Оқыту жүйелері Басқару жүйелері Іздеу жүйелері САПР Бағалау жүйелері
Ақпараттық-құқықтық жүйелер
Ақпараттық жүйе түрлері
Геоақпараттық жүйелер
Экономикалық-қаржылық жүйелер
Техникалық-жобалау жүйелері
Ғылыми-техникалық жүйелер
Оқу-білімдік жүйелер
Ақпараттық өндіріс
Ақпараттық өндіріс – ақпараттық технологияларды пайдаланып ақпараттық товарлар мен қызметтерді өндіру. Ақпараттық өндіріс есептегіш техника мен ақпаратты да өндіреді.
Ақпараттық технология деген нақты техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы, оның көмегімен біз өміріміз бен қызметтің барлық салаларында түрлі ақпараттарды өңдеу амалдарын орындай аламыз. Ақпараттық технологияны басқаша компьютерлік технология немесе қолданбалы информатика деп атайды.
Ақпараттық технологиялардың түрлері
Информатикада еңбек құралы ретінде есептегіш техниканың аппараттық және бағдарламалық құралдары қолданылады, ал шикізат ретінде – ақпарат тасымалдағыштар мен деректердің құрылымдары пайдаланылады.
Ақпараттық технология – ақпараттық процесс, оның нәтижесінде ақпараттық өнім жасалады. Коммуникациялық технологиялар да – ақпараттық процесс, мұның нәтижесінде ақпаратты тасымалдау мен алмасу жүзеге асады. Мысалы, электрондық құжат айналымы, деректер қоры технологиялары, коммуникациялық технологиялар, бағдарламалау технологиялары, компьютерлік графика технологиялары және т.б.