162
162
Білім беру реформасының басты да нәтижелі көрсеткіші елімізде тиісті білім алып, кәсіпке
бейімделген әрбір азаматтың әлемнің кез-келген елінде қажетті маман ретінде танулы
болмақ»,- деген сындарлы ой-пікірі білім саласының негізі болды. Осы орайда әр облыста
дарынды балаларды дамытуға арналған орталықтар және зияткерлік мектептер ашылып, жас
ұрпақтың әлемдік деңгейге еркін енуіне жол ашты.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-
жақты, қабілетті ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика
ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде,
ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыспен шұғылданатын
қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген,
ұлттық мәдени құндылықтарды жете түсінетін ұрпақ дайындау.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени
құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық
ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға,
ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсіби материалды құндылықтарға
жатады. Таратып айтсақ, ұлттық рухани құндылықтар дегеніміз – халықтың ұлттық тілі,
ұлттық мінез-құлқы, ерекше адамгершілік қасиеттері, ауызша-жазбаша ұлағатты тәлім-
тәрбиелік мәні бар даналық өсиеттері, мақал-мәтелдері, әдеби және музыкалық
шығармалары, салт-дәстүрлері, ділі мен діні, ойындары мерекелері және т.б.
Дүниедегі дүйім жұртты әлі күнге дейін тамсандырумен келе жатқан «Тоныкөк»,
«Күлтегін» іспетті тасқа қашалып жазылған жырлар, Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби,
Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласұғын сынды бабаларымыз түбі бір түркі
жұртының бәріне ортақ десек те, «Қара шаңырақ иесі болып қалған» (М.Жұмабаев) қазақ
халқына етене жақын, олардың жалғасы болып Шоқан мен Абай, Шәкәрім мен Мағжан,
С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаев және т.б.
тасқа басқан таңба болып ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен сөз жетпес асыл
құндылықтар, тебіреніс толғаулар, тағылым, тәрбие беретін теңдесі жоқ терең ойлар.
Достарыңызбен бөлісу: