«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет73/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы 
жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы. 11 қараша 2014жыл.
 
2
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 7 маусым.
 
3
Морозов А.В. Формирование креативности педагога в условиях непрерывного 
образования. Монография / А.В. Морозов. – М.: Академический Проект, 2002. - 409 с.
 
4
Осухова Н.Г. Становление творческой индивидуальности педагога / Н.Г. Осухова. // 
Педагогика. 1992. - 56 с.
 
5
 
Мұқаметқали М.М. Мұғалімдерді кәсіби – педагогикалық инновациялық іс - әрекетке 
даярлау жолдары / М.М. Мұқаметқали. Өскемен: ШҚМУ, 2004. - 198б.
 
6
Лушников В.Д. Традиционное и новаторское в современном образований / В.Д. 
Лушников. // Педагогика. 2000. - 225 с.
 


161 
161 
БІЛІМ – АСЫЛ ҚАЗЫНА 
 
Шуйинишова Нұрсұлу Темірханқызы 
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру
колледжінің 4-курс студенті 
Жетекші: Тюлемисова Л.С. 
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғаріп.
(Халық даналығы) 
Қазақ халқы Жұбан Молдағалиев атамыз айтқандай, «Мың өліп, мың тірілген» халық. 
Өткен тарихқа үңілсек, ұлтымыздың жігерлігіне, қайраттылығына, төзімділігіне қайран 
қалмасқа шараң жоқ. Қаншама тарихи ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Жайбарақат өмірдің 
қамымен күн кешкен қазақ халқын тұс-тұстан тартқылаған азулылар аз болмады.
Бүкіл әлем әміршісі атануға ұмтылған Шыңғыс хан тұсындағы ат сауырынан қан кешкен 
алапат шайқастар, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі соғыстар, қала берді қандыбалақ 
Рессейге бодан болған еліміздің қанаты қырқылып, қатары селдіреумен болды. Осынау қиын 
кезеңде қара халыққа жол бастаған көсемдер мен сөз бастаған шешендер, «малым-жанымның 
садағасы, жаным – арымның садақасы»,- деп қол бастаған батырлар және біртуар дарынды 
тұлғаларымыз - халық тірегі бола білді. 
Өміршең халқымыз жартысынан астамын ажал құшағына беріп, бұл зұлматты да соңына 
тастап, тарих көшімен ілгері жылжыды. Сан алапат тасыр - дауыл басылған соң қазақ елі ұлы 
даналарымыздың салған ізімен қадам басып, білімге бет бұра бастады.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа 
Жол сілтедім жақын емес алысқа
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, 
Елім, сен де қатарыңнан қалыспа, - деп Ахыметтің жыр жолдары жол көрсетіп, бірде 
«Маса» болып ызыңдап, Міржақыптың «Оян қазағы» жаңғырып, қара қазанның қамымен 
жүрген халықты оятпай қоймады.
Білім нәрімен біртіндеп сусындаған халық өміріндегі игі істер, адам бойындағы жақсы 
қасиеттердің бәрі – ақыл-ой, сана – сезім, өнер – білім баршасы оқумен, біліммен 
келетіндігіне көз жеткізді. 
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты-
Мен жастарға сенемін! – деп Мағжан ақын айтпақшы, осындай жігерлі 
жастардың арқасында қазақ елі құрып кетуден аман қалып, шыққын тегімізді, дінімізді, 
тілімізді сақтай отырып киелі ұғым- Тәуелсіздікке де қол жеткіздік. 
Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие. Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті 
аңсамайтын адам да, халық та жоқта шығар, сірә. Сол жылдағы тынымсыз күрес те тоқтап 
көрген емес. Басты мұрат – қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше 
бекем болу еді. Ол үшін әлемдік тәжірибеде үстем түсіп жатқан ұтымды жолдарды, білімнің 
жаңа деңгейін игеру қажет еді. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жүйелі саясатының арқасында 
Қазақстанның әлемдегі елу елдің қатарына енуді берік мақсат тұтуы – білім беру жүйесінің 
жан-жақты ізденістері мен көптеген мәселелердің түбегейлі өзгеруіне жол ашты «Ел 
болашағы білімді жастардың қолында» қағидасын ұстана отырып, жас ұрпақтың білім 
алуына барынша жағдай жасап, сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында мектептерді 
жаңа технологиялық ақпарат жаңалықтарымен жабдықтады. Жас ұрпақтың білімге деген 
қызығушылығын арттыру мақсатында тегін оқу гранттарына түсуге қаражат бөлініп, іске 
асырылды. Елбасымыздың 2007 жылдағы «Жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Біз 
білім беру қызметі сапасын еліміз бойынша әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуіміз керек. 


162 
162 
Білім беру реформасының басты да нәтижелі көрсеткіші елімізде тиісті білім алып, кәсіпке 
бейімделген әрбір азаматтың әлемнің кез-келген елінде қажетті маман ретінде танулы 
болмақ»,- деген сындарлы ой-пікірі білім саласының негізі болды. Осы орайда әр облыста 
дарынды балаларды дамытуға арналған орталықтар және зияткерлік мектептер ашылып, жас 
ұрпақтың әлемдік деңгейге еркін енуіне жол ашты. 
Тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-
жақты, қабілетті ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика 
ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде, 
ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыспен шұғылданатын 
қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген, 
ұлттық мәдени құндылықтарды жете түсінетін ұрпақ дайындау. 
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени 
құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық 
ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. 
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, 
ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсіби материалды құндылықтарға 
жатады. Таратып айтсақ, ұлттық рухани құндылықтар дегеніміз – халықтың ұлттық тілі, 
ұлттық мінез-құлқы, ерекше адамгершілік қасиеттері, ауызша-жазбаша ұлағатты тәлім-
тәрбиелік мәні бар даналық өсиеттері, мақал-мәтелдері, әдеби және музыкалық 
шығармалары, салт-дәстүрлері, ділі мен діні, ойындары мерекелері және т.б.
Дүниедегі дүйім жұртты әлі күнге дейін тамсандырумен келе жатқан «Тоныкөк», 
«Күлтегін» іспетті тасқа қашалып жазылған жырлар, Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби, 
Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласұғын сынды бабаларымыз түбі бір түркі 
жұртының бәріне ортақ десек те, «Қара шаңырақ иесі болып қалған» (М.Жұмабаев) қазақ 
халқына етене жақын, олардың жалғасы болып Шоқан мен Абай, Шәкәрім мен Мағжан, 
С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаев және т.б. 
тасқа басқан таңба болып ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен сөз жетпес асыл 
құндылықтар, тебіреніс толғаулар, тағылым, тәрбие беретін теңдесі жоқ терең ойлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет