«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет280/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

«Кеңістік»
Мақсаты
: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, 
қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді 
таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға 
салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.
«Жоғарыда-төменде»
Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, 
қиялды дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап 
үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде 
жүзеді. 
 «Тәулік бөліктері »
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, 
ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін 
айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
«Сипаттамасы бойынша тап
»
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір 
ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, 
ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл 
қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс 
шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.


635 
635 
Қорытынды:
Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі 
бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық 
ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді 
өткен кезде шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің 
ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды 
нәтижелі қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі 
дидактикалық принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, 
тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай 
орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншық 
кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-
ақ, ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады. 
Ойын арқылы балаларды геометриялық пішіндердің ортақ белгілері (дөңгелектенген, 
бұрышты) бойынша біріктіру туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырамыз. Уақытты 
бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері, апта күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы 
санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамыз. Бұл арқылы баланың 
ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет