«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет68/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Критериалды бағалау 
оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен 
мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп 
әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым 
талқысынан өткен, нақтыанықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін 
салыстыруға негізделген үдеріс. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
арқылы жүзеге асыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, 
жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын 
тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды. Сын 
тұрғысынан ойлау – сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл жұмысы 
дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір 
жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, 
меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Критерийлер - оқытудың 
міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында 
орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, 
онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте 
егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау 
өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін 
не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, 
орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне 
ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, 
білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыр, оқуға 


153 
153 
деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау 
әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін 
арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, 
соңғысы жинаған түрлі бағалау жинаған ұпай арқылы өзін-өзі бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет