алғашқы бес жылдық жоспарларды дайындау және жүзеге асыру, ондағы Қазақстанның орны. Республиканың өндіргіш күштерінің құрылымын өзгерту. Жаңа қалалар мен өндірістік салаларды құру. Энергетика. Қатынас жолдарының құрылысы (Түрксіб). Индустрияландыруды жүзеге асырудағы жұмысшылардың құлшыныстары. Социалистік жарыстар: мақсаты, түрлері. Стахановшылар қозғалысы. Индустриализациялаудың нәтижелері мен қиындықтары, оның экономикалық, әлеуметтік, мәдени салдары: жетістіктері мен кері жақтары. Қазақстандағы индустриаландырудың ерекшеліктері. КСРО-ның техника-экономикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу және оның индустриялды мемлекетке айналдыру. Қазақстанның артта қалған аграрлық аймақтан индустриалды‑аграрлық республикаға айналуы. Республика өнеркәсібінің жаңа салаларының пайда болуы. Жұмысшы кадрларының, инженер-техникалық интеллегенция санының өсуі, қазақ жұмысшы кадраларының қалыптасуы. Жұмыссыздықтың жойылуы. Урбанизацяилау үрдісі. Әлеуметтік-мәдени саланың дамуы. Республика өнеркәсібінің шикізаттық бағытының басым болып, ауыр өнеркәсіптің дамуы. Экономиканы басқарудың қатаң орталықтанған жүйесі. Қаражаттың ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке аударылуы. Мәжбүрлі жұмыс істету жүйесінің құрылуы.
5.4 Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ерекшеліктері мен салдары. «Сталиндік аграрлық революцияның» мәні мен мақсаты. Ауыл шаруашылық секторының мемлекет меншігіне өтуі – индустриаландыру үрдісін қаржыландыру тәсілі. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарының күштеп отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқықтарының өрескел бұзылуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Аштықтың демографиялық салдарлары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.
5.5 ХХ ғ. 20- ж. екінші жартысындағы С. Сәдуақасов пен Т. Рысқұловтың Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық дамыту моделі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жолдары жөнінде пікірталастар, индустрияландыру мен мал және егін шаруашылығын дамыту мәселелерінің талқылануы. Қазақстанда индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталас: Ф.И. Голощекин мен С. Садуақасовтың көзқарастары. Қазақстан өнеркәсібін тек шикізаттық бағытта дамыту. Өндіруші салалармен қатар өңдеуші салаларды дамыту - Қазақстанның экономикалық дербестігінің негізі. Т. Рысқұлов Қазақстандағы индустрияландыру және өнеркәсіптік даму мәселелері, ауыл шаруашылық өндісін дамыту ерекшеліктері туралы. Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты –ащы шындықтың ақиқаты.

6 ХХ ғ. 20-30-жж. ҰЛТТЫҚ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ‑САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫ


6.1 20-30-жж. қазақ мемлекеттілігінің дамуы. 1937 ж. Конституция. Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-не айналуы (1937 ж., 26 наурыз). 20-жж. басындағы кеңес үкіметінің ұлттық саясаты және Кеңес мемлекетіндегі халықтардың жағдайы. Көпұлтты кеңестік мемлекет құру жобалары. Кеңестердің Бүкілодақтық I съезі (1922 ж,. желтоқсан). КСРО-ның құрылуы: шарттары, принциптері, құрамы. ҚАКСР- РКФСР құрамындағы автономиялық республика. КСРО-ның 1924 ж. Конституциясы. Орта Азия республикаларының ұлттық- аумақтық межеленуі: себептері мен мәні. Қазақ жерлерінің ҚАКСР құрамында жинақталуы. Астананың Орынбордан Ақмешітке (Қызылорда) көшірілуі. Қазақ халқының тарихи атауының қалпына келтірілуі. Қырғыз АКСР-нің атауының Қазақ АКСР болып өзгертілуі. Демографиялық жағдай: 1926 ж. халық санағы. Республика астанасының Алматыға көшірілуі. 1937 ж. Конституциясы: республикаладрдың КСРО құрамынан шығу еркіндігі, олардың аумағының одақтас республикалар келісімінсіз өзгертілмеуі, одақтық заңдарының үстемдігі, КСРО азаматтарына бір ғана одақтық азаматтықтың берілуі. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары – сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-не айналуы (1937 ж., 26 наурыз) - Қазақстанның егемендігін формальді түрде мойындалуы және оның заң жүзінде бекітіп беруі. Республика Жоғары Кеңесінің сайлауы (1937 ж., 12 желтоқсаны).


6.2 20-жж. Қазақстанның қоғамдық‑саяси өмірі. Азамат соғысынан бейбіт өмірге өту. Жергілікті Кңестерді қайта сайлау, кеңес жұмыстарын жандандыру. РКП(б) қазақстандық ұйымының құрылуы. Қоғамдық ұйымдар (комсомол, кәсіподақ, шаруа ұйымдары). Алаш зиялыларының қоғамдық жұмысқа тартылуы. Заңдылықтың нығайтылуы. 1922ж. сот реформасы. Прокуратура мен адвокатураның құрылуы. Құқықты кодификациялау (бірыңғайлау). Әдет-ғұрып құқықтары саласының тарылуы. Әйелдерге теңдік пен бостандықтың берілуі. Қазақ тілі статусының көтерілуі. Мемлекеттік аппартақа жергілікті халық өкілдерін тарту. «Өызыл керуен», қызыл киіз үйлер. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты: мәні жіне салдары. Қазаө ауылдарын кеңестендіру. Ауылдағы «таптық» реформалар. Саяси оппозиция (С. Сәдуақасов, С. Ходжанов, Ж. Мынбаев және т.б.) ұстанымдары. Алаш зиялыларына қарсы репрессиялардың басталуы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.
6.4 1930-жж. Қазақстанның қоғамдық‑саяси өмірі годы. Қазақстанда,ы саяси қуғын-сүргіндер. Қазақстанға халықтарды депортациялау. Модернизация және сталинизм. Әкімшіл-әміршіл жүйенің қоғамдық-саяси өмірге ықпалы. Коммунистік партия билігі мен ықпалының күшеюі. Партиялық және мемлекеттік биліктің бірігуі. Қоғам өмірінің бюрократиялануы. Партияда сөз бостандығының қысымға ұшырауы. Жеке биліктің орнықуы. Сталинныің жеке басына табынушылық. Социализм нығаюына байланысты таптық күрестің шиеленісуі туралы сталиндік тезис. Басқаша ойлаушылар мен оппозиционерлерге қарсы саяси қуғын-сүргіннің басталуы. Сталиндік реппрессиялардың ауқымы мен салдары. Қазақстанда ГУЛАГ жүйесінің құрылуы. Карлаг, АЛЖИР және т.б. лагерлер. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам. Тоталитарлық жүйенің орнығу себептері.
6.5 ХХ ғ. 20-30- жж. Қазақстандағы білім мен ғылым, сауатсыздықпен күрес. Мәдени революция мәні мен мақсаты. Жаппай сауатсыздықпен күрес және оның нәтижелері. Латын алфавитіне өту. А.Байтұрсыновтың латын алфавитінің енгізілуіне қарсылығы. Қазақ алфавитінің кириллицаға ауыстырылуы. Білім жүйесінің құрылуы. Кеңестік жалпы білім беретін мектептер жүйесінің құрылысы. 30-жж. мектеп реформалары: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқудың енгізілуі. Мектеп білім беру ісіндегі кемшіліктер: мектептің идеология құралына айналуы, қазақ зиялылылары оқулықтарының оқу жоспарларынан алып тасталуы, мұғілімдердің білім деңгейінің төмендігі. Кәсіби оқу орындарының құрылуы. Жоғары оқу орындарының ашылуы. Ғылымның қалыптасып дамуы. КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесінің қызметі. Қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу мақсатымен жүргізілген экспедициялар (Ә. Марғұлан және т.б). Бұкілодақтық ауыл шаруышылық Ғылым Академиясының бөлімінің құрылуы. Қазақ кеңестік интеллигенциясының қалыптасуы. С. Асфендияров, Қ. Сәтпаев және т.б. Ғылыми жетістіктер.
6.6 ХХ ғ. 20-30- жж. Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті. Кеңестік қазақ әдебиетінің қалыптасуы (проза, поэзия, драматургия, әдеби сын). С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Г.Мүсрепов және басқалар. Н.Анов, И.Шухов, Д.Снегин, Х.Алиев, М.Хамраев және т.б. жазушылардың творчествосы. Кеңестік қазақ өнерінің қалыптасуы. Халық театрларының, клубтардың құрылуы. Атақты әнші Әмре Қашаубаев. Композиторлар А.В. Затаевич пен Е. Брусиловскийдің қазақ музыка өнерінің қалыптасуындағы рөлі. Қазақ өнерінің майталмандары: К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Ж.Шанин және т.б. Ұлттық драма театрының құрылуы. Кино. Бейнелеу өнері (Н. Хлудов, Ә. Қастеев). Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы – қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.


7 ҚАЗАҚСТАН1941 – 1945 жж. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗЕҢІНДЕ

7.1 Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары, сипаты және қорытындылары. Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде Ұлы Отан соғысының орны мен маңызы. КСРО­­ Екінші дүниежүзілік соғыста. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал. 1941 -1945 жж. Ұлы Отан соғыс Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі. Ұлы Отан соғысын кезеңдестіру. Ұлы Отан соғысының бірінші кезеңі (1941 ж. 22 маусымы – 1942ж. караша): бликриг жоспарының жүзеге аспауы, соғыс барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына жағдай жасалуы; екінші кезең (1942 ж. карашасы – 1943 ж. желтоксан) – Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбегейлі бетбұрыс, кеңес әскерлерінің басымдығы; үшінші кезеңі (1944 – 1945 ж. 9 мамыры) – КСРО аумағының, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның жаудан толықтай азат етілуі, жаудың түпкілікті жеңілуі. КСРО-ның фашизмді жоюдағы шешуші рөлі. Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі қорытындылары мен сабақтары. Ұлы Жеңістің себептері, қайнар көздері, бағасы. Соғыс жылдарында кеңес қоғасымының бірігуі.


7.2 Ұлы Отан соғысының басталуы мен сипаты. Қазақстан фашизм жоспарларында. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері. Фашистік Германияның КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасауы. «Үлкен Түркістан»Ұлы жоспары. Отан соғысының басталуы, оның сипаты. Брест қорғаушыларының ерлігі. Мәскеу және Ленинград түбіндегі шайқастардың маңызы. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. 28 панфиловшы жауынгердің ерлігі. Сталинград шайқасы – түбегейлі бетбұрыстың басталуы, оған қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандықтар - партизан қозғалысына дем берушілер. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры - қазақстандықтар қасіреті. Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар - кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі. Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті. М. Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз бен шынайы шындық. Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы (Еділ немістері, Солтүстік Кавказ халықтары).
7.3 Республика экономикасын соғыс жағдайын бейімдеп, қайта құру. Қазақстан – майдан арсеналы. Қазақстандықтардың еңбек майданындағы ерліктері. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға халықты, өнеркәсіп орындарын көшіріп әкелу және орналастыру. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда соғыс өнеркәсібін қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралары. Халық шаруашылығының даму еркшеліктері. Әскери өндірістің өсуі. Соғыс жылдарындағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы: жетістіктіктері мен қиыншылықтары. Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі. Қазақстандықтардың соғыста қираған аудандарды қалпына келтіруге көмегі. Қазақстанның халық шарушылығындағы әйелдер мен балалардың рөлі. Еңбек армиялары. Қазақстандықтар Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп құрылыстарында. Қорғаныс қорларына қаражат жинау. Қазақстандықтардың танк колонналары, авиация эскадрильяларын құрудағы рөлі.
7.4 Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білімі, ғылымы және мәдениеті. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу және орналастыру. Қазақстанға көшіріліп әкелінген кеңес ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері (А. Толстой, Г. Уланова, А. Пудовкин, С. Эйзенштейн, В.И. Вернадский, С.Н. Бернштейн, А.М. Панкратова және т.б.). Халықтық білім беру жүйесінің дамуы. Қыздар педагогика институтының ашылуы. Қазақстанға көшіріліп әкелінген жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің республика ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстан ғалымдарының қорғаныс қажеттіліктеріне сай республика кен байлықтарын зерттеуі. Ғылыми мекемелер мен ғалымдар санының өсуі. «Қазақ КСР тарихының» алғашқы басылымының жарық көруі (1943 ж.). Әдебиет пен публицистиканың майданға көмегі. Соғыс жылдарындағы кино, бейнелеу, музыка өнері. Мәдениет қайраткерлерінің соғыс жылдары халықтың рухын көтеріп, жеңіске жұмылдырудағы рөлі.

8 ҚАЗАҚСТАН СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА (40 ж. ортасы – 60 ж. ортасы)


8.1 Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1945-1953 жж.). Бейбіт құрылысқа көшу. Экономиканы бейбіт өмірге қайта құру. Халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруге Қазақстанның қатысуы. Төртінші бесжылдық жоспар және оның ерекшеліктері (1946-1951 жж.). Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің дамуы: жетістіктер мен қайшылықтар. Ауыр өнеркәсіпті дамытудың басты назарда болуы. Жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы олқылықтар. «Қырғи-қабақ соғыс» және қару-жарақ бәсекелестігі. АҚШ-тың атом қаруына деген монополиясын жою жолындағы КСРО-ның күресі. Әскери өнеркәсіп базасын нығайту бастамасы. Ядролық қарудың пайда болуы. Қазақстан территориясындағы ядролық сынақтар және оның зардаптары. Семей полигоны (1949-1991 жж.). Экономикадағы диспропорцияның өсуі. Ауыл шаруашылығындағы қиындықтар мен проблемалар, оның өнеркәсіптен артта қалуы. Азық-түлік тапшылығы мәселесінің шиеленісуі. Колхоздарды ірілендіру, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жеке бастамаларының шектелуі. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 ж. ақша реформасы. Еңбекшілердің материалдық жағдайы. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы кеңес адмадарының өмірі мен тұрмыс-тіршілігі.


8.2 Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1946-1953 жж.). Қоғамдық өмірдің қайшылықтары. Соғыстан кейінгі жылдардағы сталинизм. Жеке басқа табынушылықтың шарықтау шегі. Саяси режимнің, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың, идеологиялық үстемдіктің қаталдануы. Ғылым және мәдениет саласындағы саясат. Ғылым, мәдениет жарысы, олардың идеологиялық негіздері. Соғыстан кейінгі идеологиялық науқандар. Интеллигенцияның қатаң бақылауға алынуы. Цензураның күшеюі. Саяси қуғын-сүргіндердің қайтадан жандануы. 1943 ж. басылымдағы «Қазақ КСР-нің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын» сынға алу. «Бекмаханов ісі» (сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің шынайы тарихын жазғаны үшін), Б.Сүлейменов, Қ.Сәтпаев және т.б. еңбектеріндегі «қателіктердің» анықталуы. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілерге «ұлтшылдар» айдарының тағылуы. «Зарзаман» мектебінің ақындарының шығармаларына тыйым салынуы (Мұрат Мөңке ұлы, Дулат Бабатаев, Шортайнбай Қанайұлы т.б.). Қазақстанда жаңа лагерлердің құрылуы (Степлаг және т.б.). Қазақстанға жер аударылған халықтың жағдайы. И.В.Сталиннің өлімі.
8.3 «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1953-1964 жж.). Билік басына Н.С.Хрущевтың келуі. КОКП-нің ХХ съезі - Сталиннің жеке басына табынушылықтың әшкереленуі және айыпталуы. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының ақталуы (мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет қайраткерлерінің және т.б.). Cоғыс жылдары жер аударылған халықтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру шаралары. Қарашай, балқар, шешен, ингуш және қалмақ халықтары ұлттық автономияларының қайта қалпына келтірілуі. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюы. ІІМ-дегі Ерекше кеңестің таратылуы. Прокурорлық бақылаудың күшейтілуі. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар. Мемлекеттік аппаратты қысқарту, біршама орталықсыздандыру, Кеңестердің қызметін жандандыру іс-шаралары. Одақтас республикалар құқықтарының кеңеюі. Қазақ жастарының бейресми студенттік үйымының пайда болуы («Жас тұлпар» және т.б.). Қазақ оралмандарының Қазақстанға оралуы (1955-1959, 1962 жж.). Ядролық сынақтарды шектеу тураы Мәскеу келісімі. Демократиялық қайта құрулардың тиянақсыздығы мен жартыкештігі. Н.С.Хрущевтің асыра сілтеушілік іс-әрекеттері. КОКП‑нің үшінші бағдарламасында көрініс алған «дамыған коммунизмнің құрылысына» беталыс. Одақтық және республикалық (Қазақстандық) басшылықтың арасындағы түсінісе алмаушылықтардың қиындығы. Территориялық дауларды шешудегі қайшылықтар. Н.С.Хрущевтің биліктен кетуі. Билік басына Л.И.Брежневтің жақтастарының келуі.
8.4 1953-1964 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: алғышарттары, барысы, маңызы, нәтижелері мен салдары. Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы. Қала құрушы өндірістің және жаңа қалалардың қалыптасуы. Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және халық шаруашылығын химияландыру бағыты. Өнеркәсіптің жаңа салаларының және өндірістік технологиялардың пайда болуы. Байқоңыр космодромының құрылысы. Ғарышты игерудің басталуы. 1957 ж. өнеркәсіп және құрылысты басқару реформасы. Салалық министрліктерді тарату және совнархоздардың пайда болуы (халық шаруашылығын басқарудың территориялық принципі). Әкімшілік әдістен экономикалық тәсілге өту ұмтылысы. Ауыл шаруашылығын реформалауға бет алу. КОКП Орталық Комитетінің қыркүйектегі (1953 ж.) алқалық мәжілісі және оның шешімдері: ауыл щаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын көтеру, ауыл шаруашылығы салықтарын азайту және т.б. Ұжымшар шаруаларының жағдайының жеңілдетілуі. Астық проблемалары және оларды шешу шаралары. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру. «Тыңайтудың» нәтижесі, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық салдары. Н.Ә. Назарбаев «Көтерілген тың – достық пен жасампаздықтың символы» (2004 ж.). Машина-трактор станцияларының қайта құрылуы (МТС). Колхоздардың іріленуі және совхоз құрылысы. Жеке шаруашылықтардың дамуына шек койылуы. Қазақстанға миграциялық лектің күшеюі. Халық саны мен құрамының өзгеріске ұшырауы. Халықтың урбандалу үрдісінің өсуі. Әлеуметтік бағдарламалар, олардың іске асуы және нәтижелері. Халықтың әл-ауқатын көтеру саласындағы оң өзгерістер (тұрғын үй –коммуналдық құрылыс, халық тұтынатын тауарлар өндірісінің кеңеюі және т.б.). Азаматтардың еңбек құқықтарының кеңеюі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс күні ұзақтығының қысқартылуы. Мемлекеттік зейнетақы туралы Заң.
8.5 1946-1970 жж. Қазақстан білімі, ғылымы, әдебиет пен өнерінің дамуы. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім, ғылым және әдебиеттің дамуындағы жетістіктер. Білім жүйесінің жетістіктері. Жаңа жоғары оқу орындарының ашылуы (Қарағанды политехникалық, Өскемен құрылыс-жол, Семей мал дәрігерліе, Қарағанды және Ақтөбе медицина және бірнеше педагогикалық институттар). 50-жылдардың басында міндетті жеті жылдық білім беру жүйесіне көшу. 1958 ж. мектеп реформасы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйксінің дамуы. Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы (1946 ж.). Геология-жағрапия ғылымдары, техника және химия технологиясы ғылымдары, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшелерінің ашылуы. Астрономиялық обсерваторияның салынуы (1946-1952 жж.). Ғылыми интеллигенцияның саны мен құрамының өзгеруі. Ғылыми кадрлар даярлауда жіберілген олқылықтар. Қазақ музыка өнерінің дамуы. Композиторлар А. Жұбанов пен Л. Хамиди ( «Абай» операсы), Е. Брусиловский мен М. Төлебаев ( «Амангелді» операсы) , М. Төлебаев («Біржан-Сара» операсы) творчествосы. Театр өнерінің майталмандары: Қ. Бадыров, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Ш. Айманов, Х. Бөкеева және т.б. Әдебиет дамуындағы жетістіктер: М. Әуезов («Абай жолының» екінші кітабы), С. Мұқанов («Сырдария»), Ғ. Мұстафин («Миллионер»), Т. Жароков, И. Шуховтың шығармалары.

9 1965 – 1991жж. ҚАЗАҚСТАН


9.1 1965 ж. экономикалық реформалар: себебі, сипаты, мазмұны. А.Н.Косыгин – шаруашылық реформаларды бастаушы. инициатор хозяйственных реформ. 1965 ж. наурызындағы КОКП Орталық Комитетінің Пленумы ауыл шаруашылығын басқару жүйесін жетілдіру, ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандыру негізінде ауыл шаруашылығын реформалау, ауыл шаруашылық өндірісін дамыту. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын өсіру. КОКП Орталық Комитетінің 1965 ж. қыркүйек Пленумы өнеркәсіпті басқаруды жақсарту, жоспарлауды жетілдіру және өнеркәсіптік өндірісті экономикалық ынталандыру незінде дамыту туралы. Реформаның жүзеге асырылуы, оның маңызы. Сегізінші, «алтын» бесжылдық жылдары экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны (1966-1970 жж.). Реформаның ғылыми-техникалық прогреске ықпалы. Экономикалық дамудың интенсивті жолына өтуге талпыныстар. Экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Реформалардың тоқтап қалуының себептері


9.2 ХХ ғ. 70-80-ші жж. жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының сақталуы. Машина жасау, химия өнеркәсібінің дамуы (Қазақ газ өңдеу зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдей зауыттары, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты). Қазақстан өнеркәсібінің тең жартысының одақтық министрліктерге бағынуы – орталықтың билеп-төстеуінің орнатылуы. Республика мұддесінің ескерілмеуі, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда туындаған қиыншылықтар. Семей полигоны. Арал трагедиясы. Экономиканы директивалық әдіспен басқару. Экономиканы әміршіл-әміршіл басқару әдісінің материалдық ынталандыруды жоққа шығаруы, мемлекеттік меншіктің үстемдігі. Ауыл шаруашылығының шығынының артуы. Мал шаруашылығының кіріссіз болуы, мал санының азая бастауы. 1981-1985 жж. – КСРО дүние жүзіндегі ең ірі азық-түлік сатып алушы мемлекет. Халықтың нақты табысының төмендеуі. Халық тұтынатын тауарлардың тапшылығы.
9.3 ХХ ғ. 60-80 жж. бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. КОКП ОК 1964 ж. қазан Пленумынан кейінгі кездегі саясаттағы өзгерістер. «Дамыған социализм» концепциясы. 1977 ж. КСРО Коснтитуциясы. Қазақ КСР-нің Коснтитуциясының қабылдануы (1978ж.). Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттері. Қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілуі. О. Сүлейменовтың «АзиЯ» кітабына тыйым салынуы. Идеологиялық қысымның күшеюі. 1979 ж. Целиноград оқиғасы. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі (1979 ж.). АҚШ-тың КСРО-ға астық сатуға тыйым салуы. Мәскеу олимпиадасына (1980 ж.) бойкот жариялануы.
«Қайта құру» алдындағы қоғам:Ю.В.Андропов, К.У.Черненко.
9.4 Д.А.Қонаев – Кеңестік Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері. Өмірінің балалық шағы. Мәскеу түсті металдар мен алтын институтында білім алуы. Еңбек жолының басталуы: Прибалхашстрой, «Алтайполиметалл» комбинаты, Лениногор кен басқармасындағы қызметі. Д.А. Қонаев – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, ССР (1942-1952 жж.), Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті (1952-1955 жж.), Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы (1955-1960, 1962-1964 гг.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962, 1964-1986 гг.). Д.А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінен кетуі. Д.А. Қонаевтың мемлекеттік және саяси қызметінің нәтижелері.
9.5 ХХ ғ. 60-80 жж. Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту саласы. Жалпыға міндетті орта білімге көшу. Кәсіптік-техникалық білім беру. Орта арнайы және жоғары оқу орындарынының дамуы. Халық ағарту жүйесіндегі келеңсіз жағдайлар: мектептердің және балабақшалардың жетіспеушілігі, олардың материалдық базасының, мұғалімдердің еңбек жағдайларының нашарлығы. Қазақ әдебиеті (Ғ. Мустафин «Дауылдан кейін», Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер», Х. Есенжанов «Ақ жайық» романдары). Жазушылардың жаңа легі (Ш. Мұртаза, Т. Ахтанов, О. Бөкей, Ә. Кекілбаев т.б.). Қазақ поэзиясы (М. Мақатаев, Ж. Молдағалиев, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев т.б.). Қаза киносы («Атаманның ақыры», «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Алдаркөсе», «Трассібір экспресі» т.б.). Кинорежиссерлер Ш. Айманов, С. Қожықов, А. Қарсақбаев. Тетар өнерінің майталмандары: А. Әшімов, Ф. Шарипов, Б. Римова, М. Бақтыгереев, Ы. Ноғайбаев, Ә. Молдабеокв, С. Майқанова. Суретші Г. Исмаилова. Орындаушылық өнердің дамуы (Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ж. Омарова, Р. Жаманова). «Гүлдер», «Досмұқасан» ансамбльдерінің құрылуы. Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова.
9.6 Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.). 1986 ж. Алматыдағы желиоқсан оқиғалары және оған саяси баға. М.С.Горбачевтің билікке келуі. Қоғам өмірін барлық жақтарын түбегейлі өзгертуге талпыныстар. «Қайт құрудың» алғашқы кезеңі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету концепциясы және оның сәтсіздікке ұшырауы. Кооперацияны, жеке еңбек қызметін, еңбек ұжымдарының өзін-өзі басқаруын дамыту шаралары. Экономиканың құрылымн өзгерту қиындықтары.
Республикалардың өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі қаржыландыруын енгізу әрекеттері. Экономикалық реформалардың жартыкештігі және олардың сәтсіздігі. 90-жж. экономикадағы дағдарыстық жағдайлар. Нарықтық экономикаға өту ұшін жасалған алғашқы қадамдар. Республика басшылығының ауыстырылуы. Д.А. Қонаевтің биліктен кетуі. 1986 ж. Алматыдағы желиоқсан оқиғалары, оның себептері сен салдары.Желтоқсан оқиғаларына саяси баға беру. Жариялылық және қоғам өмірін демократияландыру бағыты. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ақтау. «Бес арыс». Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен топтардың құрылуы. «Невада – Семей» қозғалысы. «Қазақ КСР-нің тілдер туралы» Заңы (1989 ж.). Саяси жүйені реформалау. КСРО Халық депутаттарының съезі. КСРО Президентін сайлау. Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің енгізілуіғ Н. Назарбаевтың Қазақ КСР-нің Президенті болып сайлануы. Көппартиялық жүйенің қалыптаса бастауы. Ұлтаралық қарым-қатынастырдың шиеленісуі. КСРО‑ің құрылымн өзгертуге бағытталған әрекеттер. «Новоогарев үрдісі». 1991 ж. тамыз бүлігі. ТЖМК құрылуы және жойылуы. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Қазақстан Компартиясының таратылуы. «Қайта құру» саясатының сәтсіздікке ұшырауы.

10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ


10.1 «Қазақ КСР-нің егеменділігі туралы Декларациясы». КСРО-ның құлауы және ТМД-ның. «Қазақ КСР-нің егеменділігі туралы Декларациясының» қабылдануы (1990 жылдың 25 қазаны). «Егеменділік шеруі». Одақтық мемлекеттің тағдыры жөніндегі референдум. Жаңа Одақтық Шартты құрастыру және оған қол қою үшін күрес. Ново Огарев үрдісінің сәтсіздігі. Ресей, Украина және Белоруссия басшыларының Тәуелсіз Елдер Достастығын (ТМД) құру туралы Беловеж келісімі. КСРО-ның ыдырау себептері. Қазақстанда алғашқы Бүкілхалықтық Президент сайлауы (1991 ж. 1 желтоқсаны). Казақ КСР-нің атауының Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі (1991 ж. 10 желтоқсаны). 1986 ж. желтоқсан оқиғаларына жаңаша баға беру және оған қатысушыларды ақтау. Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабад кездесуі.


`10.2 Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң (1991 ж. 16 желтоқсаны): ҚР сипаттамасы, мемлекеттік басқару органдары, халқы мен азаматтары, мемлекеттің экономикалық негізі, мемлекеттік тәуілсіздікті қорғау.
«Алматы Декларациясына» қол қою (1991 ж. 21 желтоқсаны). Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж.). Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылуы. Құқық қорғау органдары (сот, прокуратура, полиция, қауіпсіздік аранйы қызметі).
10.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі. Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік елтаңбаның қабылдануы(1992 ж.), олардың авторлары және сипаттамасы. Қазақстанның Мемлекеттік әнұранының бекітілуі(1992 ж.). ҚР жаңа Мемлекеттік әнұранының бекітілуі (2006 ж.). Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі және оның бұзғаны үшін жауапкершілі.
10.4 Қазақстан Республикасының 1993 ж. Конституциясы. 1995 ж. Конституцияның қабылдануы. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерін қалыптастыру. 1993 ж. алғашқы Конституция, оның негізгі принциптері. 1995 ж. наурызындағы саяси дағдарыс және оның салдары. Жоғарғы Кеңестің таратылуы. Президент Н. Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 ж. 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі референдум (1995 ж. сәуірі) . 1995 ж. 30 тамызындағы республикалық референдум, ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы. Ата Заңда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру мәселелері. ҚР мемлекеттік құрылымы және басқару түрлері. Президент, Парламент, Үкімет – Қазақстанның саяси жүйесінің құрамдас бөліктері. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару. Қос палаталы Парламетке сайлау. ҚР Коснтитуциясына 1998 ж. 7 қазанында, 2007 ж. 21 мамырында, 2011 ж. 2 ақпанында енгізілген өзгерістер мен қосымшалар. Парламент Мәжілісіне сайлаудың пропорционалдық жүйесінің енгізілуі.
10.5 Астана – ҚР жаңа астанасы. Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілуі. Н. Назарбаев – астананы көшіру идеясының авторы. «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Президент Жарлығы (1995 ж. қыркүйегі). Мемлекеттік мекемелерді Астанаға көшіру Комиссиясының құрылуы. «Ақмола қаласын Қазақстан Респубоикасының астанасы деп жариялау туралы» Президент Жарлығы (1997 ж. қазаны). 1997 ж. 10 желтоқсанында Қазақстан халқына үндеуі. Ақмола атауының Астана болфп өзгертілуі. Астананың халықаралық тұсаукесері. Қазақстанның жаңа астанасының өмірі. Астананың тұрақты дамуының 2030 ж. дейінгі стратегиялық жоспары.
10.6 Н.Ә.Назарбаев – мемлекет және саяси қайраткер, ҚР тұңғыш Президенті. Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және саяси карьерасы. Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989 жж.). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірініші хатшысы (1898-1991 жж.). Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Президенті болып сайлануы, оның саяси қызметі. Н.Ә.Назарбаевтың «Елбасы» ресми титулының бекітілуі (2010 ж. 15 маусымы). Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен халыққа Жолдаулары.

11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ


11.1 Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты, әдістері, нәтижелері. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту. Нарықтық реформалардың кезеңдері, олардың негізгі бағыттары: жекешелендіру, оның кезеңдері, түрлері, әдістері, ерекшеліктері мен нәтижелері; бағаның босатылуы; инвестициялық саясат. Ұлттық валютаның енгізілуі (1993 ж. қараша). Тұрғын үйді жекешелендіру. Кәсіпкерліктің дамуы. Шетел инвестицияларын тарту. Ірі өнеіркәсіп орындарының акционерленуі, олардың шетел компанияларына берілуі. Банк жүйесін реформалау. Ауыл шаруашылығын қайта құру. Дағдарысқа қарсы бағдарламалардың қабылдануы, ақша-несие саясаты. Өтпелі кезең қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, жоғары инфляция, бюджет тапшылығы, әлеуметтік шиеленіс, әл-ауқаттың төмендеуң, жұмыссыздық. Қылмыстың өсуі т.б. Реформа банковской системы. Реорганизация сельского хозяйства. Жаһанданудың ұлттық экономикаға ықпалы. Нарықтық қайта құрулардың нәтижелері.


11.2 XXI ғ. басындағы Қазақстан экономикасының жағдайы. Ғасыр басындағы Қазақстан экономикасының жағдайы. Республика экономикасының негізгі салалары: өнеркәсіп, тұрғын үй-құрылыс кешені, аграрлық сектор, көлік және байланыс. Қазақстан экономикасының даму бағыттары: экономика дамуының кластерлік принципі, қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуі, инвестициялық, салықтық, аграрлы-индустриалдық саясат. Шетел инвестицияларын тарту. Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштері: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), мемлекеттің қарызы, инфляция, импорт, экспорт, жұмыссыздық деңгейі. Теңгенің құнсыздануы: себептері және салдары. ҚР сыртқы экономикалық байланыстары. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі. Әлемдік экономикалық дағдарыс және одан шығу жолдары. Қазақстандық экономика моделі. Индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы. «Қазақстан 2050» Cтратегиялық жоспарының ,басым бағыттары. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты. «100 нақты қадам» бес институтционалды реформалар Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде экономиканы реформалау бағыттары.
11.3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала ж»не әлеуметтік реформалар.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет