Қазіргі замандағы ақпараттық төңкеріс


барлық салаларына еніп, дүниежүзілік үрдіс



бет2/5
Дата16.06.2023
өлшемі5,03 Mb.
#178864
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәдени-тынығу жұмысындағы ақпараттық технологиялар практикумы 2

барлық салаларына еніп, дүниежүзілік үрдіс
болып қалыптасты;
  • Адамзат өркениетінің біртұтас ақпараттық

  • кеңістігі қалыптасуда;
  • Қоғамды басқарудың және қоршаған ортаны

  • қорғаудың ақпараттық-адамгершіліктік
    қағидалары орнатылуда.

    Ақпараттық мәдениет


    Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өңдеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологияларды, техникалық құрал-саймандар мен әдістерді пайдалана білу.
    Ақпарат ағынында еркін бағыт-бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі адам ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ол жалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады. Ақпараттық мәдениет адамның әлеуметтік табиғатымен байланысты. Ол адамның түрлі жасампаздық қабілеттерінің өнімі болып табылады және әр түрде байқалады:

    Ақпараттық мәдениеттің байқалуы

    • Техникалық құралдарды қолдану дағдыларымен;
    • Өз қызметінде компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалану қабілетінен;
    • Түрлі көздерден ақпарат ала білуі: БАҚ-тан ғана емес, электрондық коммуникациялық құралдардан да, оны түсінікті түрде тиімді пайдалана білуі;
    • Ақпаратты талдап, сараптау әдістерін меңгергендігімен;
    • Ақпараттың әр түрімен жұмыс істей білу дағдыларымен;
    • Өз қызмет саласындағы ақпарат ағынының ерекшеліктерін жақсы білуімен.

    Ақпараттық процестер

    Ақпараттық процестер – ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және тасымалдау әрекеттері.

    Ақпараттық процесс – ақпаратпен жүргізілетін әрекеттер тізбегі (деректер түрінде, мәліметтер, идеялар, болжамдар, теориялар және т.б.), бұл әрекеттер белгілі бір нәтижелерге жету үшін жасалады. Ақпараттық процестердің негізгі нысаны және өнімі - ақпарат. Ақпараттық процестер әрқашан белгілі бір жүйелерде жүреді (қоғамдық, әлеуметтік, техникалық, биологиялық және т.б.).



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет