«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет290/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
үрдісінде әр түрлі ойындар
 
баланы жан-жақты 
дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. 
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге 
асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады. 
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын 
меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта 
мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін 
қалыптастыру. 
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол 
болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы 
баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді. 
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол 
жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік 
моральға 
тәрбиелейтін 
өмір 
оқулығы. 
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып 
тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен 
жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен 
әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, 


651 
651 
сәбидің 
ақыл 

ойының 
жетілуіне 
әсерін 
тигізеді.. 
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін 
жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл 
дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді.
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге 
тоқталатын болсақ: Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, 
сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату. 
Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған 
ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап 
рольдерге бөліп ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» 
«Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері. (1) 
«Қазақстан -2050»стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә Назарбаевтың 
Қазақстан халықына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз 
салуаттылығы жоғарға елге айналуымыз керек.Сондай- ақ балаларымыздың ,жалпы барлық 
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.Біздің 
жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басылымдықтары бүкіл әлемдегі сияқты. 
Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» деп айтылған. Осыған 
байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, 
ұйымдастырушылық және моральдік – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік 
міндет 
болып 
табылады. 
Әдебиеттер тізімі 
1. 
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттілігін 
қалыптастыру....
 
alashainasy.kz/.../ertegler-arkyilyi-mektep-jasyi. 
2. Баяндама:"Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту ...
 
sc0002.bulandy.akmoedu.kz/.../DA10865DBD 
3. Г.С. Швайко. «Игры и игровые упражнения для развития речи » Москва. Просвещение
1988г 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет