158
158
танымдық және кәсіби икемділігін дамыту, оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау, оқу процесін
оқушының сезінуі.
Педагогикалық инновацияларға:
1) жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен
практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін
оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын;
2) ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары
жиынтығын қарастыруды;
3) жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру мен басқару
амалдарын;
4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына
негізделген технологияларды жатқызуға болады».
Оқыту технологиясы және оқытудың жаңаша технологиясы және заманауи технология
ұғымдарын нақты анықтамалар негізінде түсіндіре аламыз. Бұл тұрғыда мынандай
қорытынды жасаймыз:
-
оқыту технологиясы – оқушылардың өнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін оқыту жағдайлары, атап айтсақ, әдіс-тәсілдер, құралдар жиынтығы;
-
жаңаша оқыту технологиясы - диагностиканы басшылыққа алған жеке тұлғаға
қарай бағыттаған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру;
-
заманауи технология материалдық еңбек өнімдерінің жақсартылған сапасына қол
жеткізуге және қоғам мен жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты өндірістік және
әлеуметтік жүйеде теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып
табылады.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыру жалпы педагогикалық
және пәндік құрама болып екіге бөлінеді. Жалпы педагогикалық құрама - бұл оқыту мен
тәрбиелеу процестерінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолданудың
жалпы бағыты; пәндік құрама - оқу пәндерінің (педагогика, психология және т.б)
ерекшеліктерін бейнелейтін спецификалық бағыт.
Әрбір білікті ұстаз жаңа технологияларды меңгере отырып, өзінің білгенін оқушыларға
жақсы түсіндіре білсе, сол мұғалімді біліктілігі жоғары жаңа формациядағы мұғалім деп айта
аламыз. "Әрбір елдің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді" деген
ұлы ақын Абай атамыз. Абай атамыз айтқандай, мұғалімдеріміз білікті оқушыларымыз
ынталы білімді болса, Елбасымыз айтқандай 50 елдің қатарына өз жетістіктеріміз бен және
жана технологияларымызбен ойланбай-ақ кіре аламыз деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: