138
138
аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса,
оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені.
Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-
оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы
болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей,
оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы,
құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама
беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-
әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы –
халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне
байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым
екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің
алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман
ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі
білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын
қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық
сауаттылықты
дамытудың
жалпы
бағдары
2011-2020
жылының
мемлекеттік
бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан
халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық
жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі
мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Педагогикалық
технологиялар
білім
беру
жүйесіндегі идеялар мен көзқарастарды біліктілікті арттыру курстарында орынды
қолдану оқу үдерісін нәтижелі етеді және педагогтардың кәсіби дайындық сапасын
көтеруге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда кәсіби құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар
қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды.Функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –
жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс
қабылдауды, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.
Мұғалімнің
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруда
педагогикалық
практиканың маңызы зор. Осы педагогикалық практика нәтижесінде олардың
шығармашылық және педагогикалық құбылыстарын зерттеуге деген қабілеті дамиды,
педагогикалық шеберліктерінің негіздері қаланады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі заман – білектің емес, білімнің заманы дегенін
ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім
мен саналы тәрбие алған шәкіртінде болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: