35
35
Оқушылардың түсініп, дұрыс оқуын дамыта отырып , Құрманғазы өмірі мен
шығармашылығы жайлы түсінік беру, күй тыңдату арқылы атадан қалған күй өнерін
насихаттау.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ ( Әдебиет пен музыка)
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже
:
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру арқылы оның өмірі
мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу. Қазақ күй өнері туралы
дүниетанымдарын кеңейту
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:
Оқушыларға Құрманғазы туралы өлеңін оқытып, талдатып, күйлерін тыңдатып,
мазмұнын ашу арқылы ойлау, жүйелі әңгімелеу, дұрыс сөйлеуге бағыт беру. Күй жанрын
түсіне білуге үйрету.
Тұлғалық нәтиже:
Құрманғазы өнері арқылы оқушыларды мәдениетке, өнерге баулу. Атадан қалған күй
өнерін насихаттау арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге баулу. Музыка арқылы әсемдікті
сезінуге, рухани нәр алуға жетелеу,музыканы тыңдай білуге,сүюге, түсіне білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер
: СТО технологиясының стратегиялары,АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер, диалогтық оқыту әдісі
Бағалау: формативті бағалау әдісі.
Оқу нәтижесі
:
Түсініп, дұрыс оқулары дамиды, Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы
білімдері толығады. Күй өнері арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге үйренеді.
Ресурстар:
Әдебиеттік оқу, музыка оқулықтары, М.Бұралқыұлы. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі, интербелсенді тақта, Қ.Сағырбайұлы, Б.Серікбайұлы жайлы
слайдтар,Құрманғазы атындағы академиялық ұлт – аспаптар оркестрінің орындауында
Құрманғазының күйлері «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» бейнежазба, музыкалық
аспаптар,маркерлер, кері байланыс «Жетістікбаспалдағы» парақшасы.
Достарыңызбен бөлісу: