«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет277/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ойын арқылы оқыту 
технологиясының мақсаты дидактикалық тәрбиелік, 
дамытушылық, әлеметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшігі 
ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизімі жеке бастың өзіндік талап -талғамдарына 
сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 
көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да,еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. 
Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп 
қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын -
әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге 
құштарлығын арттырады.
Дамыта оқыту технологиясы
- баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында 
еркіндік,мақсаткерлік, ар - намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, 
белсенділік т.б. қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар мекетепке дейінгі мекемелерде 
инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру 
құралдарына: аудио, видио, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, 
мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен әдістемелік кешендер, инновациялық 
ақпарпараттық банк,инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген 
интерактивтік бағдарламалық білімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін 
векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай 
құралдардың бірі мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл 
жағдайда тәрбиеші әр оқу іс - әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған 
болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды 
пайдаланар еді. Бала бақша баласына мультимедилық оқулықтар біріншіден, балалардың 
қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін 
қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған 
таптырмас құрал болып табылады. Өйткені балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, 
ойыншықтарға, суреттерге, әсемдікке әуес болады. 
Мультимедиялық электронды оқытулар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде 
дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
 
Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактиканың ойындары және оның маңызы. 
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап 
тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі 
балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше 
сұрақтар қоюуына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың 
білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның 
мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән 


632 
632 
салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез 
жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде 
жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау 
білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы 
мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі 
мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, 
қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. 
Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын 
кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. барысында 
балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік 
алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын 
арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен 
тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте 
қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда 
өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды 
беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге 
деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда 
болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық 
ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің 
шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін 
ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау 
кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау 
балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата 
білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала 
қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық 
ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық 
ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, 
дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және 
тәрбиелік мазмұны болады. Ұсынылып отырған баяндамада балалардың математика пәніне 
қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының 
санға байланысты; сергіту сәттері, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің 
алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың 
тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды 
өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
Мектеп 
жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін 
математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін 
пайдалануға болады: 1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық 
қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып 
білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. 
Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, 
тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды 
түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты 
бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, 
зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Біз жоғарыда айтылған мақсаттарды 


633 
633 
шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математикалық түсініктерін 
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың топтамаларын ұсынамыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет