«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет65/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 
2. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы, 2006. 
3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973. 
4. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық
мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3 ,17-19 б. 
5. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары.
Алматы, «Рауан»,1999. 
6. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-СПб.:Питер,2001 
7. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996. 
8. Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы, «Мектеп»,1976, 37,63,71 б. 
9. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа
кабинеті,1993. 
10. Истратова О.Н., Эксакусто Т.В. Справочник психолога начальной школы. – 
Ростов н/Д: «Феникс», 2004, 141-143 б 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ 
 
Кабдуов Бекзат Куантайулы 
№95 мектеп – гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 
 
Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер 
жүрдi. Бұл өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк экономикалық қауымдастыққа 
толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен 
қоса, бiлiм мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. 
Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi 
сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу 
бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк 
жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу - қазiргi заман талаптарынан туындап отыр.
Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын 
орта бiлiм мекемелерiнiң жастарға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беріп, ұлтжанды азамат етіп 
қалыптастырар рөлі зор екені даусыз. [1, 42 б] 
Тіл үйрету – ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі белгілі. 
Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге 
аспайтыны анық. Олай болса, мемлекеттік тіл қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің 


146 
146 
қажеттіліктеріне айналмайынша, олардың тілді үйренуі кешеуілдеу беруі ықтимал. Сол 
себепті мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді оқытудың жолдары мен түрлерін тілші мамандар 
мен ғалымдар әртүрлі әдістемелер арқылы оқытуды ұсынуда. 
Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау бастауыш мектептен басталуы әбден заңды. Демек, 
мектептегі оқушыларға ұсынатын білім беру материалдары осы заман ғылымының дәрежесі 
мен талабына сай болу керек. [2, 3 б] 
Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды: 
1.
Оқуға үйрету; 
2.
Сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелікті қамтитын байланысын сақтап 
сөйлеуін дамыту. 
Оқыту ісі барысында қолданып жүрген негізгі әдістер төмендегідей: 
1.
Мұғалім сөзі; 
2.
Әңгіме әдісі ( сұрақ – жауап); 
3.
Көрнекілік құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, сөзжұмбақтар, 
компьютер, т.б.); 
4.
Тілдік фактілерді талдау грамматикалық талдау; 
5.
Тапсырмаларды орындату; 
6.
Кітаппен жұмыс жасату; 
7.
Топтық жұмыс; 
8.
Тест өткізу;
Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін 
түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске
машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім 
болады. Ал жаттап алынған білім мен білік дағды көп уақыт өтпей – ақ ұмытылады. [3, 147 
б] 
Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуды бастауыш сыныптан бастап
ыждағаттылықпен қолға алған жөн. Сондықтан да қазақ тілін үйретуде оқушылардың пәнге 
деген қызығушылықтарын арттыру, қоршаған ортаны танып игеріп, сөйлесу, пікір алмасу, 
сұраққа дұрыс жауап беру, әңгімелесу тілді меңгерту жолында бастауыш сыныптардан 
бастап өтілген таныс, жеңіл сөздерді, сандарды сурет түрінде сөздермен байланыстыра, 
жұптастыра отырып, әртүрлі сөзжұмбақтар үлгісінде оқытуға болады. Мысалы, 4 – сынып 
оқушыларына «Отбасы мүшелерінің сүйікті ісі» модуліне байланысты сөздіктегі жаңа 
сөздерді меңгертуді төменде көрсетілген үлгі бойынша ұсынамын: 
- «Қарындас» сөзін меңгертуде қарындаштың суретін салып, соңғы «ш» әрпін алып 
тастауды (‘) белгі арқылы көрсетіп, «с» әрпін жалғап, қыз баланың суретін көрсетеуге 
болады. 
- «аға» сөзін оқушылар өздері айту үшін ағаштың суретінен соңғы «ш» әрпін алып 
тастауды (‘) белгі арқылы көрсетемін. Ребустағы сөздерді қазақ тіліне аудара отырып, 
«Менің елім – Қазақстан» модуліне байланысты жаңа сөздерді таныстырып, меңгертуге
болады. «Огонь, хлеб, вода» сөздерінің орыс тіліндегі баламасын қазақшаға аудару 
арқылы, «огонь» сөзінің аудармасына «хлеб» сөзінің аудармасының соңғы екі әрпін алып 
қоссақ, «Отан» сөзі шығады. «Т» әрпіне «вода» сөзінің аудармасының соңғы «У» әрпін алып 
қоссақ, «ту» сөзі шығады. «Менің елім – Қазақстан» модулі бойынша оқушылардың алған 
білімдеріне қорытынды жасау мақсатында, берілген сөздердің орыс тіліндегі баламасын 
қазақшаға аударып, сөзжұмбақты шешу барысында тексеріп көруге болады. Мысалы: 
Столица, флаг, герб тағы да басқа модульге байланысты сөздерді қолдануға болады.
Сандар арқылы оқушыларды сергіту барысында мынандай сөзжұмбақтарды ұсынуға 
болады. 
Мысалы: «1» лік – бірлік; с «2» р – секір; к3 – күш; «5» ік – бесік; «6» н – алтын; «7» ім 
– жетім; «8» - егіз; Т «10» - тон; Қ «10» - қон, тағы басқа сандар арқылы сөзжұмбақтар 
құрастырып ұсынуға болады. 


147 
147 
Берілген сандар мен суреттердің орнына сөздерді пайдалана отырып, шағын өлең 
жолдарын құрап айтуға мүмкіндік жасауға болады. Сонымен қатар, оқушылар есептеп 
үйренуге де жаттығады. 
Тапсырмалар: 
Тақтада көрсетілген сандар мен суреттерді сөзбен жазып, шағын өлең жолдарын құрап, 
және есептеп жазуға болады. 
«1» - «1» імен жарысқан, 
«2» (түйенің суреті), «1» (керіктің суреті), 
«3» (аюдың суреті), «2» (жолбарыстың суреті), 
Бәрі нешеу? Кім біледі? 
Жауабы: 
Бір – бірімен жарысқан, 
Екі түйе, бір керік. 
Үш аю, екі жолбарыс 
Бәрі қанша? Кім тапты? 
Шешуі: 2+1+3+2=8 
Оқушыға тілді меңгерте отырып, шағын өлең жолдарын сурет түрінде беру арқылы 
оқушыларды шығармашылыққа баулимын. 
1.
Оқушыларға берілетін нұсқа. 
Туған қалам – Қарағанды, 
Жарқырайсың сен (күннің суреті) – дей 
Алыс кетсем, сағынам 
(Жүректің суреті) – ім сенімен «1» - ге. 
2.
Тексеруге арналған нұсқа: 
Туған қалам – Қарағанды, 
Жарқырайсың сен күндей 
Алыс кетсем, сағынам 
Жүрегім сенімен бірге. 
Жоғарыда атап өткен сөзжұмбақтар сандар мен жануарлардың суреттерімен 
құрастырылған шағын өлең жолдары арқылы «Жануарлар бұрышы» модулін қайталауға 
және оқушылардың еске түсіру қабілеттерін немесе өткен модульді қаншалықты 
меңгергендіктерін анықтап байқап көруге болады. 
Қорыта келсек, бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту балалардың жүйкесіне салмақ 
салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Сонымен бірге
жоғарыда пайдаланған әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың тіл жайында 
білімдерін тереңдету, сөздік қорларын, ой өрістерін, қазақ тілін қадірлей білуге, туған жерге, 
туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырумен қатар, ұлтжанды, отаншыл рухани-
адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет