«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет284/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Интерактивті тақтаны пайдалану
Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. 
Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық 
инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі 
балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, 


642 
642 
оқыту 
нәтижесінін 
сапасын 
күшейтеді. 
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру 
жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды 
сапаларды 
интуиция, 
образдық 
ойлауын 
дамытады. 
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар 
презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық 
орталықтарда жобалар құрастыру.
Проблемалық оқыту технологиясы
- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу 
материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім 
мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру 
мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. 
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 
ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына 
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады. 
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, 
адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт 
озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін 
байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру 
бағдарламасының орны ерекше.Осы жобаның авторы Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп 
аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, 
қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз қандай болуы тиіс?» 
деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап 
беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар 
көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады 
Ұйымдастырылған оқу қыметің байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, 
үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан 
ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Негізгі нысаны 
– адамды жан-жақты дамыту болып табылатын өзін-өзі тану мен денешынықтыру өзара 
байланыса отырып табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік ортаның даму заңдылықтарын 
тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа –қоғамдық ғылымдармен 
байланысқа ұласады. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің негізгі бағыттары мен бағдарлы құндылық 
бағыттарының ерекшеліктері: білім беруді ізгілендіру, білім берудің мазмұны мен 
технологиясын жеке тұлғаға бағдарлай отырып ортақ қоғамдық құндылықтарды дамытатын 
тұлға қалыптастыру болып табылады. Алдымызда шығармашылық жағынан белсенді, 
интегративті тұлға қалыптастыру мақсатында білім мазмұнының тұтас, жан-жақты, 
проблемалық, пәнаралық байланыстарын ашатын технологиялар таңдау міндеті тұр. Абай 
атамыздың , «Атаның баласы болма, адамның баласы бол!» деген үндеуін орнықтыру үшін 
шәкіртке өзін ғаламның бір бөлшегі екенін сезіндіріп, оны жалпы адамзаттық мәдени 
құндылықтарымен таныстырып, құрметтеуге үйретуіміз керек. 
Біздің қосарымыз, бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық байланыстың
түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының 
«тасмалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни, елімізде ғаламдық 
интеграциялық үрдістің пайда болуы нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің 
негізі қаланып жатыр. 
Қортындлай келсек еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа 
баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі 
ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен 


643 
643 
бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін 
ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – 
тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де 
құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз. 
Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-
дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз 
– жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», 
«кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып 
жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы: Юрист.2007. 
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – 
Астана, 17 қаңтар 2014. 
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту стандарты. – Астана, 2010. 
4. «Бала тәрбиесі» журналы. №9 2007. Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па? 
К. Бакеева. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет