Әдебиеттер тізімі:
1. Жанпейісова М.М. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ақпараттандыру
инфрақұрылымын дамыту саласындағы шетел тәжірибесін сараптамалық шолу» - Алматы:
«ҰАО» АО, 2012
2. Жаңа оқу технологиясы. Алматы, 2002.
3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемелкеттік бағдармламасаы
4. Абдраманова Г.Б., Байзулдаева Г.О. Инновациялық технологияларжың білім берудегі
рөлі//Молодо» ученый. - 2015
503
503
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: ДАМУ
БАҒЫТТАРЫ, ТӘЖІРБИЕЛЕР, МӘСЕЛЕЛЕР.
Келдібек Балкерім Сейдуллақызы
«Бәйтерек» балабақшасы
Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын
үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп
өркендеуіне жақсы жол ашылары сөзсіз. Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық
бағыттардың дамып гүлденуі, білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған.
Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму тенденциясын былай суреттеуге болады:
Біріншіден,
ол Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған кездегі жүйелік
әлеуетіне сүйенеді;
Екіншіден
, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына сәйкес өзгеріп
отырады;
Үшіншіден
, білім саласында жаңа оқу құралдарын қалыптастырудың белсенді үрдісі
жүріп жатыр;
Төртіншіден
, білімнің экономикалық фундаменті өзгеруде;
Бесіншіден,
мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына
бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларының басым бағыттарын қалыптастырумен
шұғылданады.
ХХІ ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көпеген елдер әлеуметтік салада біршама
өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында
реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты
түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позизияны
қамтамасыз етуде білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-
ағарту саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда және
мемлекет басшыларының сөздерінде көрініс табуда. әлемдік қауымдастық өзінің жарқын
болашағын жаңа біліммен байланыстырады.
Кез келген мемлекетте білім беру жүйесі толық реформаланып болған жоқ және
болмайды да. Өйткені, заман талабына сай ол өз талаптарын да өзгерте бермек. Сондықтан
біздің еліміз де бұл үрдіске бар белсенділігімен қатысуға ат салысуда. Ал ол үшін шетелден
үлгі алмай болмайды деп ойлаймын.
12 жылдық мектепке көшуге байланысты жұртшылық арасында «Бір жыл қосқанда не
өзгереді? Бұл мемлекеттік бюджетке артық жүктеме түсіреді. Жеткеншек текке мектепте бір
жыл артық отырып қалады» деген секілді көптеген сұрақтар туындап, екі түрлі пікір пайда
болған еді. Ресми көзқарас 12 жылдық оқуды қолдады, ал бейтарап жұртшылық пікірі оған
қарсы болады. Осындай болашақты бағамдайтын маңызды үлкен шара мерзімді басылымдар
мен теледидар беттерінде, жиылыстар мен конференцияларда жан-жақты талқыланды.
Нәтижесінде Үкіметтің шешімімен «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы» қабылданды,
оған сәйкес оқу бағдарламалары мен байқау оқулықтары жазылып, эксперименттік
тексеруден өткізілуде.
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу мерзімін неліктен бір жылға ұзартуымыз
керек? Дүние жүзі елдері, атап айтсақ, барлық елдердің 80 пайызы 12 жылдық оқу жүйесімен
жүреді. Аса дамыған елдерде, Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канадада,
Германияда орта жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Италияда-12 жыл.
Шет елдерде біздің орта білім туралы құжатымыз-аттестатымыз танылмай отыр. Екіншіден,
шет ел мектептерінде 12-13 жылда оқитын білімді біз 11 жылға сиғызып береміз. Сондықтан
қазір 11 жыл оқитын балаларға оқу жүктемесі көп түседі. Жоғары сыныптарда, өз қалауымен
пәндерді таңдап оқу уақытын қоса есептегенде, оқушыға түсетін оқу жүктемесі 36 сағат емес,
504
504
41-42 сағатқа жетті. Егер 12 жылдық мектепке көшетін болсақ, оқу жүктемесі біршама
жеңілдейді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық
жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың
айырбасталуын, бейіндік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді.
Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас
мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен
информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта
аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі.
11-12
сыныптарда
әлеуметтік-гуманитарлық,
жаратылыстану-ғылыми
және
техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып
есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау
жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу мерзімі
көзделіп отыр.
Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім
алуын едәуір жоғары деңгейде жалғастыруы немесе еңбек рыногында өзінің орнын табуы
үшін құрылады. Бұл жерде мемлекеттің 12 жылдық ақысыз білім беруге кепіл болатынын
айту керек.
Тағы бір үлкен мәселе, ол 12 жылдық мектептердің құрылымы туралы. Дүниежүзі
елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім жүйесі мен мектеп үлгісі,
орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндің ішкі құрылымы бар. Мұны төмендегі
кестеден көруге болады.Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп үш сатыдан
тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі орта мектеп 3-6 жыл және жоғары орта мектеп 2-
4 жыл. Біздің елде 12 жылдық мектептердің бастауыш сатысы 4 жылдық болады деп шешілді.
Тарихи зерттеулер нәтижесі Қазақстанда әр кезеңде де мектептегі оқу мерзімінің жоғары
сатыдан ұзарып отырғанын көрсетеді. Ең алдымен, елімізде 4 жылдық бастауыш мектеп
құрылған. Содан кейін барып, екі сатылы 7 жылдық мектептер ашылған. Ал,соңғы 50 жылда
жалпы білім беретін мектептер 7 жылдықтан 8 жылдыққа ауысты, одан соң 9 жылдық, 10
жылдық, 11 жылдық мектептер құрылды. Бүгіндері ел алдына, оқу-білім қызметкерлері
алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәселесі қойылып отыр.
Соған сәйкес мақсат– бүгінгі білім беру үдерісінде заманауи оқыту технологияларын
қолданудың практикалық жағдайларын анықтау болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу
үшін қойылып отырған міндеттер:
1.Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттер
негізінде
заманауи
оқыту
технологияларын қолдануға қатысты теориялық мәселелерді анықтау;
2.Білім беру барысында заманауи оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктерін
анықтау.
3.Оқытуда заманауи оқыту технологияларын қолдану әдістемесін жасау. Сонымен,
заманауи оқыту технологиялары негізінде оқыту барысында оқушылар білімділігінің жоғары
нәтижесіне қол жеткізуге, олардың өз бетінше әрекет ету және өздігінен білім алу біліктерін
және дағдыларын тез аралықта қалыптастыруға, алған білімдерін проблемаларды тез шешуде
қолдануға және ақпаратты тез табуға, тез өзгеретін өмір жағдайларына икемделуге үйрету
мүмкіндіктері бар.
Білім беру саласындағы жаңашылдықтың кейбір мәселелері Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасының білім беру саласы өркениетті әлемнен өзіне лайық орын алу үшін адамзат
тәжірибесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді өз білім беру жүйесіне енгізе отырып, дамудың
жаңа сатыларына көтеріліп келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру
жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шаралардың маңызы зор. Біріншіден, оқыту
үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық
стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен зиякерлік мектептер табысты жұмыс
505
505
істеуде. Кәсіптік- техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.
Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып,барлық білім беру
мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын
арттырудың маңызы зор»[1],- деп атап көрсетіп, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім
орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отыр. Білім беру деңгейі экономикалық
және ғылыми-техникалық прогрестің ең жоғарғы көрсеткіші екені белгілі. Ол - мемлекет пен
қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің
бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің
дамуы үлкен ұлттық мәні бар міндет. Бүгінгі күннің негізгі міндеті қазіргі
зияткерлік(интеллектуалдық) талаптарға, әлемдік стандарттар мен еліміздің даму
стратегиясына сай келетін бәсекеге лайықты мамандарды дайындау. Білім стандарты - білім
беруде реформа жасау мен дамудың құралы. Стандарттың қамтитын мәселелері: уақыт пен
халық сұраныстарына сай білім берудің мазмұнын түбегейлі жаңарту; білім берудің
практикалық бағыттылығы және оның нәтижелерінің өмірлік қажеттілігі;алған білім мен
ептілікті тәжірибелік жұмысқа және күнделікті өмірде белсенді пайдалану. Білім стандартын
педагогтар бір мақсатпен яғни, елдің білімдік мүдделерін, оның даму сұраныстарын
қамтамасыз ету үшін жасайды. Қазақстан республикасының 2010-2020 жылдар
аралығындағы білім берудің Мемлекеттік Бағдарламасында көрсетілгендей, еліміз бүгінде
Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, адамның
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық Декларациясы, Болон
Декларациясы және т.б. халықаралық құжаттардың негізгі қатысушысы болып табылады.
Болон үрдісінің еліміз үшін ерекшеліктері мен басымдықтары бар екеніндігі белгілі. Болон
декларациясында 6 маңызды міндеттер көрсетілген, оларды шешу Еуропаның білім беру
саласында бірігуіне ықпал етті. Бұл - жоғары білім беру саласында жалпыға
түсінікті,салыстырмалы біліктілікті ендіру, екі сатылы жоғары білім жүйесіне көшу
(бакалавриат-магистратура); сынақ терминдері бірлігінде(кредит) еңбек сіңіргіштік бағасын
( курс, бағдарлама, жүктеме) енгізу; студенттер, оқытушылар мен әкімшілік басқару
тұлғаларының жұмылғыштығын арттыру; жоғары білімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету;
жоғары білім саласындағы біліктіліктер мен тиісті құжаттарды өзара тану; жоғары оқу
орнының автономиялығын қамтамасыз ету[2]. Еліміздің аталған үрдіске қосылуына
төмендегілер басты себептер деп есептеуге болады: - Қазақстанда білім беру жүйесі Кеңес
үкіметі тұсында қаланған, европалық түбірі бар; отандық жүйе үшін тарихи тұрғыда үлгі-
прототип қызметін атқарған сол бір жүйені өзгерту дұрыс әрі қисынды болып саналады;-
«Еуропаға жол» арнайы бағдарламасы негізінде еліміз 2010 жылы беделді еуропалық ұйым
ОБСЕ-ге төрағалық етті. Мұнда Еуроодақпен тауар айналымын жақсартады және сыртқы
экономикалық байланыс орнатады. Яғни, болашақта осы байланыстар, ең алдымен жоғары
білімі бар адамдармен жүзеге асырылады. Егер олардың білімдері сәйкес болса, байланыс
орнатып оны ұстап тұру ыңғайлы әрі нәтижелі болады. Бүгінде елімізде жоғары білім беру
жүйесін модернизациялаудың қарқынды процесі жүріп жатыр. Атап айтар болсақ: кадрларды
дайындаудың көпдеңгейлік жүйесін жүзеге асыру, білім беру қызметі спектрінің кеңейтілуі,
жаңа мамандықтардың пайда болуы, жоғары оқу орындарында құрылымдық қайта
құрылулардың жүргізілуі. Еліміздің ЖОО-ның Болон үрдісі стандарттарына толығымен өту
процесі жүзеге асырылып келеді. Мысал ретінде, жоғарғы білім берудегі құрылымдық
өзгертулерге бағытталған ҚР-ның «Ғылым туралы» Заңының қабылдануы. Білім беру
саясатының басты міндеттерінің бірі болып, зерттеу жұмысымен айналысатын
университеттерді құру туралы міндеттер қойылды. Сонымен қатар, жаһандық және
интеграциялық процестерден басқа білім беру жүйесінде гуманизация және білім берудің
гуманитаризациясы; білім беру диверсификациясы(білім беруге ықпал ететін жеке
секторлардың ықпалының күші), компьютерлендіру, ақпараттандыру және т.б. өзгерістер
жүргізілуде. Білім беру құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттық жіктеуішіне
сәйкес келтірілді. Елімізде 12 жылдық мектепті енгізу үшін жағдай жасалынып жатыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру қайта құрылды. Мамандарды дайындаудың үш деңгейі
506
506
енгізіліп жұмыс істеуде:бакалавр-магистр-PhD докторы. Білім беру сапасын бағалаудың
ұлттық жүйесі құрылды. Бұған тәуелсіз сырттан бағалаудың барлық элементтері кіреді
(лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ),
мемлекеттік аралық бақылау(МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б.). Сонымен
қатар, еліміздегі ғылымның дамуы төмендегідей 6 басым бағытқа шоғырланып отыр:
нанотехнологиялар мен жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен –
металлургиялық секторларға арналған технологиялар және олармен байланысты сервистік
салалар; ядролық технологиялар және жаңарған энергетика технологиялары; ақпараттық
және ғарыштық технологиялар; ұлттық идея тұрақты дамудың негізі ретінде. Жоғары білім
беру жүйесін реформалаудың алдағы жылдардағы негізгі мақсаты - экономиканың
инновациялық дамуға ықпалын тигізетін және бәсекеге қабілетті кадрлар дайындауды
қамтамасыз ететін жоғары білім беру сапасына қол жеткізу болып отыр. Бұл үшін мына
мәселелер жүзеге асыру ұсынылады: заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу, яғни
жоғары оқу орындарының сенімгерлік басқаруына олардың пайдалануындағы мемлекеттік
нысандарын беру жоспарлануда; ЖОО-да болашақ кәсіптік жұмысқа қабілеттілікті
анықтауға бағытталған қабылдау жүйесін енгізу қарастырылады; білім, ғылым және
инновациялық қызметтің интеграциясын жүзеге асыру үшін қолданбалы зерттеулерді
дамыту мен ғылыми зерттеулерді коммерциялауға жеке инвестициялар тарту,
магистратураға және PhD докторантурасына қосымша гранттар бөлу сияқты мемлекеттік-
жекеменшік әріптестіктің жаңа механизмдерін жасау қажет; жоғары оқу орындарында
ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру жүйесі құрылады. Бұл жүйеге ғылыми зертханалар,
технопарктер және коммерцияландыру орталықтары енетін болады[2].Жоғары білім жүйесін
реформалау нәтижесінде жоғарғы оқу орындарын басқарудың баламалы және тиімді жүйесі
қалыптастырылады, бұл оларға білімнің, ғылымның және инновациялық үштұғырлық
әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде білім саласы бойынша іске
асырылып жатқан реформалар және болашақта қолданылатын шаралардың барлығы дерлік
«Қазақстан 2050» Стратегиясын іске асыруға бағытталып отырғандығы белгілі. Ал ондағы
негізгі басымдық Қазақстанның адам ресурстарын дамыту болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахметова Г. Білім сапасын арттырудың кепілін мұғалімнің рухани жан дүниесінен
іздеу керек. Алаш айнасы. Алматы: 5 сәуір 2012 .-4б.
2. Жабелова Т.Е. Еуразиялық кеңістікте ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы
мәселелері . // Саясат-Policy № 5,2013.-18б
Достарыңызбен бөлісу: |