1 тарау. Қазіргі заманғы ұстаз-тәрбиешінің кәсіптік қалыптасуы 1.1. Ұстаз-тәрбиешінің кәсіптік мәртебесі Қазіргі өркениетті қоғамда ұстаз аса көңіл бөлуді талап ететін тұлға. Егер ұстаз орнында
кәсіби дайындығы жеткіліксіз адам болатын болса, онда бірінші кезекте балалар зардап
шегеді. Бұл орны толмас шығын. Бұл қоғамнан ұстаздар мен тәрбиешілер арасында
балалармен жұмыс істеуге интеллектуалды және моральды дайындалған адамдардың болуын
талап етеді.
«Кәсіп» терминінің төрт мағынасын көрсетуге болады:
1.
Адамның күшін пайдаланатын сала немесе адам өзінің атқарымдарын
еңбек субъектісі ретінде жүзеге асыратын сала.
2.
Нақты еңбек атқарымдарымен айналысатын адамдар ортақтығы.
3.
Нақты еңбек атқарымын орындай алатын адамға тән дайындық (білім,
шеберлік, дағдылық, біліктілік).
4.
Қызмет, кәсіптің жұмысы, яғни еңбектік және орындалатын
атқарымдарды кәсіптік жүзеге асыру процесі.
Кәсіп – бұл болмыспен шынайы байланысты объективті қажет, қызметтің ерекше түрі.
Оның өзінің мақсаты, өз өнімі, нормасы және құралдары бар, олар ерекше әлеуметтік
атқарыммен және осы қызмет көрсететін қоғамдық өмірдің технологиясымен негізделген.
Кәсіпті мамандықпен шатастыруға болмайды, ол мамандық құжаттарында бекітіледі және
қызмет түрі арқылы анықталады. Мамандықтар немесе күрделі болуы мүмкін, бірақ қандай
жағдай болмасын ол объективті шындықтың кейбір бөлігімен байланысты. Сондықтан
айырып тану қажет: ұстаз – бұл кәсіп, ал филолог – осы кәсіптің шеңберіндегі мамандық
болуы мүмкін. Бір маман шеңберінде дербес кәсіптер де болады.
1.2. Оқытушы-тәрбиешінің кәсіптік мұраты Адамның жеке дамуы көбіне оның өзін-өзі бағалаудан құралады. Психологтар өзін-
өзі бағалаудың екі негізгі құрылымын атайды. Біріншісі жеткен нәтижелермен өзінінің
әрекеттену деңгейін сәйкестендіру. Екіншісі кеңірек таралған, өзі туралы пікірді
айналадағылармен салыстырумен әлеуметтік салыстыру. Бірак, талаптану жоғары болмай,
өзін-өзі бағалау төмен қалыптасуы мүмкін.