941
941
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп
аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың,
ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты
рөл мектепке жүктеледі.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен
тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім
беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық
технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі
делінген.
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған
жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде
біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық
еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу
орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа
әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап
етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік
оқыту
бағдарламаларына
негізделеді.
Ақпараттық
әдістемелік
материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып,
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды [5].
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақ барысында пайдаланудың
оқушы үшін тиімділігі:
-
шапшаң ойлап, тез жұмыс істеп, қосымша құрылғыларды пайдалана алады;
-
түрлі-түсті иллюстрациялар, музыка, анимациялар арқылы есте сақтау
қабілеттері артады;
-
интернет желілерін пайдалану арқылы өздігінен ізденеді;
-
дербес жұмыс істеу арқылы ұқыптылық, нақтылық пен түзету әрекетіне
дағдыланады;
-
дұрыс жоспарлап және дұрыс шешім қабылдай алады.
Ақпараттық білім берудегі интерактив сөзі – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі.
Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, "жеке
тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады.
Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі
мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интербелсенді тақта - мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі.[2] Бұл
білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға
тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе,
Достарыңызбен бөлісу: