166
166
таным үрдісіне; білім деңгейін бағалау және бақылауға; оқыту-әдістемелік қамтамасыз етуге;
оқу жоспары мен бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен тікелей байланысты. Орыс
педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,
қонымды, тиімдіболары сөзсіз.
Қазіргі таңда заман талабына сай тұлғаның дамуына бағытталған білім орын алып отыр.
Оның негізі — заманауи білімнің даму тенденциялары: білім алудың әр деңгейі үздіксіз оқу
жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналуы; дәстүрлі бағыттағы білімді өзгертіп оқушылардың
зияткерлік қызметін кеңейтетін ақпараттық технологиялардың кеңінен енгізілуі; білімді
ұйымдастырудың өздік және өз білімін толықтыруды дамытуға көшуі; оқушы мен мұғалім
арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі.
Бұл тенденциялар дамыған елдердің заманауи білім беру күйін сипаттайды, сонымен
қатар үшінші мыңжылдықтағы білім беру саласындағы өзгертулердің принциптерінің шарты
болып табылады. Тек жүйелі білім үрдісі ғана оқушының жеке тұлға ретінде дамуына
жағдай жасайды.
Казіргі танда білім алу мен зерделеу тәсілдері, оқыту мен оқушылардың қабілеттерін
дамыту формалары, әдістері мен технологиялары оқу үдерісіне баяу енуде,ал қоршаған әлем
өте жылдам қарқынмен өзгеруде, ал казіргі үшінші мыңжылдық қоғамына өзінің іс-әрекетіне
өзі басшылық жасап, шұғыл, әрі дұрыс, нәтижелі шешім қабылдай алатын тұлға қажеттігі
туындауда. Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, түсіністік,
сыйластыққа негізделу оқушының ізденушілігін дамыту — қазіргі оқыту жүйесінің бағыт
алатын өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа инновациялық педагогикалық технологиялар
тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай
білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге үйретуді мақсат етеді. Осы
педагогикалық ұстанымдар мен көзқарастар – білім беру жүйесін жаңартудың негізгі көзі.
Білім беруді жаңартуда оқыту технологиясы, саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық
технологиясы, дамыта оқыту, сатылай кешенді талдау төл технологиясы, сыни тұрғыда
ойлауға үйрету стратегиялары, ұжымдық оқыту әдістері және т.б. өз нәтижелерін беруде.
Оқыту технологияларының ең басты ерекшеліктері — өзіндік ой-пікірі бар жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталуында және жаңа материалдарды оқушының өз бетімен іздену
арқылы меңгеруі. Оқытудың жаңа технологиялары тұлғаның ойлау жүйесін
қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай білуге,
өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретеді.
Бұрынғы білім беру жүйесі оқушының оқулықтағы білімді меңгеруіне ғана ден қойды,
ол білімді оқушы тәжірибе жүзінде қолдана алмады.
Сондықтан мектептегі информатиканы
оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін
меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы
ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану
тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге
көтеріле алады.
Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын
жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады.
Қазіргі өзгермелі заман талабына сай оқушы алған білімін түрлендіріп қажеттілігіне
қарай тәжірибеде қолдана алуының қажеттілігі ерекше болып отыр.
Сондықтан бүгінгі
күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын
қамтамасыз ету міндеті тұр.
Достарыңызбен бөлісу: