Қолданылған әдебиетер тізімі
1.
Антология социальной работы: в 5т. (сост. М.В.Фирсов). – М., 1995
75
75
2.
Медведева Г. П. Этика социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб,
заведений. — М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999.—208с
3.
Панов а.М. Социальная работа как наука, вид профессиональной деятельности и
специальность в системе высшего образования //Российский журнал социальной работы. –
1995. -№1.
4.
Социальные ориентиры изменяющегося общества: Сб.статей РАН. – М., 1993
БАҒЫНЫҢҚЫ КОМПОНЕНТІ ШАРТТЫ РАЙ ФОРМАСЫНА АЯҚТАЛҒАН
ТОЛЫМСЫЗ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Бимаганова Салтанат Маратовна
«№ 85 ЖББОМ» КММ
Шартты рай – етістік райлары ішінде синтаксистік функциялары тұрақтылардың бірі. Ол
қашанда сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Нақтырақ айтқанда, кез-келген
сөйлемнің емес, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы
болады. Бұл функцияда ол жіктеліп те, жіктелмей де қолдана береді. Шартты райға
жалғанатын жіктік жалғауы да баяндауыш жалғауы болып табылады, бірақ баяндауыш
жалғауында болатын қасиет – тиянақтылық болмайды.
Қазіргі шартты рай тұлғасының о бастағы толық түрі – сар\сер. Бұл тұлға тілдің ішкі
даму заңдылығына байланысты ықшамдалып, фонетикалық өзгерістерге ұшыраған.
Түрікмен тілдерінде –се, ойрат, алтай тілдерінде –за\-зе, твин тілінде шарттылық форма –сы\-
си, -зы\зи формаларының қайталанып келуі арқылы беріледі, якут тілінде – тар\тер, -дар\дер
– тарихи жақтан бұрынғы –сар\сер формасы [2.44].
Зерттеушілер шартты райдан жасалған құрмалас сөйлемдерге ертеден назар аударған.
Бірақ шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасаудың өнімді тәсілі ретінде ғана
көрсетіледі. Т.Қордабаевтың сөзімен айтсақ: «Бұрын-соңды шыққан лингвистикалық
әдебиеттерде шартты рай арқылы жасалатын сабақтас құрмалас шартты немесе мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемге ғана жатқызылады. Бірақ әдеби тіліміздің фактілері шартты
рай арқылы жасалатын құрмалас сөйлем компоненттерінің мағыналық қатынастары алуан
түрлі екендігі, шарттылық қатынас пен мезгілдік қатынас олардың ұшан-теңіз
мағыналарының бір түрі ғана екендігін байқатады» [4.104].
Ол келіссе, мына екеуің алдымен кетесің.
Мемлекет қаншалықты осал болса, бекіністері де соншалықты көп болатын әдеті.
Ауыл адамдарының көпшілігі садагерлер маңына топталса, енді бір бөлегі елшілерді
қоршап алыпты.
Ол сәлем беріп үйге кірсе, кең үйдің іші лық толы кісі екен.
Құрмаласқа тән төрт белгі арқылы мысалға алынған сөйлемдердің бір сыңары –
бағыныңқы, екінші сыңары – басыңқы компоненттен тұрған сабақтас құрмалас сөйлемдер
екенін байқаймыз. Алғашқы компонент баяндауыштарына –са\-се шартты рай
жұрнақтарының бірі жалғанып, тиянақсыз тұлғада тұр. Айырмашылық - мағыналық
түрлерінде ғана. 1-мысал – шарттылық қатынасты, 2-мысал – салыстырмалы мағынаны
білдіреді. 3-сөйлем – мезгілдіс-ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. 4-
сөйлемде бірінші компонент екіншідегі әрекеттің болған мезгілін білдіріп тұр.
Сөйлем ішінде болатын бастауыш кейде арнайы айтыла бермейді, алайда оның бар екені
баяндауыштың жіктік жалғау формасы арқылы белгілі болып тұрады. Мұндай заңдылық тек
сабақтаста шартты рай тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқыларға тән. Сондықтан қимыл
иесін оңай білуге болады. Мысалы:
Бір күні даладан кірсем, Дүрия домбыраға қосып, баяулатып, жаңағы әнді айтып отыр
екен.
76
76
Тірі болсаң, мен сені оқытуға барымды салармын-ау.
Қазір көшедегі елге көз салсаңыз, төңірегіңіз түгел көгеріп шалынады.
Көнбесе, ата-анаң сен үшін ат кекілін кесуге бар.
Айып етпесеңіздер, біз соны естісек дейміз.
Бұл мысалдардың бәрінде бағыныңқы сыңардың субъектілері жасырын тұр. Әр
бағыныңқы компонент баяндауыштары шартты райдан жасалған. Яғни берілген сөйлемдер -
бағыныңқы компоненті шартты рай формасына аяқталған толымсыз сабақтас құрмалас
сөйлемдер. Мұндағы бірінші айырмашылық – мағыналық түрлерінде. Бірінші, үшінші
сөйлемдер – мезгілдік, қалған сөйлемдер шарттылық мағынаны білдіріп тұр. Екінші
айырмашылық – шартты райдың әр жақта жіктеле айтылып тұруында. Мәселен, бірінші
сөйлемнің бағыныңқы компонент баяндауышы бірінші жақта тұр. Сонымен шартты райдың
жіктік жалғауын тікелей қабылдайтындығын ескере отырып, оны баяндауыштарына қарай
тауып аламыз. Сонда берілген сөйлемдерді мына тұрғыда оқи аламыз:
Мен бір күні даладан кірсем, Дүрия домбыраға қосып, баяулатып, жаңағы әнді айтып
отыр екен.
Сен тірі болсаң, мен сені оқытуға барымды салармын-ау.
Сіздер айып етпесеңіздер, біз соны естісек деп едік.
Қалған мысалдар да дәл осы сипатта.
Т.Қордабаев «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» еңбегінде шартты рай
арқылы құрмаласатын сабақтас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен мағыналық
қатынастарына қарай шарттылық, мезгілдік, қарсылықты, түсіндірмелі, салыстырмалы,
кезектес болып келетіндігіне мысалдар арқылы тоқталған. Алайда, кейбір мысалдар көңілде
күмән туғызады. Мысалы:
Кәрі әже байғұс күзден бері байлар үшін малма сапсыса, енді Қаражан бәйбішенің
тапсыруымен жіп иіріп, шүйке түтіп, арқан-жіп есуге кіріскен.
Ғалым: «Бұл сөйлем әрекеттің кезектесіп болғанын білдіреді»,-дей келіп, сабақтас
құрмалас сөйлемге жатқызады [4.106].
Бірақ мұндағы іс-әрекет иесі – біреу ғана, яғни, малма сапситын да, жіп иіріп, шүйке
түтіп, арқан-жіп есетін де – кәрі әже. Ендеше, бұл сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемге
жатпайды. Ойымызды нақтылай түсу үшін, өз тарапымыздан келтірілген мысалдарды
салыстырып көрелік.
Жақыпқа жауықса, олар жағалап кеп тағы Жігітекті жентектейді.
Басын көтеріп қараса, камерада одан басқа үш адам жатыр.
Алдымен бірінші мысалға назар аударайық. Бұл тектес сөйлемдерді ғалым Қ.Есенов
күрделенген сөйлемдерге жатқызды, әрі күрделенген сөйлемдер – жай және құрмалас
сөйлемдердің аралығындағы өз алдына ерекше синтаксистік категория екенін белгілеп берді.
Ғалымның пікірінше, сабақтас құрмаластың алдыңғы бөлігі тиянақсыз тұлғада тұрғанда,
бастауышы қатар айтылмаса, сөйлемдік дәрежеге жете алмай, соңғы басыңқы бөліктің
қосымша ой-информация беретін тәуелді конструкциясы ретінде ғана қалады [3.8].
Олай болса, алғашқы мысалымыз күрделенген жай сөйлемдер қатарынан орын алады.
Ал екінші сөйлем жасалу жолы, сыртқы құрылысы жағынан бірінші сөйлемге ұқсайды.
Бірақ сыртқы ұқсастығына қарап, күрделенген сөйлемге жатқызуға болмайды. Себебі,
бағыныңқы компоненттің өз алдына субъект-предикаты бар. Тек бағыныңқы компонент
баяндауышының субъектісі жасырын тұр.
Осы мәселеге байланысты Қ Есенов: «Бастауышы арнайы айтылмайтын сабақтас
сөйлемдер әдеби тілімізде үйреншікке айналған. Бұлар, түптеп келгенде, бастауышы арнайы
айтылатын сабақтас сөйлемдермен бірдей қаралады. Айырмашылығы – алдыңғыларында
бастауыш сөздерінің көрінбей тұруында ғана. Алайда олар сабақтас құрмаластың
баяндауыштары арқылы жоқталмай тұрады», - деп көрсетеді [1.109].
Дәлел үшін бірер мысал:
Шын өкінсең, әлі де жол кесіліп қалған жоқ.
Ұлыңның еркелігін сен кешсең, мен сенің сәбилігіңді кешемін.
77
77
Мысалдың біріншісі – бағыныңқы компоненті шартты райдан жасалған толымсыз
сабақтас құрмалас та, екіншісі – шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Айырмашылық – 1-сөйлемде бастауыштың көрінбей тұруында ғана. Алайда ол сабақтас
құрмаластың баяндауышы арқылы жоқталмай тұр. Ендеше, талданған мысалдар негізінде
ғалым Қ.Есеновтың пікірімен келісуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |