ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті
білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
2. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына
арналған бағдарлама. Алматы, 2006.
3. Визель. Т.Г. Аномалии речевого развития ребенка. – М.:1995.
4. Григорьева Г.Г., Кочетова Н.П., Сергеева Д.В. и др. – 4-е изд.,перераб. – М.:
Просвещение, 2001.-253 с.
5. Григорьева Г.Г., Груба Г.В. и др. Педагогика раннего возраста. – М.: 1998.
6. Доман Г.И. и др. Как развить интеллект ребенка. – М.: 1998.
7. Богина Т.Л., Казакова Т.Г., Тимофеева Е.А. и др. под ред. Годиной Г.Н., Пилюгиной
Э.Г.. М.: 1987. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста.
8. Васильева М.А. Программа воспитания и обучения в детском саду М.: 1985
277
277
ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ
РОЛІ
Жексенова Б.О.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Мекадилова С.К.
ЖММ «Болашақ» Академиясы
Қай елде болмасын өткен дәуір мәдениетінің жақсы дәстүрлерін сұрыптап алып, жаңа
мәдениетті қалыптастыруға пайдаланып келгені белгілі. Сондықтан халқымыздың сан-
салалы мәдени дәстүрлерін бүгінгі күн талабына сай жаңартып қолданудың пайдасы зор.
Қазақ халқының ежелгі мәдениетін теңіз десек, соның бір бастауы халық педагогикасы.
Осы бастаудың қайнар көзін жете пайдалансақ қазіргі педагогиканы біршама байытқан болар
едік.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай, біздің алдымызда «бабалардың
игі жолы салып кеткен дәстүрлерін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің
патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр.
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан – анасындай, отанның дегенін істеу
– қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты өлшеуге болмайды. Осы айтылғандар
халықтың асыл ойының түйіні, яғни мақал-мәтелдерден өзекті орын алған, мәселен, жас
ұрпаққа ел қадірін «Өз елің алтын бесігің», «Отан – оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды
тік» деген асыл сөздермен білдірген. Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, әлпештеп
өсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін, Отанын шын сүйетін батыр
етіп тәрбиелеуді көздеген халық өзінің өлең-жырларын, аңыз әңгімелерін осы тақырыпқа
арнаған.
Қазақтың патриоттық-отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың
сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр
мәдениетінің көрінісі. Осыларды ойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық-
отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін
қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш жігерімен ақыл қайратын жұмсап, отаншыл
азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты болып жатқан
жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты
білім беру жүйесінде оқушылармен патриоттық тәрбиені дамыту басты мақсат болып отыр.
Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі - өркениетті,
прогресшіл бағыттағы азаматтық, патриоттық қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін
жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең
білімді ұрпақ тәрбиелеу [1].
Мораль нормалары балалардың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана
патриоттық субъектісіне айналады.
Л.Х.Салимованың айтуынша, патриоттық тәрбие – жеткіншектердің патриоттық
нормалар мен ережелерді меңгеруге, оларда патриоттық сезімдерді дамытуға, патриоттық
сана мен сезімдерді қалыптастыруға, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, іскерліктерді
шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдіс. Бұл үрдістің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның
өзін өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі [2].
278
278
Жеке тұлғаның патриоттық дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы
қалыптасады. Тәрбие тұлғаның өз мінез-құлқының патриоттық жақтарын саналы түсінуін
қамтамасыз етеді.
Патриоттық тәрбие берудің маңызды педагогикалық міндеттері –жастардың белсенді
өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін,
патриоттық нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру. Ол тұлғаның жеке
басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы тұлғаның ата-
анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге
жан-жақты тәрбиені патриоттық тәрбие беруден бастайды. Себебі бұл оның патриоттық
сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.
Қазақстан Республикасы ұлттық энциклопедиясында патриоттық тәрбие ұғымына
былай анықтама берілген: «Патриоттық тәрбие – адам бойындағы гуманистік құндылық,
отаншылдық», «кісілік», «ізгілік», «рух» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың
дүниетанымды мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-
құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей патриоттық белгілерін атап өтуге
болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық,
ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық және т.б.
Бүгінгі әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни патриоттық
тәрбиенің шешуші фактор болуы заңдылық.
Адам тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:
-
өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты
шәкірттерді тәрбиелеу;
-
тұлғаның бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
-
тұлғаның санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
-
Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін
күшейту;
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне,
қызығушылығына лайықты жасалады.
Патриоттық тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру
барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады [3].
Патриоттық жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке
дейінгі жаста баланың бастапқы патриоттық сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең
қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-
құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-
қатынастарында көзге түседі.
Сайып келгенде, патриоттық тәрбие үзіліссіз жүргізілетін үрдіс. Ол адамның өмірге
келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны тұлғаның жеке бас
қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.
Қазақ энциклопедиясында «патриоттық тәрбие – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсері мен
моральдық сананы қалыптастыратын, этикалық білімділікті, патриоттық сезімді дамытудың
сара жолы» деп ұғындырылады.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің
ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі
мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте
қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді
279
279
терең оқытуға тырысса да, патриоттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді.
Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің
не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын
қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Сондықтан білім беру жуйесінің негізін оқушылардың рухани-патриоттық тұрғысынан
кемелденуіне назар аудару қажет. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын
адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі мен берер тәлім-тәрбиесі мол болмақ. Ал оның
бәрі адамның бойында жас кезінен бастап қаланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс
бағыт алып, бағдарын ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары
көбейіп, сапасы арта түседі.
Патриоттық құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды рөл атқарады. Ұлттық
тәрбиенің қажеттілігі мен күрделілігін ұғыну аса жауапкершілікті талап етеді. Ол әрбір ұрпақ
буындарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыруды қажетсінеді.
Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі – рух
немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс.
Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен орталығы, туған жеріне, тіліне, өскен
ортасына, мінез-құлқына , тарихи ұлттық дәстүрге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді
патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл
ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет [4].
Халқымыздың аса бай тарихы, ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыруды керек етеді.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және
батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет.
Тәрбие жүйесінің негізгі өзегі – тұлға, сондықтан оқытушы оның жеке дара
қабілеттерін дамыта отырып, әр сатыда оқитын жастар моделін болжайды.
Жастардың азаматтық білімі: қоғамның саяси жағдаяттарына дұрыс баға беру, тарихи
және саяси заңдылықтарды түсіне білу; жалпы адамзаттық құндылықтарды саналы
көзқараспен қабылдау; ғылым, техника, экономика, өнер мәселелерін қабылдау, талдау,
қолдану; оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс әдістерін меңгеру; дәстүрлі емес
тәсілдерді қолдану; алгоритм арқылы компьютермен жұмыс істеу.
Психологиялық қасиеттері: қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алу;
төтенше жағдаяттардан шыға білу; күнделікті өмірде кең түрде тіл табыса білу;
Этикалық сауаты: адамды сыйлай білу; өзінің және басқаның мүлкін күте білу; қоғамға
зиян келтірушілерге қатал болу; өз бойында жоғары саналық дарыту; басқаны тыңдай білу;
интеллигенциялық мәдениетті болу.
Эстетикалық мәдениет: ғылым, техника, өнер дамуының деңгейін білу; өзін рухани
байытуға ұмтылу; өнер қасиеттерін өз бойына дарыту: би, ән, сахналық өне қабілеттерін
үнемі дамыту.
Іскерлік қабілеттері: жоғары шығармашылықпен еңбек ету, жаңа озық талаптарды
қабылдау және қолдану, коммуникативтік қабілеттерді дамыту, жағдаяттарға байланысты
өзін ұстай білу.
Тәрбие жүйесінің тиімділігін осындай нәтиже жетістіктер арқылы ғана байқауға
болады.
Отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық
рухани құндылықтың бірі – ар-намыс. Бұл борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш.
Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс – қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік-
280
280
психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау
жүйесінің негізі болмақ. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын
айғағы ретінде ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Елін, жерін қорғаған батырларды
мадақтап жырға қосу арқылы жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа
тәрбиелеуге тырысқан.
Осыған орай жастарды патриотизмге тәрбиелеуге қатысты ғылыми-педагогикалық
әдебиеттермен ғұлама-ғалымдардың тарихи-философиялық еңбектеріне сүйене отырып,
рухани патриотизмге тәрбиелеу керек деген ойымызды тұжырымдаймыз.
Қоғамдағы жастарға патриоттық тәрбие беру сананы өз елі үшін мақтаныш сезімдерін
қалыптастыру, патриоттық жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы отанның мүдделерін
қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын
тәрбиелеу ретінде айқындалады [5].
Халқымыздың басты ерекшеліктерінің бірі – адам бойында ар мен намысты ерте
қалыптастыру, бала бойына сіңіру, сөйтіп оларды адам тіршілігінің, іс қимылдарының
өлшеуі ретінде қарау.
Бүгінде жастарымыздың бойынан патриоттық сезімнен нағыз ұлтжандықтан гөрі,
мендік патриотизмнің өріс алғанын байқаймыз. Яғни олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға
қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан
өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық
тәрбиесіне баулу керек. әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата
салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны –
байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар. Олардың адам
көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің
қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық
тәрбиенің қазіргі кездегі алатын орны ерекше.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік
белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық – адамгершілік, моралдық, еріктік,
еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып
табылады. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде қоғамымызда атқарылып жатқан
шаралардың бәрі олардың белсенділігінің айғағы болып табылады.
Елінің егемендігін, тәуелсіздігін қорғай алатын, Қазақстанды өркендететін, ұлттық
рухты, ұлттық тәрбиені бойына қалыптастырған, ел үшін намысшыл, нағыз патриоттар болу
үшін қоғамдағы жастарымыз, еңбекке және білімде өздерін жоғары көрсете білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |