«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет13/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ІV. Жаңа сабаққа дайындық :
Музыка

Мысық өнерлі бала, мүсінші , ал тағы да өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
-Балалар, музыка сабағында қандай жанрлармен таныстыңдар? 
-Ән, би, күй, жыр жанрлары неге жатады?
V.Жаңа сабақ:
V.а).Қызығушылықты ояту: 
АКТ , бейнежазба (Қ.Сағырбайұлы «Сарыарқа» күйі)
-Қандай жанрды тыңдадыңдар? 
- Күй тартатын адамды кім дейді? 
- Күйші 
Күй - домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық 
шығарма. 
Күй шығарып, оны домбырада орындайтын адам - ол күйші. 
Сендер жаңа 
«Сарыарқа»күйін тыңдадыңдар. Бұл күйді шығарған ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы. 
Ендеше, бүгін сендер Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі, шығармалары жайлы түсінік 
аласыңдар. 
V.ә). Слайд «Құрманғазы Сағырбайұлы» 
V.б). Мағынаны тану: 
1.Оқулықтан мәтінді оқу; («Қүй атасы - Құрманғазы» мәтінін оқу) 
2.«Балбырауын» күйінен үзінді тыңдау; 
3.Сұрақтарға жауап: 
- Күй қандай екпінмен орындалды? (жылдам, шапшаң) 
- Қандай музыкалық көңіл –күйді білдіреді? (қуанышты, жігерлі, серпінді) 
V.в). 
Әдебиет: Слайд (автор Б.Серікбайұлы) Құрманғазы ата. 
Бүгін біз Байбота Серікбайұлының «Құрманғазы ата» жайлы өлеңімен танысамыз. 
Құрманғазы ата өзі өмір сүрген заманда қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – 
зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. 
V.в). Слайд. ( Өлеңнің авторы Б.Серікбайұлы)
VI. Ой толғаныс: 
VI а).Топтық жүмыс: 
 
1 топқа тапсырма: 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен жұмыс: дауылпаз, данышпан, бұғау; 
2 топқа тапсырма: 
Өлеңнің 1 – ші шумағын оқып, талдау, қара сөзге айналдыру
3 топқа тапсырма: 
Өлеңнің 2 – ші шумағын оқып,талдау, қара сөзге айналдыру; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет