«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ



Pdf көрінісі
бет219/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ 
Сусан Риза Жумабековна 
Экономика,бизнес және құқық колледжі ҚЭУҚ 
Білекті бірді, білімді мыңды жығады 
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі - білім. Білім - 
ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Осы уақыт ішінде елімізде оң 
өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. 
Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, 
бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, 
инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып 
отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту 
қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс 
қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылықтары тұлғанық, 
қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және 
мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын 
қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, 
қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін 
инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін 
қалыптастыру құралына айналуы тиіс. 
Ел болашағы — білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып 
жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру — ұстаздар қауымы на ортақ іс. Сондықтан 
ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегі мен оқыту әдістерін 
жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. 
Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін 
қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі 
қарай қалай ұш тастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге 
көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім 
мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын 
шешуші фактор — адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы 
қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ 
бойына игі қасиеттерді сіңіру — бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы. 
Бір кездері М.Жұмабаев: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті 
қанатты, Мен жастарға сенемін», - деп бекерден - бекер айтпаған болар. Сондықтан да жастар 
қоғам, халық ал- дындағы борышын, міндетін сезіне білуі қажет. Егеменді еліміздің ең басты 
мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты 
дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да 
сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім 
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге 
байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны 
жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам 
талабына сай білім мен тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-
педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Болашақта өркениеті 
дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған 


492 
492 
бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол — білім. Сондықтан 
қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру 
мәселесін қойып отыр. Инновациялық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты 
білімі қажет. Қазіргі мектеп мұғалімі: жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушымен тез 
тіл 
табыса 
алатын, 
білімді, 
шебер, 
іскер 
болуы 
тиіс. 
Әлемнің дамыған елдерінің көбі 80-жылдардың ортасында білім берудің жаңа типіне 
көшу керек деген қорытындыға келді. Ол білімнің санына емес, функционалдық 
сауаттылыққа негізделу керек болды. Яғни, адамның көп білуі маңызды емес, оның қолынан 
не келеді және білімін қалай пайдалана алады деген мәселеге назар аударылды. 
Білім саласы дамыған елдердің Финляндия, Сингапур, Жапония білім беру тәжірибелерін 
Қазақстан жағдайына бейімдеп, енгізудің маңызы зор болады деп білеміз.
Финляндияда білім беру жүйесіндегі реформалар XX ғасырдың 80-ші жылдары 
басталған екен. Осы жылдар аралығында білім беру жүйесі көптеген жетістіктерге қол 
жеткізіпті. Оның дәлелін Финляндияның зерттеулер нәтижесі бойынша 50 елдің ішінде 
бірінші орынға шыққанынан білдім. Бұл елдің мектептерінде міндетті оқу 9 жыл және 
барлық бала бірдей білім алады екен. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі (әртүрлі 
жетіспеушілігі немесе мүкістері) бар балалар да бірге білім алады. Олардың өздерін басқаша 
сезінуіне жол берілмейтіндігі маған ұнады. Мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасы 
достастыққа құрылды. Ата-аналар мен оқушылардың арасында мұғалім беделі ылғи да 
жоғары тұрады екен. Сондай-ақ қабілетті оқушылар сабақ үлгерімі төмен оқушыларға 
көмектеседі және ол әрқашан қолдау табады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп 
атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты 
міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа 
педагогикалық үдерістегі технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа 
міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім 
сапасын арттыру.
Инновациялық білім берудің дамуы оқу үдерісінің мазмұнына және 
ұйымдастыруына өзгеріс енгізуді талап етеді. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық 
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа 
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, 
азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің дамуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі 
дамытып, өзін-өзі жетілдіру оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі кезде инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі – 
жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, 
бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре 
білу қажет. 
Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және 
тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасай- ды. Инновациялық 
үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. 
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Дүние жүзіндегі инновациялық 
процестердің барлығы кез - келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін 
қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, 
мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге 
қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - 
техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» - ұғымымен тығыз байланыста 
болуды талап етеді. Инновациялық процесс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол 


493 
493 
идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі 
ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз 
қарамағына алады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше 
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның 
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами 
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай 
қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық 
технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа 
технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде 
қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Қорыта айтқанда, инновациялық 
технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен 
және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Дәстүрлі 
сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытудың бірден-
бір тиімдісі болып табылады. Жалпы дәстүрлі сабақ оқушылардың көзқарасын 
қалыптсатыруда өз шегінен шығармайды. Бұл жерде айта кеткен жөн сыныпта зерек балалар 
мен қатар шығармашылық және ойлау қабілеті төмен,өз бетінше жұмыс істеуге 
үйренбегендіктен уақытты бос өткізеді. 
Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың 
жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай 
болатын іскерлікті талап етеді.
1. Назаpбев H. “Қaзақстан — 2030” Баpлық қазақстандықтаpдың өсiп-өркeндеуі, 
қауiпсіздігі жәнe әл-aуқатының aртуы, Eл Пpезидентінің Қaзақстан хaлқына Жолдауы. 
Алматы: Білім, 1997ж. 
2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңы. 
3. Білім берудегі инновациялық технологиялар : Педагогикалық әдістемелік журналы 
«Білім берудегі менеджмент» / Г.М.Жусанбаева; №1, 2014.-134б 
4. 3.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін 
пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет