«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


«Жаңа педагогикалық технология» дегеніміз



Pdf көрінісі
бет223/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

«Жаңа педагогикалық технология» дегеніміз
- оқыту мен білім 
беруге бағытталған заманауи оқытудың әдістері мен тәсілдері және де заманауи 
технологиялар көмегімен жүзеге асатын жүйе. 
Жаңа педагогикалық технология 
мақсаты 
– оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін 
жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. 
1.
Ойын технологиясы
– оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде 
дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың 
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ 
тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың 
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. 
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы 
мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты 
еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа 
ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын 
көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, 
дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға 
пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. 
Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген 
сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды 


499 
499 
пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын 
балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай 
етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп 
жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана 
ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге 
толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және 
олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету 
мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас 
бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына 
байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден 
жетеді.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол 
арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, 
еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын 
элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында 
ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-
ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім 
сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау 
керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет