«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет74/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты 
алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет 
арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы 
мен тағылымының алтын сандығы. 
 «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап 
оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап 
талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір 
адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 
Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да 
қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
Оқушының өзін-өзі тануға ұмтылғаны, ізденуі өз бетінше терең білім алуда, ақыл-ой 
қабілеттерін дамытуда шығармашылыққа жетелейді. Оқушылардың өздігінен аткаратын 
жұмыстары білімді терең меңгеруде дербестік қасиетін мейлінше арттырады. Олардың алған 
білімінің кеңейгені саналылығы мен беріктігін камтамасыз етеді. Оқушыларда оқуға кажетті 
біліктер мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқуға ынтасын арттырып, сыныптан және 
мектептен тыс дербес білім алуға алып келеді. Өз бетінше ойлауды дамытуға бағытталған 
жұмыстар белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал 
жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық 
мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. Оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде 
дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым – қатынастың жетіспеушілігін 
азайтады. Өз бетінше ойлауды дамыту іс-әрекеттері оқытудың тиімділігін арттырады, 
тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға 
және ұжымдық қарым- қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық 
жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда 


163 
163 
ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу оңды қатынастар бойынша тәжірибе 
жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен өз бетінше даралауды 
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан 
мектептеріміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде 
оқушыларды сараптап оқыту арқылы өз бетінше қабілетін дамыту. Еліміздің жарқын 
болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне
балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. 
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен 
жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өз 
бетінше ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушының білім сапасын 
көтеру - негізгі мақсат. Өз бетінше жұмыс істейтін оқушылар қоршаған ортаны сезе білу, 
құбылыс себептерін іздене білуі, ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыруы, 
алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылуы, өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді 
меңгеруі, басқаоқушылармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды 
пайдалана білуі (интернет, электронды пошта), қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді 
анықтай білуі қажет
«Әрбір ұстаз – білікті маман, әрбір оқушы - ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана 
отырып, білім беру үрдісінде кез –келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында 
оқытудың озық технологияларын пайдаланады. 
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы 
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне мұқият қарайтын дәуір екендігі 
баршаға аян.
Мемлекетіміз Н.Ә.Назарбаевтің көрегенді, сындарлы саясатының арқасында қарыштап 
жетістікке жетуде. Білім саласында ғана емес денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік, құрылыс 
саласында да жемісті жетістіктер толып жатыр. 
Бүгінгі әлем қызыға да қызғана қарайтын Елорда әсемдігі, көкпен тірескен Бәйтерек 
көркемдігі осы жетістіктердің дәлелі. 
Бүгінге дейін жеткен жетістіктердің баршасы – бірлік пен татулықтың, білім мен 
талпыныстың нәтижесі деп білемін. 
Арайлап атқан әрбір таңымыз жаңалыққа толы, тыныштық пен бейбітшілік бесігінде 
тербелудеміз. 
Бүгінде еліміз кез – келген алпауыт елдермен иық тірестіре алуы – қуанышты жетістіктер 
екені баршаға аян. 
Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған 
реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. 
Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына 
тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге 
қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына 
жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет 
тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет