«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ ДАМЫТУ САПАСЫН



Pdf көрінісі
бет64/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ ДАМЫТУ САПАСЫН 
АРТТЫРУ 
 
ІV-курс студенті Зекен Лаура Серікболовна 
Қарағанды «Болашақ»маңызды білім беру колледжі 
Ғылыми жетекші: Жексенова Бибинур Омарбаевна 
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушысы 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
12-жылдық 
жалпы 
орта 
білім 
беру 
тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі 
әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы 
шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға 
қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, 
әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының 
сауаттылығы» деп айқын көрсетілген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын 
арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын 
басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлға ретінде тәрбиелеу 
болып отыр. «жаңа ақпараттық технология» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа 
көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе 
жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр.
Қазіргі оқушы: 
• Дүниетаным қабілеті жоғары; 
• Дарынды өнертапқыш; 
• Ізденімпаз, талапты; 
• өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек. 
Осындай жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыру керек. «Бәсекеге қабілетті тұлғаны 
қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, 
коммуникативті құзіретті, адамдармен өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, 
тілі дамыған жеке тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру», - деп 12-жылдық 
жалпы орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген. «Тілі дамымаған адамның ойы да 
дамымайды» деген халқымыз.Мектеп психологымен бірлесе отырып алынған 
диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша бірінші сыныпқа 
келген оқушыларда мына проблемалар анықталды: 
1. Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды; 
2. Орыс тілді балалар. 
Сондықтан да мен 2008-2013 жылдар аралығына «Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық 
технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру» деген 
өзекті тақырып алдым. 
Зерттеу нысаны: 1 сынып. 
Зерттеу пәні: тіл дамыту, субъект-субъектілік қарым-қатынас. 
Болжам: Егер білім беру ортасында субъект-субъектілік қарым-қатынас 
педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған 
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде 
қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. 
Күтілетін нәтиже: 
• Ақыл-ойы дамиды; 
• Мен жүйесі қалыптасады; 
• Шығармашылық белсенділігі артады; 
• Коммуникативті құзіреттілігі артады. 


142 
142 
Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, субъект – тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі 
реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы
ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объектілік және субъектілік мақсаттары мен
міндеттеріне орай барлық психикалық процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру
орталығы. Тіл дамыту жұмысы- күрделі де творчестволық процесс.Тілін дамыту ең 
бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға талпынуынан
туады.Тіл байлығынның мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс, 
ұғымдар
мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне 
байланысты.
Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады Тіл дамытудың негізгі
көрсеткіштері: 
• Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу; 
• Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу; 
• Байланыстырып бейнелі сөйлей білу; 
• Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі; 
• Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі. 
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасында 
мына мәселелерді анықтап алдым: 
• Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры; 
• Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі; 
• Байланыстырып сөйлеу дәрежесі. 
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездесті: 
1. Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге 
қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Баланың сөздік қоры біршама мол
болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі, яғни бала көптеген сөзді біліп, 
ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды. 
2. Оқушылар арасында дыбыстарды бұзып айтушылық, «Р» орнына «Л»/
ротацизм/, «С» орнына «Ш» /сигматизм/; 
3. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту. 
4. Сөзді қабылдауда мұғалімнің нені істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына
дейін тыңдамай, қолма-қол іске кірісетіні жиі кездеседі. Тіл дамытудағы кездескен
кедергілерді жүзеге асыруда, ең алдымен мектеп логопеді-мен бірлесе отырып, 
дыбысты
дұрыс айтпайтын оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, дыбыстық жаттығуларды 
жүйелі орындатып отырдық. Соның нәтижесінде 3баланың төртеуінің тілі түзеліп, 
дыбыстарды дұрыс айта алатын дәрежеге жетті.Бастауыш сатысы – оқушы дамуының 
іргетасы, оқу әрекетінің қуатты жүретін кезеңі. Қуатты кезеңдегң түбегейлі мақсат ,міндетті 
түрде жүзеге асыратын оқу пәнінің бірі – ана тілі. «Ана тілі»-1 сыныпқа арналған оқулық. Ол 
«Әліппе» оқулығын аяқтаған соң ,оқу жылының екінші жартысынан басталып 
оқытылады.Бастауыш сынып пәндерін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың 
мүмкіндіктері өте мол. Мәселен,1-сыныпта Тілдің дыбыстық жүйесімен танысу барысында 
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 3-4 минут көлемінде 
жүргіземін. Ойын тәртібі:әріптері кем карточкаларды оқушыларға таратып беремін. Ойынға 
қатысушы оқушы өзіндегі әріптен керектісін алып , әр сөздегі жоқ әріпті қоюға тиісті. 
Берілген уақыт өткенде интербелсенді тақта іске қосылып оқушылар өзері орындаған 
жұмыстарын тексеріп, қай топтан қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды. Ойын 
соңында қойылған әріптерді тапқызып дыбыстық талдау жасатамын. 
1. Қазақ тілі фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, дауыссыз 
дыбыстар санын ДЭЕМ –да анықтаудың бағдарламасын іздеп табады.
2. Сөз құрамында керекті әріпті табу бағдарламасын құр деп тапсырма беруге болады.


143 
143 
3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін 
бағалауға болады. 
Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында жиі кездесетін сөздер мен сирек кездесетін 
сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы, оқушыларға адамның ой сипаттарын 
қатыстырып «Менің күшігім», «Менің досым» сияқты шығармашылыққа бағытталған 
тапсырмалар беремін. Жұмыстарын тексере отырып, нәтижесінде оқушылар көркем әдеби 
тілде өз ойын ұшқыр жеткізуге дағдыланады. Сөйлем құрату-оқушыларды дұрыс та нақты 
сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Оқушылардың ақыл-ойын,
санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлдім. Ой дамыту 
–тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ
айтқызып,оның шешімін табу.Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, 
болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл
атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. 
Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға 
жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін 
дыбыстарды анық айтуға жаттығады.Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, 
балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң
жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді. Қолданатын жұмбақты оңайынан бастап, бірте-
бірте күрделендіріп отырамын. Бірінші сыныптан бастап мақал-мәтелдер көбірек үйретіліп, 
тілдерін дамытудың негізгі тәсілі- мақал-мәтелдер үйрету. Ана тілі сабақтарында мақалды 
аяқтау тапсырмаларын жиі пайдаланамын. 
Бірлік болмай 
Татулық- 
Орны ауыстырылып берілген мақалды құрастыру тәрізді тапсырмаларды қолданамын: 
1. Көрген, жонар, әке, оқ. 
2. Күймейсің, үшін, түс, отқа, Отан. 
Нәтижесінде баланың тілі,ойлау қабілеті дамиды.Мақал-мәтелдер балаларға ой 
салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік 
қорын дамыта түседі, сөйлеу мәдениетін дамытады.Ойы шашыраңқы балалармен айтар ойын 
тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету жұмыстарын сабақта,сабақтан тыс уақытта жүргіземін. 
Оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға 
қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін 
жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланатынына 
көзім жетті.Көрнекілік арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін 
дамыту.Бастауыш сыныптарда балаларға жалпы өмірде, күнделікті тұрмыста кездесетін 
жайларды дұрыс танытып, ой-өрісін кеңейтіп, сабақты сапалы игеруге және түсінгенін айтып 
беруге үйретуде сабақ тақырыбына лайықты қолданылатын көрнекі құралдардың, 
дидактикалық материалдардың маңызы зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар 
алдымен сөз, содан кейін сөйлем ойланып, ойын жүйелі, тұтас айта білуге төселеді. Әр балаға 
жеке-жеке үлестіріліп берілетін карточкалар сөздік жұмысын игертуге, сөйлем ойлатуға 
мақсатталған. Қазақ тіліндегі тақырыптарды қамтитын жаттығужұмысына арналған 
үлестірмелерді балалардың тапсырманы өздіктерінен орындауына пайдалануға болады. 
Көрнекіліктің бұл түрімен жұмыс барысында оқушының тақырыпты қалай меңгергендігін 
есепке алуға болады. Сабақ кезіндегі сергітуге арналған ойындардың кейіпкерлері «Дым 
білмес», «Бауырсақ», «Қызыл телпек», тағы басқалары оқушылардың оқу еңбектерін 
жеңілдетіп, күшін жинауға, әрі қарай ой еңбегін жалғастыруға көмектеседі. Сонымен сабақта 
тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған көрнекіліктен ұтарымыз көп. Бастауыш 
сыныптарда тіл дамыту деген –оқушылардың сөз байлығын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету. 
Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде оқушылардың сөз байлығы молайып, олар тілдің 
фонетикалық жүйесін меңгереді. Оқушылар бастауыш сыныптардан-ақ сөйлеу мәдениетін 
игере бастайды. Сөздерді дұрыс айту, сауатты жаза білу – тіл мәдениетінің басты 
талаптарының бірі. Өйткені шын мәнісінде, сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола 


144 
144 
бермейді. Оқушыларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу 
дағдысын қалыптастыру – әр мұғалімнің парызы. Сөздік жұмысы да, көрнекіліктермен 
орындалатын тапсырмалар да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды.Тиісті 
затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте 
жақсы сақталады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен 
түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді.Осыған орай, орыс 
мектебінде қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. 
Олардың түрі, көлемі, аз-көпті сабақ тақырыптарына қарай бөлінеді. Кейде оқулықтың 
өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады.
Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі: 
а) материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды; 
ә) оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді; 
б) сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасы артады; 
в) тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі; 
г) сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды; 
ғ) сурет арқылы екі-үш сөзден сөйлем құрай алады; 
д) сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады; 
е) оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін жататқыза
отырып, қимылына көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме
айтқызуға болады; 
ж) мәтін мазмұнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны
көзге елестету арқылы оның мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік жасайды. 
Мәтінмен байланысты жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында қолданылатын
көрнекі құралдар: 
1. Мәтіннің тақырыбына байланысты түрлі суреттер; 
2. Мәтінге байланысты сөздік-плакат; 
Көрнекі құралдың бәрін бір сабақта үйіп-төгіп қолдану керек деген ұғым тумауы
тиіс. Мұғалім оларды сабақтың тақырыбына, сыныптың дайындығына, уақыттың
материалды көрнекі құралға айналдыруға болмайды. 
Мәтінге байланысты сөздерді, сөйлемдерді оқулықтан, ал түрлі суреттер және
мысалдарды қосымша материал ретінде басқа еңбектерден алынған жөн. Сурет 
бойынша
мазмұндама да, сайып келгенде мәтін де дайындалады. Бірақ мұнда мәтінге қосымша
сурет болады. Сурет бойынша мәтін құрастыру балалардың ойын, тілін дамытумен 
бірге,
оқушыларды суреттің мазмұнын түсінуге үйретеді. Сурет бойынша әңгіменің де өз 
ішінде бірнеше түрлі болады: 
а) Дайын сурет бойынша мазмұндау. 
Мұнда алдымен дайын сурет беріледі де, сол суреттің мазмұны бойынша мәтін 
құрастырылады. Дайын сурет бойынша мазмұндаманы да түрлендіріп жүргізу керек. 
Мазмұндаманың бұл түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бір сурет арқылы 
да, бірнеше сурет арқылы да жүргізіледі. 
ә) Мәтіннің жүйесін сурет бойынша реттеу. 
Бастауыш сыныптарда сурет бойынша жүргізілетін әңгіменің мынандай түрлерін
де қолдануға болады: 
1) орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету; 
2) орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтінді де оқиғаның болу ретіне
қарай түзету.
Мұндай жұмыс үшін бір сюжетке салынған бірнеше сурет алынады.Сөздік жұмысы да, 
көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. 
Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру 
ұтымды. Қазақ тілінде сөйлей білмейтін оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда 


145 
145 
көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын 
дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру 
жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, 
логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек. «Біздің заманымыз – жазу заманы. 
Сөздің жүйесін қиысын келтіріп жаза білуге, сөз
қандай орынды қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін 
білу
керек» болғандықтан «қазақ бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ 
тілінің
дыбыс, сөз, сөйлем, жүйелерін де үйрету керек» деп А.Байтрсынов айтқандай тіл 
дамыту
сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық.Оқушыны 
субъект ретінде қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды өне бойы өмір серік етіп алғанымыз 
жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет