ІV. Жаңа сабаққа дайындық :
Музыка
:
Мысық өнерлі бала, мүсінші , ал тағы да өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
-Балалар, музыка сабағында қандай жанрлармен таныстыңдар?
-Ән, би, күй, жыр жанрлары неге жатады?
V.Жаңа сабақ:
V.а).Қызығушылықты ояту:
АКТ , бейнежазба (Қ.Сағырбайұлы «Сарыарқа» күйі)
-Қандай жанрды тыңдадыңдар?
- Күй тартатын адамды кім дейді?
- Күйші
Күй - домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық
шығарма.
Күй шығарып, оны домбырада орындайтын адам - ол күйші.
Сендер жаңа
«Сарыарқа»күйін тыңдадыңдар. Бұл күйді шығарған ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы.
Ендеше, бүгін сендер Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі, шығармалары жайлы түсінік
аласыңдар.
V.ә). Слайд «Құрманғазы Сағырбайұлы»
V.б). Мағынаны тану:
1.Оқулықтан мәтінді оқу; («Қүй атасы - Құрманғазы» мәтінін оқу)
2.«Балбырауын» күйінен үзінді тыңдау;
3.Сұрақтарға жауап:
- Күй қандай екпінмен орындалды? (жылдам, шапшаң)
- Қандай музыкалық көңіл –күйді білдіреді? (қуанышты, жігерлі, серпінді)
V.в).
Әдебиет: Слайд (автор Б.Серікбайұлы) Құрманғазы ата.
Бүгін біз Байбота Серікбайұлының «Құрманғазы ата» жайлы өлеңімен танысамыз.
Құрманғазы ата өзі өмір сүрген заманда қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық –
зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам.
V.в). Слайд. ( Өлеңнің авторы Б.Серікбайұлы)
VI. Ой толғаныс:
VI а).Топтық жүмыс:
1 топқа тапсырма:
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен жұмыс: дауылпаз, данышпан, бұғау;
2 топқа тапсырма:
Өлеңнің 1 – ші шумағын оқып, талдау, қара сөзге айналдыру;
3 топқа тапсырма:
Өлеңнің 2 – ші шумағын оқып,талдау, қара сөзге айналдыру;
Достарыңызбен бөлісу: |