МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР Сергазиева Бибинур Коныртаевна
«Бәйтерек»балабақшасының
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани
тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның
туған кезінен басталуы керек.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде мектепке дейінгі оқытмен педагогтар шешуші роль атқарады.
Қазіргі заманда педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына
бағытталған
жаңа
оқыту
технологияларын
шығаруға
ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген оқу
қызметтері мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің
күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың
дамуына
жағымды
жағдайлар
жиынтығын
құрайды»
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру
саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де
педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі
болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі
мақсаты–баланың
жеке
басының
қалыптасуы
мен
дамуы
болып
отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып,
дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен
қабілетінің
дамуына
жағдай
туғызу
қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу
сауаттылығынада байланысты
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу
сауаттылығынада
байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына,
жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы
әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі
білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі.
Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі
технологиялары жасалып енгізілуде
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі
білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген
оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық
әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны
ұғына
білуді
талап
етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық
технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық