«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет110/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-
1846. 
2. «Педагогика». Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Алматы. 2002 ж. 254-269 б. 
3. «Педагогика». Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Дарын. Алматы -2004 ж. 180 б. 
4. «Этнопедагогика». З.Ә. Әбілова. Алматы. 1997 ж. 
5. «Қазақ тәнім – тәрбиесі». Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Алматы. «Санат». 1995 ж. 21-22 
бет. 
6. Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбие. Әдібай Табылдиев. Алматы. «Қазақ 
университеті».2003 ж.
 
 
 
ЖАҢА ЗАМАНДА-ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
Мизан Салтанат 
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
№21 КММ Осакаров ауданы,Сарыөзек ауылы
 
Қазіргі қоғам мұқтажына сай қойылатын талап- қоғамнан, өмірден өз орнын еркімен
таңдай алатын, еркін ойлау қабілеті бар,істің нәтижесін болжай алатын,білімді жеке
тұлға тәрбиелеу. 
Бұл ұстаздар қауымының алдана қойған үлкен міндет.Ұстаздың шығармашылығы 
өзінің жеке шығармашылық қабілетін танып,білуден басталады,өйткені оқыту мен
тәрбиелеу ісі өзіне тән өнер. 
Инновациялық үдеріс жүрмейінше білім беру орындарының дамуы жүзеге 
аспайды.Ұстаз-ұлы ұғым.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай,еліміздің ертеңгі 
болашағы – жас жеткіншектердің тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз 
еңбегі әрқашан да шынайы құрметке ие. 
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану 
қажет не қажет еместігін талқылауды қажет етпейді. Қазіргі таңда ұстаздардың алдында
тұрған 
міндет:оқушылардың 
табиғи 
мүмкіндіктері 
мен 
қабілеттерін
дамыту,қызығушылықтарын арттыру,дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен
қажетті білім қорын жинақтаған,өз алдына белсенді шығармашылық әрекет жасауға
қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу. 
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-
әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. 
Ғылыми ақпараттар ағымының жедел қарқынмен өсуі,жалпы білім беретін мектеп
оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу
мен оқытуды талап етеді.


263 
263 
Оқушының ұғым түсінігі,танымы тиісті дәрежеде өзіндік іс-әрекетке айналып, оны
өз өмірінде пайдалана білуге жол ашады. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – 
бүгінгі мектеп оқушылары, педагог оны қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. 
Сондықтан әр бір педагог жинақтаған тәжірибелерін ертеңгі күні өз жұмысына 
пайдалану үшін кәсіби білім беруде жаңа педагогикалық технологиялармен сабақ
жүргізудің маңызын білу керек. 
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін педагог өз ойын, іс-әрекетін жүйелі түрде
жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік
тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім
болуы тиіс. 
Мен өз іс тәжірибемде қазақ тіл сабағында деңгейлеп оқыту,ойын арқылы оқыту, 
сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын. Бұл әдістер арқылы оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы артады, білім алуы жеңілдейді, сабақтың сапасы көтеріледі. 
Мәселен, ойын технологиясы ол дағдыларды қалыптастырады, тиянақтайды, бекітеді 
немесе тексеру болып табылады. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде ,өтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез келген сәтінде
оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланауға болады. 
Түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,түрлі көрнекіліктер, тірек 
сызбалар пайдаланып, уақытты жеткілікті ,әрі тиімді қолданамын. 
Жалпы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша мен өз тәжірибемде деңгейлеп оқыту, 
сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы көп жетістікке жеттім. 
Бұл әдістерді қолдана отырып біз әлемдегі бәсекелестікте табысқа жету үшін күшті
білімді, мәдениетті,ойы ұшқыр, еліміздің келешегін ойлайтын, дарынды, өзіне сенетін жеке 
тұлға қалыптастырамыз деп ойлаймын. 
Біздің мектепте оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды. 
Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен
мүмкіндігінше пайдалана алады. 
Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін қазақ тілі мен әдебиет
сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып,оқушылардың 
құзіреттілігін дамытуға болады.
Жаңа технолгиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ал, 
оқушының шығармашылық белсенділігін өзіндік танымдық қызыметін
ұйымдастырушы болады. 
Біздің мектеп оқушылары үшін интерактивтік тақта көмек ретінде көп септігін 
тигізеді, олар тақтада жазылған тапсырмалар бойынша оның шығарылуы және тақтада
сақталған шешім қосымша сабақтарда, сабақтан қалып қойған оқушыларға немесе дұрыс 
түсінбеген оқушылар өздері программаны ашып,қосып тапсырмаларды алып отырады. 
Ақпараттық технологиялар-адамдар білімін кеңейтетін және олардың техникалық, 
әлеуметтік үрдістерді басқару бойынша мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинаудың, 
ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің және жеткізудің әдістері мен техникалық 
құралдардың жиынтығы. 
Ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларды негізгі біліммен ғана қаруландырып 
қоймай, олардың бойында өз еңбегінің жалпы тәсілдері мен әдістерін пайдалану біліктерін 
қалыптастыру арқылы білімді меңгеруді қамтамасыз етеді. 
Ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастырылған өзіндік жұмыс тапсырмалары 
жекеленген фактілерді емес, әртүрлі проблемаларды шешуге бағытталған болады. Өзіндік 
жұмыстарды орындай отырып, оқушылар проблемаларды көруге және ойлап табуға, оларды 


264 
264 
өз бетімен шешуге үйренуі тиіс, ол үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан білім, білік
дағдыларын пайдаланып,соның негізінде алынған нәтижелерді тексергендері жөн. 
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өздерін 
белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. 
Ұстаз әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат 
жүйесін пайдалана білуі тиіс. 
XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. 
Ақпараттық технологиялар-бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, 
сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияның 
мүмкіндіктерін 
жан-жақты 
қолдану 
қабілеті. 
Ақпараттық 
технологияларды 
қалыптастырудың басты мақсаты-оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны 
қолдану білімдерін қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне 
еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 
Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында білім 
мекемесінің оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық-
коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың 
сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы 
қажет. 
Қазақ тілі сабағы тек тіл үйрену ғана емес, оқушыларғды жан-жақты шыңдау, 
тәрбиелеу сабағы. Сондықтан мен кәсіби шеберліктерін арттыру, бейімдеу мақсатында 
іскерлік шеберлігімді арттыру, бейімдеу мақсатында іскерлік ойындаройнату да өз жемісін 
берері анық деп есептеймін.
Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен 
сусындаған оқушы жастар. Сондықтан оқушыларға сапалы білім берудің тимді жолдарын 
ісдестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазіргі кезде бастауыш мектепте 
оқыту бағдарламасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, тәрбиелеудің, дамытудың жаңа 
мүмкіндіктері ашылуда. 
Мен қазақ тілі сабақтарында тірек белгілерін қолданамын. Тірек белгілері (сызбасы, 
сигналы) арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы 
төмендегідей: 
-білім, білік дағдыны қалыптастыру; 
-барлық баланы оқыту; 
-оқытуды жеңілдету. 
Ерешеліктері: 
-үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен 
оқыту, тіректі қолдану; 
-жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; 
-ізгілік, еркімен оқыту; 
-әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай 
жасау; 
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі. 
Бұлай іздендіре оқыту өз тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл қызметтің әрі теориялық, әрі 
практикалық мәні зор. Себебі мұнда сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін түсіндірмейміз, 
оқушыларға меңгерген білімін, практикалық дағдысын пайдаланып мәселені шешуді 
ұсынамыз.Бұл әдіс жоғарғы сынып оқушыларына өте тиімді.Оқушылардың өз-өзіне 
сенімділігі артып,ұстазбен ашық жарқын ойын жеткізе білуіне жол ашады. 
Оқытудың инновациялық технологиялары білімді әртүрлі формада, әртүрлі күрделі 
деңгейде ұйымдастыруға қажетті модульге тез арада қол жеткізуге, қолайлы жылдамдықпен 
бірнеше ретқайталап отыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялар 
табиғи және дәстүрлі жағдайда қол жетпейтін көрнекіліктерді қолдануға, мотивацияны 
жоғарылататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады. Жаңа ақпараттық 


265 
265 
технологияларды білім беру процесінде қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қол 
жеткізеді, себебі бұл потенциалдық мүмкіндік ақпараттық технологияның мәнінде жатыр.
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін бақылауда оқушылардың арасындағы 
көшбасшылық қасиеттерін анықтауға мүмкіншілік береді.
Қазақ тілі пәні бойынша білім беру барысында әртүрлі әдістерді қолдана отырып, 
оқушылардың білімі мен ойлау қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасаймын. 
Ойлау қабілеттерінің дамуы үшін мен үнемі сабақтарда логикалық ойындарды, шешімі 
күрделі тапсырмаларды ойлау ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды ұсынамын. Сабақта 
талантты және дарынды оқушыларды зеріктірмеуге әрекет жасаймын, ал қабылдауы төмен 
оқушыларды ағыннан шығармауға тырысамын.
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде 
туындайтын мәселелерді, өздігінен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау 
оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақты тұрғыдан кез келген жайтты талдауға, 
бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды.
Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге 
толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен 
айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен 
арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің 
пікірлерін ақиқат деп санамай, оларға күмәнмен қарайды, олардың артықшылықтары мен 
кемшіліктерін саралай біледі. 
Қорта келе мен өткізген сабақтарымда жаңа инновациялық технологияны 
қолдана отырып,оқушыларымның пәнге қызығушылығын арттырып, үлкен нәтижеге 
жете аламын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет