«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ



Pdf көрінісі
бет291/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ 
БІЛІМ БЕРУ 
Қарағанды қаласы, КМҚК «Еркетай» балабақшасы 
Аширбекова Ж.Б. әдіскер, Бакирова Г.С. тәрбиеші 
Қой асығы демей-ақ,
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт. 
Халық даналығы 
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру екенін бәріміз білеміз. 
Инклюзивті білім берудің біздің қоғамымызға қосар үлесі өте зор. Білім берудің бұл түрі 
арқылы біз баланың жынысы, діні, тегі, географиялық мекені, жағдайына қарамастан 
барлығын тең дәрежеде оқыта аламыз. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың назардан тыс 
қалуына тоқтау қойып, қалыпты балалармен бірдей деңгейде оқыта аламыз. Инклюзивті 
білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті 
оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты 
қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 


652 
652 
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Қатаң білім беру жүйесіне сүйенгенде мүмкіндігі 
шектеулі балалардың бір бөлігі шығып қалады. Себебі қалыптасқан жүйе мұндай балалардың 
даралық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды.
 
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды 
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады; барлық 
балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік 
береді; балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік 
береді, сондай ақ адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік 
береді.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін 
жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-
жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың 
мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз 
ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі 
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге 
талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен оқу қызметін өткізуге енгізілген 
өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. 
Демек, енгізілген өзгерістің тиімділігіне біз, тәрбиешілер де мұқият болуымыз қажет. Осы 
жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру 
дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім 
үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, 
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке 
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, 
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. 
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін 
мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде 
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға 
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке 
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Дана халқымыз: «Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, 
Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей», - дейді. Мейлі 
сенің мүмкіндігің шектеулі болсын, мейлі сен қалыпты бала бол саған жасыңда берілген 
білім мәңгі мәнін жоймайды. Ал, қажеттілігің жасыңда қанағаттандырылмай, жасың 
ұлғайғанда оқимын десең, қателесесің. Ол өте ауыр. Берілген білім санаңа сіңгендей болса 
да, оның мәнін жоймай, сақталып қалуы екіталай.
Мектепке дейінгі ұйымдар мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуі 
керек. Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық 
қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы 
жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі 
балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның 
әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің 
негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі 
шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі 
шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл 
жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. 
Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді 
субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу 
дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. 
Негізгі факторы да осы. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы 


653 
653 
білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету 
маңызды мәселенің бірі болып отыр. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс 
істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі, қазақ тілінде 
оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы 
мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі 
біздің қоғамымыздың күрделі мәселесі болып келеді. Осы мәселелерді жою мақсатында 
педагогтар бірлесіп жұмыс жасаса, болашағымыздың жарқын болары, барлық баланың 
құқығы тең, еңсесі биік болары хақ. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, 
берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай 
болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан 
шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен 
сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.
Сонымен қатар, ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А. 
Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек 
ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен 
адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші 
бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- 
педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала 
дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы 
ерекше. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, арнайы мамандар және ата-аналар бірлесіп 
жұмыс жасаса еңбектерінің нәтиже береріне сенуге болады. 
Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар 
арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің 
алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін 
сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық 
құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі 
балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды 
нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-
педагогикалық заңдылықтары туралы мектепке дейінгі ұйымдардағы әр тәрбиеші терең білу 
керек. 
«Сақтықты соқырдан үйрен, 
Кішілікті түйеден үйрен»,- деген халық даналығы бар. Яғни мүмкіндігі шектеулі жаннан 
да үйренеріміз барын ұмытпаған абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет