272
272
істері, мейірімділік пен жанашырлық танытуы оған күш сыйлағанмен бірдей."Өзін-өзі
тану"пәні- Адам тәрбиесімен айналысатын ілім. Адамды физиологиялық немесе интел-
лектуальдық жағынан дамытып қана қоймай, оның ішкі жан дүниесін
рухани
байытатын,заманауи қоғамда ой-өрісі кең,айналасындарға риясыз қызмет көрсетуге дайын
тұлға дайындайды. Бұл ойы мен сөзі бір жерден шыға-тын,жан дүниесі таза,өз-өзіне сенімді,
жүрегінде тыныштық орнаған адам тәрбиелейтін жанды білім.Ал,жанды білім білім беру
мәдениетінің ұшар биігінде
тұрып:
-адамды
шабыттандырады; -
жаңаша өмір сүруге жетелейді; -
ғылымдар көкжиегіне
шақырады; -
ойды жаңа ізденістерге
шоғырландырады; -
шығармашылық жетістіктерге
итермелейді; -
эволюциялық өсумен дамуды туындатады.
Рухани-адамгершілік білім тек баланы тәрбиелеп қана қоймай,баланы тәр-биелеуші
адамдарды да өзгертеді.Әр ата-ана мен педагогтың бойында "Ізгі ақыл" мен"Жылы
жүрек"қалыптастырары
анық.
Әр
адамның
жүрегінде
өмір
сүретін-
ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс әрекет,ішкі тыныштық, қиянат жасамау деген мәңгілік
құндылықтар күнделікті тіршілікте басты рөл атқарады.Ең
басты ішкі тыныштықтың
сақталуына қалған төрт құндылық қызмет жасайды.Халық даналығында "Адамның ішкі жан
дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады.Отбасында тыныштық
орнаса,қоғамда да тыныштық орнайды.Қоғам тыныш болса,мемлекет те де тыныштық
болады" деген пікір құр айтылмаса
керек.
Рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар бұлағы-халықта, отба-сында,олардың
өнерлерінде,әдет-ғұрпында.Әр адам адамгершілік,адами асыл қасиеттерді күнделікті
тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті
педагог
В.Сухомлинский "Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол да сондай бола алады",-
дейді. Демек,балаға жан-жақты терең білім бере отырып,оның жүрегіне адамгершіліктің
асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі ел тізгінін ұстар жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптас-уына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Осы орайда, жеке
тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі негізгі педагогикалық шарттар жүзеге
асырылады.
Біріншіден, кешенді түрде отбасы мен балабақшаның бірлігі арқылы бала-ның
дүниетанымын, мінез-құлқының жақсы жақтарын, білімге,еңбекке,өз-өзіне,басқаға
қатынасын қалыптастыру.
Екіншіден,мұғалім мен ата-ана беделінің өз деңгейінде бағалануын сақтай,
ж
еке
тұлғаны
жақсылыққа,қайырымдылыққа,мейірімділікке тәрбиелеуді мақсат ете тәрбие беру.
Үшіншіден,оқу-тәрбие жұмыстарының өмірмен тығыз байланысты бо-луына назар
адара, жеке тұлғаның қоғамдық ортада, ұжымдық қарым-қаты-наста өзін-өзі ұстау
дағдылары:ұстамдылыққа, бауырмалдыққа,өзара сый-ластыққа баулу.
Төртіншіден,
жеке
тұлғаның
құндылықты қабылдауында жас ерекшелігіне тығыз байланысты екенін назар аудара, оның
мінез-құлқының дамуына тәрбие-білім дәрежесіне көңіл бөлу.
Бесіншіден,тұлғаның
шығармашылық
қабілетін
дамыту
барысында
тұрақтылыққа,жігерлілікке еңбек нәтижесіне қол жеткізуге үйрету.
Алтыншыдан,
жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін қалыптастыруда қоршаған ортаға,еңбекке
қызығушылығын арттыра,ойлауын,қиялын жетіл-діруді көздеу.
Осы орайда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға рухани-адамгершілік тәр-бие беру
күнделікті оқу қызметі барысында білім саласының барлық бөлім-дерімен кіріктіріле жүзеге
асырылуда.Оқу қызметінің басында қолданылатын әдістемелік тәсіл - "Шаттық шеңберінің"
педагогикалық мәні зор.Әр бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын
сезінеді,өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады. Ал,"Өзіммен-өзім" тәсілі
баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне, эмоциясының,
жалпы рефлексияға
273
273
қабілеттерінің дамуын ынталандырады,әрі бұл тәсіл материалды жаңадан түсіну барысында
пайдаланылады.Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында педагогтың сөзімен
қатар,сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дауыстары және т.б.)
қолданылады."Жағдаяттар кезінде ойлану"- бала-лардың нақты өмірлік жағдаяттарды
бағалай білу қабілеттерін дамытуға,өзінің ойы мен ісіне,әрекеттеріне жауапкершілігін
қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл."Бейнематериалдар көру (фильмнен,
мультфильмнен, үзінділер және т.б.)"- оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда
ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген
материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді."Ән шырқайық,достар!"-
қосылып ән айтуды ұйғаратын тәсіл. Ән айту
балалардың сезімдерін сергітіп,көңіл-күйін
жадыратады.Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады."Сергіту сәті"-
шаршағанды ұмыттыруға,жалығуды болдырмауға,денеге түскен күшті төмендетуге қажетті
өзін-өзі тану сабақ-тарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке
ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі.Осы тәсілді қолдану топта жақсы
көңіл-күй тудырады,ұқыптылықты,реакция жылдамдығын дамытады,ұжымға топтасуға
ықпал етеді."Жүректен-жүрекке шеңбері"-әдетте,оқу қызметін аяқтайтын,бір-бірімен пікір
алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық
жай-күйін,олардың тақырыпты түсіну дәрежесін анықтауына мүмкіндік туғызатын
әдістемелік тәсіл. Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстаудың
дағдыларының нормалары,ұйымдағы қарым-қатынас
мәдениетінің
тұрақтылығын
қалыптастырады.Қорытындылай айтқанда, рухани-адамгершілік тәрбие жүйелі түрде
жүргізілетін екі жақты қарым-қатынас барысында қалыптасады. Бір жағынан ол үлкендердің,
яғни отбасында ата-ананың, балабақшада педагогтардың балаларға белсенді ықпалы,екінші
жағынан-тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан,сезімдері мен қарым-
қатынастарынан көрінеді. Жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру-
ата - ана мен педагогтың басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: