«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІЛЕРГЕ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет293/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІЛЕРГЕ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
«Алтын сақа» балбақшасы КМҚК 
Тәрбиешілер: Абдыкаримова Э.А.,Байзакова А.К. 
Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен 
басталуы керек.Сондықтан да жаңа кезеңдегі өзекті мәселе жас ұрпаққа-адамгершілік-
рухани тәрбие беру болып табылады.Бұл тәрбие отбасынан бастау алады.Шыр етіп сәби 
дүниегк келген сәттен бастап ата-ана алдында үлкен міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі. 
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Сондықтан әке де,шеше де балаларының жан 
дүниесіне үңіліп,мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн.Балалармен 
әңгімелескенде олардың пікірімен де анасып отырған дұрыс.Өз баласымен ашық сөйлесе 
алмай,сырласа білмейтін ата-аналар көп.Олар «Екеуміз де жұмыстамыз,кешкісін үй 
шаруасынан қол тимейді,баламен сөйлесуге уақыт жоқ»дегенді айтады.Бұл дұрыс 
емес.Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.Әке мен шеше ұл-
қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп,ой бөлісуге неге болмасқа.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш 
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына 
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзінесенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші рөл атқарады. 


659 
659 
Рухани-адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.Отбасында ата-ана берген тәрбиені 
балабақшада тәрбиеші әрі қарай дамыту тиіс. 
Баланың 
өмірге 
белсенді 
көзқарасының 
бағыты 
ата-анасы 
арқылы 
тәрбиеленеді.Тәрбиешінің 
міндеті 
балалармен 
мазмұнды,жан-жақты 
іс-
әрекетінде,айналадағы 
құбылыстармен 
танысу 
кезінде,балаларға 
арналған 
шығармаларымен,суретші туындыларымен танысу негізінде іске асырылады.Мұндай 
мақсатқа бағытталған жұмыс еңбек сүйгіштікке,ізгілікке,ұжымдық пен паротизм 
бастамасына тәрбиелеуге,көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасаған дүниеге қуана 
білуді дамытуға,үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік 
жасайды.Сонымен қатар,балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,бірге ойнау,бір 
нәрсемен шұғылдану,ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға 
талпыныс пайда болады.Мұның бәрі баланың өмірге деген белсенді ұстанымын бірте-бірте 
қалыптастырады. 
Әр баланың бойында адамгершілік,патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі күннің және 
алдағы күндердің талабаы,оған ата-ананың және педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап 
етіледі. 
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік,патриоттық сезімдерін 
дамыту балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайые 
ойдағыдай жүзеге асады. 
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта 
әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, 
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер 
қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат 
беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры 
бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.
Ендеше барлық жақсы қасиеттер бала бойына ертегілер,әртүрлі ойындар,қызықты 
қойылымдар арқылы беріледі.Сонымен бірге,мақал-мәтелдер,жұмбақ,айтыс,өлеңдер де 
адамгершілік тәрбиенің арқауы болып табылады. Балабақшада өтілетін әрбір оқу іс-
әрекеттерінің балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде өзіндік орны бар.Мысалы,Балалар 
әдебиетімен таныстыру,Тіл дамыту,Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекеттерін де 
өлең,тақпақтар,ертігілер оқып беру арқылы әртүрлі дидактикалық,сюжетті рөлді,қимылды 
ойындар арқылы баланың бойында адамгершілікк,патриоттық сезімдерін оятады. Қалай? 
Өйткені қай оқу іс-әрекеті болмасын әрбір тақырыпты өткенде,кез-келген ойындарды 
ойнатқанда да халықтық педагогика эементтерін пайдаланасың.Мәселен,жай ғана баланы 
тәртіпке шақыру, бір-біріңнің сөзін тыңдау керек, қыз балаларды ренжітпеңдер, үлде ата-
ананалырыңды тыңдаңдар,үлкендерді силаңдар деген сияқты сөздер отбасында болсын, 
балабақшада болсын күнде қайталанады. Баланыың бойында адамгершілік, патриоттық 
сезімдер жинақталып,дамиды.Сонымен қатар,ашық оқу іс-әрекеттерінің,мерекелік 
ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың 
да 
пайдасы 
зор.Балабақшадағы 
әр 
ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың да жасалынады.Мысалы,«Әке көрген оқ жанар»,«Бала 
отбасымен бірге»,«Қыз сыны»сайыстары өйткізіледі.Ата-ананы баланың баланың 
балабақшады өміріне қатыстыра білу,әке-шешесі баланы жақсы көретіндіктерін сезіндіре 
білу,қыз балаларды әдемілікке,сипайылыққа үйрету.Міне,осының бәрі бала бойында жақсы 
қасиеттердің пайда болуына көмектеседі. 
Жоғарыда 
айтып 
өткендей,әсіресе,баланың 
бойында 
инабаттылық,мейірімділік,парасаттылық қасиеттерін ауыз әдебиеті арқылы дамыту 
маңызды орын алады, 
Бала тәрбиесі-бұл өмір тынысы және тарихи ұғым. «Бала тәрбиесі -бесіктен»деп көп 
айтылғанымен соңғы жылдары бала тәрбиесіне жеткілікті назар аударылмай келгендігі 
баршамызға аян.Соның нәтижесінде адамдар арасында мейірімділік,адамгершілік пен 
имандылық азайып,қатігездік орын алды деуге болады. 


660 
660 
Өмірге келген баланы қуанышпен қарсы алып «Шілдехана»өткізу,ат қою,тұсауын 
кесу,туған күнін атап өту-әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. 
«Тәрбие 
негізі-ұлттық 
әдет 
ғұрыпта», 
мақсаты 
баланың 
денсаулығын 
нығайту,кішіпейілдікке, имандылыққа, парасаттылыққа , табиғатты аялай білге бағыттау. 
Ғұлама жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!»деген ұлағатты сөзінің 
мағынсына ой салсақ,тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады. Қазақ халқының бала 
тәрбиесі нәресте ана құрсағында жатқан кезден басталады.Себебі өз болашағына немқұралы 
қарайтын,сәбидің дүниеге жарымжан болып келмеуін қаламайтын халық алдын-ала 
сақтандыру әрекеттерін жасаған. 
Ата-ана үшін баланың бәрі тәтті,бәрі бірдей.Ешкім баласын жаман болсын демейді. 
Кей ата-ана баласы үшін жанын құрбан етуге бар десек артық емес.Бірақ ешбір бала
өздігінен адам бола қалмайды. Болашақ азаматтың адамгершілігі мол болып өсу үшін халық 
ауыз әдебиетінің маңызы зор.Бұрынғы кездері аталарды,әжелері немерелерін тізелеріне
отырғызып әңгіме тыңдататын.Мұндай балалардың тілі ерте шығып,ой өрісі дамып.сөздік 
қоры молая түсетін.Әлі күнге дейін ауылдық жерлерде балабақша бола тұрса да,балалар 
көбінесе ата-әжелерінің қолында тәрбиеленеді. Ондай балалар көп жағдайда инабатты, 
түсінігі,мәдениеті мол болып келеді,тіпті тілі де тез дамиды. 
«Жұмыла 
көтерген 
жүк 
жеңіл»-демекші 
отбасы,балабақша,ата-ана,жұртшылық 
бірлесе,тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе,халқын,дәстүрін сыйлайтын азаматтарды 
тәрбиелеу ісін жүзеге асыруда мақсатқа жетілуге болады.Бала қашан да балалығын 
көрсетпей тұрмайды,сондықтан оларға әрдайым ата-ана ,тәрбиешілер тарапынан қамқорлық 
аадау қажет. 
«Ұлды тәрбиелей отырып,жердің иесін тәрбиелейміз,Қызды тәрбиелей отырып,ұлттың 
иесін тәрбиелейміз,Қызды тәрбиелей отырып,ұлттың иесін тәрбиелейміз-деген Платон 
данышпаның даналық пікірі адамзаттың арманындай ,ұранындай естіледі.Бала тәрбиесі ұлт 
тәрбиесіне негізделеді.Бала тәрбиесі ұлт тәрбиесіне негізгелген.Әр ұлттың өзіндік 
дүниетанымы,өзіндік әдептілік пен қағидаларының тәртіп жүйесі бар.Әрбір перзенке өз 
ұлтының тілі мен тәлімін ардақтау парыз.Баланың табиғатын және оны түсініп қабылдау 
ерекшеліктрін жөнінде Ыбырай Алтынсарин былай деген: 
«Балалар сөйлескенде ашуланбай,жұмсақ сөйлеуі,шыдамдылық етуі керек,әрбір нәрсені де 
ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек.Кім баласын әдептілікке,кітап оқуға,білім 
алуға,қайырымды-мейірімді 
болуға 
тәрбиелейміз 
дейсіз.Қоғамда 
адамгершілік,мәдениет,рухани қасиеттер мол болса,бала тәрбиесі соғұрлым жемісті 
болады». 
Тәрбиеде басты назар аударатын мәселе-адамгершілік.Оның өлшемі әрқайсысымыздың 
мәдениеті.«Тәрбие-қандай да болса да бір жан иесіне азық беріп,соның өсуіне көмек 
көрсету»-деген Мағжан Жұмабаев.Сондықтан.адам өмірінің «алтын бесігі»-халқымыздың 
әдептілік,инабаттылық,мейірімділік ,қайырымдылық,ізгеттілік,қонақжайлылық қасиеттерін 
жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші,ұстаз халық педагогикасын,салт-
дәстүрін,әдеп-ғұрыптарды жақсы біліп,рухани бай,жаны таза адам болу керек. 
Сонда ғана бала тәрбиесінде мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.Жаңа
заманның талабына сай тәрбиелі де білімді бала,яғни ұрпақ өсіреміз. 
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік.Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына 
адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен мектепке дейінгі мекемедегі педагогтардың 
басты міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.Адамгершіліктің қайнар бұлағы-
халқында,отбасында,олардың өнерлерінде,әдет-ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті 
тұрмыс тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 
Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала 
солай бола алады»-дейді.Демек,шәкіртке жан-жақсы терең білім беріп,оның жүрегіне 
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялат білсек,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік 
көзқарасының қалыптасуына,айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 


661 
661 
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің 
ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу. 
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты 
жетілген,ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам 
алдындағы борышымыз. 
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді адамгершілікке тәрбиелеу саласының бірі-құқықтық 
тәрбие.Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орыдап 
отыруы талаптарымен тығыз байланысты.Әсіресе,оның елімізде жүріп жатқан 
жариялық,құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен аланысының маңызы 
ерекше.Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық 
негізіндегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-
сезімімен,күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет.Бұл талапты іс жүзіне 
асыру,әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезіңінде,ең бірінші 
кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде
жандандыру айырықша міндетті іс. 
Бүгінде оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда 
А.С.Макаренко,В.А.Сухомлинский «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын,егер ол 
белгілі 
бір 
мақсатпен 
ұйымдастырылып 
жеке 
адамның 
мақтаждығына 
негізделсе,екіншіден,ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса,соғұрлым 
алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін.тәжірибелерін қабылдап,өз 
мінез-құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең 
түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше. 
Балалардың мінез-құлқының нормадан,шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп 
болады.Олардың ішінде ең бастысының жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан 
басталады.Сондықтан да,балалардың өнеге алып үлгі тұтары-ең алдымен өздерінің та-
аналары. 
А.С.Макаренко сөзімен айтқандай,«Тәлім-тәрбие,кең түрде алғанда әлеметтік 
процесс».Адамдар да,заттар да тәрбиеленеді.Дегенмен,адамдардың үлес салмағы 
басым.Солардың ішінде ата-аналар мен тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін,отбасы 
жағдайн жан-жақты танып білу қажет.Бүгінгі таңда бұл жұіндеемыс табысы жүргзіледі деп 
айту қиын.Соның нәтижесінде балаларың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер 
тарапынан дер кезінде байқалмауы,түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні 
даусыз мәселе. 
Балалардың ата-аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады.Осының бәрі 
ішімдіксіз өтпейді,дастарханға ішімдікті самсытып қоядыАл,жастардың қайсысы болмасын 
ересектерге еліктейді.Өздерін ересектерше ұстайды,ересектерше әрекет жасауды қалады.Ең 
қауіптісі сол-бала көргенін істеп,ішімдікке бой ұрады. 
Ата-аналар тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан-жал,төбелес 
болғандықтан 
балаларды 
дұрыс 
тәрбиелеу 
мен 
оқытуға 
ешқандац 
жағдай 
болмайды.Керісінше,мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола 
бастайды. 
Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру 
барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. 
Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі 
жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең 
қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-
құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында 
көзге түседі. 
Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие 
міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға 
назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, 


662 
662 
сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы 
заттардың реттілігі болуы керек. 
Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез 
қалыптастырады. Себебі, балалардың тәтібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін 
қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді 
әсер етеді.
Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. 
Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы 
арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін 
тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, 
құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың 
бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші 
олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға 
көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама 
(инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие 
балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының 
қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына 
кедергі жасайды.
Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру 
сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын 
ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған 
кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы 
қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық 
білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына 
риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, 
қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. 
Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері 
қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, 
көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын 
сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке 
дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. 
Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас 
жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын 
қалыптастырады. 
Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен 
еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы 
баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі 
болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан 
жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, 
біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын 
тигізеді. 
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу 
заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. 
Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары неғұрлым айқын 
көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. 
Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, 
нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, 
еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр 
баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан 
түрлеріне біріктіруді міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің 
мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен 


663 
663 
мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі 
олардың ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай, адамгершілік мінез-
құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге 
мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, 
тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-
құлыққа ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан 
туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты 
талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық 
әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір 
ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа 
тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға 
қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем 
меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз 
етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.«Отбасы және балабақша»журналы 
2.«Бала тәрбиесі»журналы 
3. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. 
Алматы,1992. 
4. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994. 
5. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы,1985. 
6.Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері Ұлт тағылымы-
2003-№4. 
7. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет