«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет442/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

AСTIVstudio
бағдарламасы арқылы іске 
қосылады. 
Студенттер педагогикалық тәжірибеден өтуге барғанда осы АКТ-ны пайдалана отырып
әдебиет сабағынан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» тақырыбына дайындалған 
флипчарт мазмұнын ұсынбақпын. Студент ұйымдастыру кезеңінде 
AСTIVstudio-да 
қалам 
көмегімен телеграф таспасы арқылы сабақ тақырыбын жаза отырып, сабақтың мақсатымен 


942 
942 
таныстырады және жазбалар мен көрсеткіштер мәзірінде сабақ мазмұнына негізделген 
автордың «...Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге 
емес, менің өзіме ұқсайды.» өз сөзін дәйексөз ретінде жазып көрсетеді. [3]
Жаңа сабақты түсіндіруде флипчарттың бетті өңдеу аспабының көмегімен видео VTS_01 
/бейне-файл/ гиперсілтемесі арқылы «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі. 
Сондай-ақ оқушылар сабақ барысында интернет желісі арқылы www.googie.kz сайтынан 
автор туралы ақпаратармен танысып, жазушының суретін камера аспабы арқылы суретке 
түсіріп алады. Автоқалам көмегімен тақтағы тапсырмалар орындалады. Венн диаграммасы 
арқылы Қожа мен Жантасты салыстыру, «Екі жақты пікір бөлісу» стратегиясы бойынша 
даттаушы және жақтаушы болып Қожаның жақсы және тентек мінездеріне сипаттама, 
шығармадан үзінді бойынша кейіпкерлерді тауып кестеге толтырады.
АКТ арқылы өткізілген әдебиет сабағының жетістігі орта буындағы оқушылар АКТ 
арқылы 
AСTIVstudio 
бағдарламасында еркін жұмыс жасай отырып, есте сақтау, сөйлеу, өз 
ойларын ортаға салу қабілеттерін бірдей алып жүре алады және шығармашылықпен 
айналысып, өздік жұмыстарды орындайды. Осы технология үлгісімен жалғасқан сабақ білім 
сапасының нәтижелі болуына алып келеді.
Бүгінгі ақпарат әлеміндегі оқыту процесінде интерактивті құралдардың келесі 
ерекшеліктерін атап өтуге болады: 
1.
Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, 
ұқыпты кестемен салыстыруға болмайды. 
2.
Слайд, флипчарттарда қателер болса тез арада түзетуге болады. 
3.
Сабақта AСTIVоtе тестілеу жүйесі арқылы тест алу және нәтижесін бірден 
көрсету мүмкіндігін қолдануға болады. 
4.
Тақтаның кітапхана қорындағы көрнекілікті пайдалану деңгейі артады. 
5.
Бір мезетте интернет желілері арқылы қажетті материалдарды алып, оны 
MicrosoftWord-та сақтап, камера арқылы қажетті суреттерді сақтауға болады. 
6.
Сабақтың өнімділігі артып, білім деңгейіне оң әсерін береді.
Ахмет Байтұрсынұлы «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не 
істесе де келістіріп істейді» дегендей ақпараттанған заманда бәсекеге қабілетті, жан-жақты 
дамыған, ақылы асқан, білімі берік ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
Қорытындылай келе біздің мақсатымыз қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу,
оларды «оқи» білуге үйрету, стандартты емес жағдайлардан шыға білуге үйрету, көп
материалды аз уақытқа қабылдай білуге үйрету. Осылардың бәрін іске асыру үшін жаңа
технологияларды сабаққа қолдана білу әрбір мұғалімнің міндеті [6]. 
Білім беруді аталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің 
дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде 
үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза 
алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» 
Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 
Жолдауы.
2.
 
http://kk.wikipedia.org 
3.
Б.Соқпақбаев. Шығармалар жинағы. Алматы, 1987ж. 
4.
Қ.Байтанасова, С.Айтуғанова Әдебиетті оқыту әдістемесі, 1992ж 
5.
Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы 
білім беру деңгейін котеру».
6.
Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы өлшемдері 


943 
943 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет