«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет283/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ойын арқылы оқыту
технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, 
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-
әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. 
Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен 
қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана 
қоймайды, 
олардың 
ұйымдастырушылық 
қабілеттерін 
де 
қалыптастырады. 
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге 
құштарлығын арттырады. 
Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. 
Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық 
инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі 
балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері
оқыту 
нәтижесінін 
сапасын 
күшейтеді. 
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру 
жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды 
сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады. 
Өздігінен даму технологиясы
(Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты дамыту, 
дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда 
оқыту бала дамуына сәйкес болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады. Итальян 
психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі 
- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады 
Дамыта оқыту технологиясы
- баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, 
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, 
белсенділік 
т.б. 
қасиеттер 
дамыту. 
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын 
қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар
компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, 
мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және 
тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер
қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар 
көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды 
балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар 
алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы 
тәрбиеші 
уақытты 
тиімді 
және 
ұтымды 
пайдаланар 
еді. 
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын 
арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге 
мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас 
құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, 
әдемі 
суреттерге, 
әсемдікке 
әуес 
болады. 
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып 
отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет