«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет118/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Бірінші тәсіл,
оқытудың ақпараттық технологиясын үйренушілердің таным деңгейінің 
заңдылықтарына сәйкес және ақпараттық өнімдерді аз шығынмен құру, жіберу, сақтау және 
бейнелеуді сипаттайтын мәліметтерді өңдеудің ең жаңа әдістері және құрылғыларын оқыту 
жүйесіне енгізу жиынтығын қолдану арқылы ұйымдастырылған дидактикалық үдеріс 
ретінде қарастыруды ұсынады.
Екінші тәсіл
қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын оқытудың 
белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады.
Бірінші жағдайда технология - оқыту үдерісі ретінде қаралса, екіншісінде - оқу 
үдерісінде ерекше бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады. 
Соңғы 10 жыл ішінде таратылған, жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру 
мәселелеріне арналған ғылыми, ғылыми-танымдық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді 
талдау, бүгінгі күнде шартты түрде техногенді деп атауға болатын екінші тәсілдің тиімді 
екенін айқындайды. 
ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында компьютерлік техника мен бағдарламалық 
жасақтаманың қарқынды дамуы оларды ЖОО-дардың білім беру үдерісіне белсенді түрде 


288 
288 
енгізу қажеттілігіне алып келді. Бірақ оларды меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық 
тәжірибеде қолдану сол кездегі ЖОО-ның барлығына бірдей мүмкін болмады. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте 
алатын психологиялық-педагогикалық зерттеулер көп өткізілсе де, мұның барлығы білім 
беруді ақпараттандырудың дидактикалық-әдістемесін және теориялық-әдістемелік 
негіздерін жасап шығарудың информатика саласындағы ғылыми-техникалық дағдарыстан 
әлде қайда артта қалуына алып келіп отыр. 
Гуманитарлық бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды қолдануға деген 
әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни компьютерлік технологияларды 
материалды меңгеруде қолдануды толық терістеу мен компьютерлік оқытудың 
мүмкіндіктерін толық қолдану аралығында өзгеріп отыр. Алғашқы және басқа тәсілдерде 
өзінің оң және кері әсерлеріне ие деген пікір туындауда. Осы екі әдістің нашар және күшті 
жақтары бойынша сөз етуді тоқтатып, қазіргі білім берудің басты мақсатына назар аудару 
қажет. Ал, ол білім беруді тәжірибеге мүмкіндігінше көп жақындатудан құралады. 
Оқытудың компьютерлік технологиясына өту, оларды жасап шығаруға сынақтан өткізу 
мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі әдістермен сәйкес келу тәсілдерін іздеу өте 
күрделі болып, олар көптеген психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және басқа да 
мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар: 
1. Білім беру үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселесіне қатысты 
бірыңғай ғылыми-әдістемелік тәсілді енгізу жолдары. 
2. Практикалық тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану әдіс-
тәсілдерін ұсыну. 
3. Болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияны меңгеруге даярлау жолдарын 
теориялық және әдістемелік тұрғыда көрсету. 
4. Пайдаланушылардың білім мен біліктілігін арттыру мақсатында, болашақ 
мұғалімдерді компьютерлік технологияларды оқытуға даярлау. 
5. Білім беру мекемесін материалдық-техникалық базасын жабдықтау. 
6. Қажетті әдістемелік құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару. 
Компьютерлік технологияларды қолданудағы басты мәселе болашақ маманның 
интеллектуалдық мүмкіндіктерін кеңейту жолдары мен оқыту сөзінің өзіде өзгеруде: білімді 
меңгерту, ақпаратты қолдану, оны компьютерден алудан кейінгі орында тұр. 
Қазіргі оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану-заңды құбылыс. Бірақ 
оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп жағдайда «оқытушы-студент» деген 
күрделі қарым-қатынас жүйесінен туындайтын күрделі байланыс жиынтығындағы олардың 
алатын орнына тәуелді компьютерлік технологиялар студенттердің дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды. 
Осы жоғарыда аталған немесе ұсынылған инновациялық технологияларды 
мүмкіндігімізше оқытылатын пәндерімізде кеңінен қолданылса онда, болашақ маман иесі 
тәжірибелі ұстаз болып білім және тәрбие алатынына сенімдіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет