Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы // «Открытая
школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж
2.
Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру //
Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17б.
3.
Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі
мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеумет
654
654
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОИЯЛАРЫ
ҚМҚК «Алтын сақа» балабақшасы
«Күншуақ» ересек тобының тәрбиешілері:
Тұрмағанбетова Қ.А.
Шарипова М.А.
Тәрбие – бүкіл адамзаттың алтын бесігі, ал қазақ педагогикасының өткені ата-
бабаларымыздың асыл сөздерінде салт-дәстүрінде жатыр. Дала мектебінің тәрбиесі ананың
сүтімен, бабаның қанымен ұрпақ бойынан өз жалғасын тауып отырды, өмір қиындығы
төзімділікке баулыды. Ана сәбиін өмірге қалай баулыса, ұлт өз ұрпағының тарих көшінен
қалмауын қадағалайды. Жазуымыз бірнеше мәрте өзгергенімен ұлт тәрбие жойылмады.
Туған халқымыздың тарихы, салт-дәстүрлері ұлттық тәрбие негізінде ұрпақтан-ұрпаққа, сан
ғасырлар бойы сары майдай сақталып аманат болып қалып отырды.
Бала тәрбиесі қай заманнан, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі
зиялыларымен толассызтолғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Әр
дәуір, әр кезенде ата-ана арман-мақсаттарын бауырынан өрген балғын перзенттерінің –
ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесімен, ар-ождан, ақыл-қайрат, білім-білік тәрізді абзал
қасиеттерге негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыстыра қараған. Заманына,
қоғамына сәйкес талап-тілектерге, қажеттіліктерге қарай бала тәрбиесі келе-келе саралана,
жүйелене түскенін айқын аңғарамыз.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту, тәрбиелеу
бағдарламасына өзгерістер енгені белгілі. Сондықтан да халықтық педагогиканы
балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметіне (сабақтар), күнделікті тәрбие жұмыстарында
қолданып, оны балалардың бойына сіңіру – біздің басты міндетіміз. Ол үшін ұлттық білім
беру жүйесінде негізгі мына екі бағытты ұстанғанымыз жөн:
1. Ұлттық педагогиканың негізінде балаларға білім мен өнеге берудің тиімділігін
көтеру.
2. Халықтық тірбиенің ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық сана-сезім тұрғысынан
балаларды тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтар негізінде берілетін тәрбиенің негізгі міндеттері:
- қазақтың ұлттық болмысын құрайтын ұлттық құндылықтарымызды анықтау,
- ұлттық құндылықтарымызды классификациялау;
- ұлттық құндылықтар негізінде берілетін тәрбие түрлері, білім беру мазмүны, тәрбие
мен білім берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
- әрбір түрі бойынша тәрбиелік әдістеме жасау;
- ұлттық тәлім-тәрбие тарихын, ұлттық өнер-мәдениеті танып-білу;
- өзге жұрттың моральдік құндылықтарын талғамсыз, берекесіз қабылдай беруге шек
қою;
- «Ұлттық құндылықтарымыз» деген атпен ойын-сауық, үйірме, ата-аналармен жұмыс,
орталықтар ұйымдастыру;
- қазақы тәлімгерлердің бұрынғы және қазіргі тағылымын игеру (әке-шеше, ата-әже,
билер, діни адамдар, ауыл ағалары, ағартушылар мен ұстаздар, т.б.).
Халық ауыз әдебиетін жасаған халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық
ешнәрсе болмаған.
Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп
балаларына арнаған. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, баланың алдына неше түрлі тілек
мақсаттар қою, өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Халық ауыз адебиетімен балалар
сүйіп тыңдайды. Халықтық шығармалырымен мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасының,
655
655
туған-туыстарының,тәрбиешінің айтуы бойынша таныс бола бастайды. Бесік жыры,
хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақ пен жаңылтпаш сөздер, өтірік өлеңдер, мақал-
мәтелдер, ырым сөздер бәрі де баланы қызықтырып оларды мәз-мейрам етеді. Халық ауыз
әдебиеті балалардың психологиясымен олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды
тәрбиелеу ісімен келіп шыққан байлық. Халық ауыз әдебиеті төмендегідей ерекшелікке
байланысты туған: жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы шығарған.
Бесік жыры- адам баласы тарихында халық ауыз әдебиетінің алтын қоры. Бесік жырында
қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігін, тілегін үйретеді. Халық тәрбиесі
баланың көпшіл, ынтымақшыл сый-сияпат көрсете білетін өнегелі азамат болуына
тәрбиелейді. Бесік жырынан соң тұсау кесу жыры келеді. Мұнда жас нәрестенің қаз тұрып,
апұл-тапыл басқанын «тәй-тәй» деген әнді әуенмен жылы сөзбен мазмұнды, әсем, әдемі
ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді
балаға мақсаттар қойыла бастайды. Бұл баланы пысық, елгезек, еңбексүйгіштікке
тәрбиелейді. Келесі кезекте бөбектерді өзінің қоршаған ортамен таныстырады, балаларды
дұрыс анық сөйлеуге, яғни, тілін жаттықтыру үшін жаңылтпаш айтқызады. Балалардың ақыл
ойын дамыту үшін жұмбақ жанырын пайдаланады. Мектеп жасына дейінгі балдырғандар
шын мәніндегі оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар ішінде баланы дұрыс айқын
сөйлеуге үйрететін тілін дамытуға жаттықтыратын жанр-жаңылтпаш. Бұлда ертегі өлең
жұмбақ айтыс түрлері сияқты баланың тілге ұстануына ойнақы, қырлы сөздерді айтып еркін
сөйлеуіне төсенулеріне, өз әлінше әдемі сабақ тәжірибе. Балаға жас басынан сабақ ойын
болатын нәрсе осы жаңылтпаш.
Халық ауыз әдебиетін ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдануда мынадай
ерекшеліктерін атауға болады:
1) баланы ойната отырып күлдіру, күлдіре отырып өмірге үйрету жағы көзделеді.
2) баланың ішкі дүниесіне ой санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер
алынуы керек.
Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру. (батырлар,
Қожанасыр, Алдаркөсе, тазша бала т.б.)
3) балаларды алдымен оқиғаның туындауына, кейіпкерлерге мінезінің әр жақты
дамуына қызықтыру,
4) халық ауыз әдебиетін қолданғанда оның мазмұны, идеясы балалардың белсенділігін
арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын тануға үйретуі тиіс,
5)халық ауыз әдебиетін ұйымдастырыдған қызметінде қолданғанда, баланың
сүйіспеншілігін, өз ұлтына деген патриоттық сезімін оятып, баланың сөздік қорын байытуға
көмектеседі.
Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда
балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мүмкіндігін педагогикалық теория
мен практикада қолданамыз.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл
білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкестендіру. Өйткені бұл
егеменді еліміздің білім мазмұны мен жүйесінің әлемдік елдер деңгейіне сай болуын
көздейді. Білім беру ісі қай кезде болсын ұлы ғалымдардың, ойшылдардың, философ,
педагог, психологтардың ерекше назарында болған. Қазіргі қоғамда болып жатқан
әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіне
тікелей байланысты.
Халқымыз елін, жерін, ата-мекенін, табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін,
тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, ізгі қасиеттерін дамытып, қоғап, рухани-
адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Қазіргі жаңа технологиялар
дамыған заманда өзіміздің ұлттық болмысымызды жоғалтпаймыз десек, оқу-тәрбие
656
656
үрдісінде қолданылатын мемлекеттікстандарттар, бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық
материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі – Жаңа
Қазақстан» атты Жолдауында айтылғандай, «Білім жүйесінде жаңа идеялар мен
көзқарастарды пайдаланудың» бірден-бір жолы жаңа технологияларды қолдануға тәуелді
болмақ.
Жалпы алғанда, оқыту технологиясы туралы қазіргі ғылымда орныққан дәл анықтама
болмағанымен, олардың бәрінің тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, біріншіден,
технологияның шеберлікпен, біліктілікпен байланыстылығы; екіншіден, технологияның
оқыту үрдісінде сапалық өзгеріс жасау мақсатында қолданылатыны; үшіншіден,
технологияның біртұтас әдіс-тәсілдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса,
технологияның білім ұйымдарының кез келген типінде жаппай қолдануға қолайлы әрі тиімді
оқу үрдісін ұйымдастырудың жолдарын іздестірудің нәтижесінде туған тұжырым екендігі
даусыз. Сонымен, білім беру, оқыту үрдісіндегі педагогикалық технология – қойылған
мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұнын жүзеге
аасырудың тәсілі.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім
алушының жеке бас ерекшелігін ескереді және ол үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың
қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы білім алушының оқу үрдісінде тек
объект деңгейінде қалиай, субъект дәрежесіне көтерілуін қамтамасыз етумен құнды.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы бойынша халық педагогикасын оқытудың
әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады :
-диологтік, полилогтік қатынастың қамтылуы;
-әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы;
-тәрбиеленушінің жеке басы дамуына сәйкестігі;
-баланың өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы.
Оқытуды ізгілендіру технологиясы. Қоғамды ізгілендіру – бүгінгі өркениетті
дамудың талабы, әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыруда жеке адамның әлемнің тұтқасы
ретінде көрінуі тиіс. Сондықтан әр білім алушы ұлттық мәдениетті сақтай білетін, кез келген
ортада белсенді жұмыс істей алатын ақыл-ой иесі ретінде қарап, танымдық мәдениеті жоғары
жеке
тұлғаны
қалыптастыру-ізгілендіру
технологиясының
арқауы.
Ізгілендіру
технологиясының түпкі мақсаты – білім алу барысында жеке тұлғаны ерік-жігерімен өмір
сүруге бейімдейтін кез келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қоғай
алатын гуманист азамат қалыптастыру.
Халық дәстүрі бастауларын тәрбие құралы ретінде пайдаланудың формалары мен
әдістерін таңдауда баланың танымдық әрекетіне баса назар аударылады. Бұл ретте мынадай
әдістерді пайдалануға болады:
-білім көзі бойынша – ауызша сөйлеу (түсіндіру, әңгімелесу, әңгіме), көрнекілік
(бақылау, демонстрация);
-ынталандыру және мотивациялық әдістер (қызықтылық, айқындылық, танымдық о
йындар, өмірлік жағдаяттарға талдау);
-оқытудың белсенді және интерактивті әдістері (рөлдік және іскерлік ойындар,
сахналау әдістер).
«Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact» («inter»-өзара, «act»-әрекет ету) деген
сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің топтың, жұптың өзара біріккен
әрекетте бір біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту – ол таным әрекетін
657
657
ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және
бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттардың бірі – оқу үрдісінің өнімділігін
арттыратын баланың ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай
тудыру. «Интерактивті оқыту» 1990жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты
пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше интерактивті оқыту
компьютер және интернет жүйесін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды. Информатикада
бұл ұғымды «пайдаланушының бағдарламамен диалогы, яғни мәтіндік командалармен
(сауалдармен) және жауаптармен (шақырулармен) алмасуы ретінде немесе кез келген
субъектілердің бір бірімен өздеріне тиімді құралдар, әдістер арқылы полидиологқа түсуі»
деген мағынада қолданылады.
«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда бұл термин ертеден
қарастырылып келеді. Алайда кейбір социолог ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен
әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым-қатынас деп түсіндіреді. Енді бір социолог
ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым-қатынас
деп түсіндіреді. Енді бір социологтар қарым-қатынастың бір түрі деп біледі.
Интерактивті оқыту кезінде баланың істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді.
Интерактивті әдістермен сабақ өткізу кезінде тәрбиеші тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Тәрбиеші жаңа біліммен бірге балаларды өз беттерінше ізденуге жетелейді.
Оқытудың белсенді әдістері қолданылатын іс әрекеттерді ұйымдастырудың
шарттары: 1) проблемалық; 2) ынтымақтастық және ұжымдық өзара әрекет; 3) балалардың
жеке басы мен психологиялық дамуын басқару; 4) балаларды ұдайы белсендіріп отыру; 5)
тәрбиешінің моделін өзгерту : ұйымдастырушы, серіктес, кеңесші, бағыттаушы, т.б. рөлдерді
атқаруы.
«Тәй-тәй» технологиясының негізі берік демократиялық принципте жатыр.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған бағдарлама балаларды белсенді азамат
болуға, демократиялық қоғам құндылықтарын сыйлауға тәрбиелейді. Тәрбиешілер балаларға
өз таңдауларын жасауға және таңдаған шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Демократиялық принциппен ұйымдасқан топтағы балаларды өз ойларын жеткізуге,
көрсетуге түрткі жасайды. Сұрақтар мен пікірталастарды тек қуаттайды. «Тәй-тәй»
технологиясының ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты
балалардан да шынайылықты, зейінділік, ынта-жігер болып табылады. Үлкендер саналы
түрде осы сапаларды балалармен қарым-қатынас барысында қолданады. Ал бұл сапалар
мінез-құлық тәрбиесінің ұлттық тәрбиемен ұласқанда негізін қалай отырып, мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарына арналған «Тәй-тәй» технологиясы үшін маңызды. «Тәй-тәй»
технологиясының көз жеткізіп отырғаны, оқу барысын ішінара тарту арқылы балалар одан
әрі дамиды. Мұқият ойластырылған білім беру ортасы балалардың әлемді зерттеуіне,
ынтасын көрсетіп, шығармашылық өнерлерін көрсетулеріне, салт-дәстүр, ұлттық мұраларды
танып білуіне жағдай туғызады. Педагог балаларға жоғарғы деңгейде көмек көрсету және
олардың дамуы мен оқуы кезінде пайда болған қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін
ата-аналармен әріптестік қарым-қатынас жасайды. Тәжірибесі мол педагог үшін баланың
оқуына ата-анасының және отбасының өз жұмысындағы әріптестері қатарына жатқызады.
Педагогтардың алдында тұрған міндеттерін орындауға өздерінің қол ұшын беру мақсатымен
ата-аналарды мектепке дейінгі балалар тобымен жұмыс үрдісіне өз үлесін қосуға, сонымен
қатар балалармен өз ойларын, әуестігі, және мәдени әдет-ғұрып, ерекше ой қабілетін бөлісуге
шақырады. Осы бағдарламамен жұмыс жасайтын балабақшаларда ата-аналармен
этнопедагогикалық кабинетте кездесеміз, онда осы бағдарлама туралы мәліметтермен,
көптеген кітаптармен, ұлттық құндылықтармен, ойыншықтар мен әдістемелік
материалдарды алып пайдалануларына мүмкіндік жасалған. Әрі осы бөлмеде ата-аналар мен
658
658
педагогтар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен алмасуға, жиналыстар өткізуге, кофе ішуге
де мүмкіндіктері бар.
Өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы (ТРИЗ) бойынша тәрбиелеудегі
маңызды орынды жаңа нәтижені алуға бағытталған балалардың өзіндік шығармашылық
әрекеті алады. Топтағы балаларда өнімдік әрекеті техникалық оқу мәселелерін шешуге емес,
көбінесе оларға жақындау болатынды шешуге және ойлап шығаруға бағытталған, мысалы,
жұмбақ табу, қызықты гипотеза айту, ертегі шығару, қозғалмалы ойынды шығару және т.б.
Мектепке дейінгі ұйымда ӨМШТ әдістемесін пайдалану ойлауды ұйымдастырады, оны
жүйелік етеді, қайшылықтарды тауып, шешуге үйретеді. Осының негізінде нақты білімді
тереңірек меңгеруге қол жеткізіледі, және ең бастысы – дайын білімді меңгеруге емес,
оларды өздері генерациялауға; өзінің әрекет ету саласында мәселелерді көруге, қоюға,
шешуге, заңдылықтарды айқындай білуге бағытталған ойлау стилі қалыптасады – бұл
ертеңгі өмірге дайындау үшін бүгінге керек нәрселер.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн
тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Ел жастарының патриоттық сезімін, білім мен
сыпайы этикалық қарым-қатынастарын ұлттық тәрбие арқылы қалыптастыру үлкен
сұранысқа ие болуда.
Әдебиеттер
1. Жеті қазына. Алматы. 2001.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. – Алматы, 2005.
4. «Қазақстан мектебі журналы» №1. 2008.
5. «Отбасы және балабақша» №5, 2011.
6. «Бала мен балабақша» №3. 2011.
7. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы журналы» №4. 2008.
8. «Отбасы – тәрбие бастауы» б5. 2007.
9. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы: «Рауан», 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |