«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет287/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
«Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай, 
Табылды ойын алақай! 
Асықты алға шашамыз
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Балалар шашылған асықты жинап 
алады да әр бала өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны 
аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземен. 
«Ақсүйек» ойыны 
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да 
ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады. 
Теңге ілу ойыны. 
Ойынның шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру 
керек. Әрбір тапсырма берілген кезде ойынның негізгі халық арасындағы шарты 
таныстырылып отырады. 
Сергіту сәті ретінде мынадай ойындарды қолдануға болады: 
«Арқан тарту», «Күш сынаспақ», «Қыз қуу» т.б. 
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деп бекер айтылмаған. Яғни ұлттық ойындар 
тәрбие құралы ретінде туған. Ұлттық ойындардың басым көпшілігі мазмұны жағынан 
ертегі,әңгімеге жақын болып келетіндіктен,бала зейінін бірден өзіне тарта алады. Осыған 
орай жасөспірімдер ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары баланың жас ерекшеліктеріне 
байланысты әрі қысқа,әрі нұсқа болып келеді. 
Сондай-ақ ұлттық ойын түрлерін «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту» пәндерінде де 
ұйымдастыруға болады. 
Мысалы : «Кім сені түртті», «Даусынан таны» т.б. 
Балаларды тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Жылдам айт», 
«Санамақ» т.б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептілген. 
Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Әрбір ойын элементтері 
ұлттық ойындардың тақырыбына,мазмұнына байланысты логикалық байланыста болып 
келеді. Ұлттық ойындардың логикалық байланысты болып келуі зейін көлемінің өсуіне 
септігін тигізеді. 
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар да жиі кездеседі. Бұл өлең-тақпақтардың 
негізгі мақсаты шапшандыққа, тапқырлыққа, ептілікке баулу, өз бетімен іскерлікке, дұрыс 
шешім қабылдауға тәрбиелеу. 
Кез келген ойынның түпкі нысанасы-балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің 
нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес. 
Ұлттық ойындардың басым көпшілігі жан-жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын 
ойындар болып келеді. Мысалы: «Түйе,түйелер», «Көк сиыр», «Соқыр теке» т.б. 
Ойынның мәні-баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып-білуіне 
жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне 
жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы 
адамдардың іс-қимылдарына еліктейді. Ойынның тәрбиелік маңызы зор. Ол баланы 
зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата-бабаларымыздың баға 
жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөздік қорын байыта түседі. 
Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам 
меңгеруге ықпал етеді. Ұлттық ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Халық 
ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға 
негізделеді. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. 
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін 
дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың 
нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймыз. 


649 
649 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет