Пайдаланған әдебиеттер:
1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994.
2. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану//«Егемен Қазақстан».
3. Қапалбеков Б. Ұлттан тілді алса... – Алматы, 2006. – 138 б.
4. Мырзахан А. Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие // «Ана тілі», 20 қазан, 2011.
5. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың рөлі //
http://40.astana-mektep.kz/
БІЛІМДІЛІК ПЕН ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ БАЛАБАҚШАДА
Джангильдинова Қ. Х., Тусупбаева С. Ж.
«Қуаныш» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы.
Халқымыз ерте заманнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше мән берген. «Шешеге қарап
қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер», « бала нені білсе жастан, ұядан өле – өлгенше соны таныр
қиядан» сияқты мақал-мәтелдер оған дәлел. Сонымен бірге, ақын- жазушыларымыз да балаға
үлгі- өнеге берерлік, санасын өсіріп, адамгершілікке баулитын, әділдік нұрын себетін,
қиялық өрлетіп, елім- жерім деп атамекенін сүйетін, оны қорғауға дайын ер азаматты өсіруге
183
183
арналған бай балалар әдебиетін қалыптастырады. Бұл тағылым ақын – жазушыларымызға,
халқымызға өте көне замандардан үлгі ретінде ертегі, аңыз, өтірік өлең, мақал- мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаш ретінде жеткен. Бұлардың бәрі халқымыздың өмір салтында бала
тәрбиесінің жоғары бағаланғанын дәлелдейді. Ол халқымыздың өнегелі дәстүрі болып
қалыптасып бекіген. Халықтың бүкіл өмірінде қалыптасқан тағылымы мол дәстүр мектепке
дейінгі ұйымдардың тәрбиесінде көркем шығарма ретінде бағдарламаға кірген. Бұл –
халқымыздың тәрбие дәстүрінің жалғастығының көрінісі.
Осы мәселенің маңыздығына орай А.Меңжанова, Ә.Әмірова, Р.Нұрмұхаметова,
Ғ.Таубаева т.б. сияқты ғалымдарымыз мектепке дейінгі ұйымдардағы оқытылатын көркем
шығарманың тәрбиелік мәнін зерттеген.
Негізінен алғанда көркем шығарма жасанды тілдік орта қызметін атқарып,
байланыстырып сөйлеуге үйретуде үлгі болады. Бірақ ол көркем шығарманың бір қыры ғана,
көркем шығарма соншалықты саналуан қырлы адамға әсері де, маңызы да өте күшті.
Барлық ғылыми еңбектерде көркем шығарманың баланың ақыл- ойын дамытудағы
ролін жоғары бағалаған. Баланың ақыл – ойын дамыту ата- ана туған- туысқан қоғам,
халқымыз үшін өте маңызды мәселе, сондықтан көркем шығарманың тәрбиелік мәніне
ғалымдар ерекше назар аударып отырған. Көркем шығарма балаға тәрбиелік әсер ету үшін
балалар көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану - қайғыруды үйренеді, көркем
шығарма балаларға тән ерекше сезім дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне
деген қызығушылығын тудырады. Осыған орай балалар өз төңірегіндегілердің, жақын
адамдардың, туыстардың көңіл- күйін байқай бастайды, аяушылық жақсы көру, қайғыру,
ұнату сезімдері туады.
[1. 191-б].
Осыдан балада адамгершілік сезім- қайырымдылық
қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл адалдық нағыз азаматтық
қасиеттердің қалыптасуына негіз болады. В.Белинский: «Сезім – білімге жол ашады,
шындықты сезбеген оны түсінбейді және оны тани да білмейді» деген болатын. Осы асыл
қасиетті көркем шығарма тәрбиелейді.
Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп оны ұғу кезінде
дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге, оны меңгеруге
көмектеседі, қоршаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға, сонымен бірге этикалық,
адамгершілік түсінігінің қалыптасуына көмектеседі.
Көркем шығарма тек тәрбие құралы ғана емес, ол – тілді үйренудің үлгісі. Бұл мәселеге
көп көңіл бөліне бермейді. Шындығында, тілдің нағыз оқытушысы – көркем әдебиет. Көркем
әдебиетті оқи отырып, қалай көркем сөйлеуге болатынын үйренуге болады. Өйткені көркем
шығарма- дұрыс, шебер сөйлеудің нақты үлгісі. Оған еліктеуге, одан үйренуге болады.
Балабақшада, мектепте ауыз әдебиеті түрлерінен шағын әңгімелер, аңыздар, ертегілер,
тақпақтар мақал – мәтелдер, жұмбақтар қолданылды. Асқан адамгершілік, өте дәл рухани
байлық өткір мысқыл, тілінің көркемдігі түсініктілігі – шағын көлемдегі ауыз әдебиеті
шығармаларының ерекшеліктері.
[2. 25-б].
Көркем шығармамен балаларды таныстыруды
ауыз әдебиетінен бастаған дұрыс.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауыз
әдебиетін пайдалану амалдары
Ертегі арқылы
Мақал- мәтел арқылы
Әңгіме арқылы
Жұмбақ арқылы
Тақпақтар арқылы
Жаңылтпаш арқылы
184
184
Балаларды сөйлеу тіліне үйретудегі ең үздік үлгісі – ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиетінің
тіліндегі басқа әдеби шығармаларда кездеспейтін, айтылуы жағынан бір – біріне ұқсас
сөздердің шығармада орналасуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл.
Ертегілер – балаларға күшті әсер ететін құрал.
[3. 23-б].
Ертегіні балалар қызыға
тыңдайды, ертегідегі қиял баланың ойына қозғау салады, өмірді әр қырынан танытады,
балаларда алуан түрлі сезімді оятып, сана – сезімі мен ақыл – ойын дамытады, олардың ерте
қалыптасуына күшті ықпал жасайды. Ертегілер – сан ғасырдың сынынан өткен асыл қазына,
ол қырлана, сырлана келіп талай екшеуден өтіп, тілге жеңіл, ойға жатық қалыпқа түскен.
Сондықтан ол балаға түсінуге жеңіл, қызықты, бала қиялына қанат бітіретіндей дәрежеге
жеткен, ол баланы қызықтырып, еліктіріп әкетеді. Балалар ертегілердің бәрін жақсы көреді.
Алайда хайуанаттар жайындағы ертегілерге балалар көңілін көбірек аударатыны байқалады.
Ертегіден балалар көп нәрсе үйренді.
Балабақшада, балалар тек ертегілермен ғана емес, балалар әдебиетінің әр түрімен
таныстырылады.
[4. 132-б].
Ертегінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып,
өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана – сезімі мен ақыл – ой қызметінің дамуына,
ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балалар сүйсіне тыңдайды, себебі ғасырлар бойы
ұрпақтан – ұрпаққа айтылып, әбден шешіліп, халықтың даналық тапқырлық ой – пікірлері
жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.
Ауыз әдебиетін тәрбиеде қолданудың мақсаты – баланы жақсы мінез – құлықтан,
жақсы қасиеттерден үлгі алуға үйрету, тәрбиелеу, жаман мінез – құлықтан, жаман
қасиеттерден жиіркендіру, жиіркенуге баулу.
Ауыз әдебиеті тілі – бүкіл халыққа өнеге, соның ішінде балабақша үшін нақты үлгі.
Баланың тілін дамыту, оларды байланыстырп сөйлеуге ауыз әдебиеті тілінің үлгісі арқылы
үйретіледі.
Баланың мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі,
сондықтан да бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата – аналар да ерте бастан көңіл
бөлгені жөн. Сөздің баланың психикалық дамуында ерекше мәні зор. Барлық негізгі
психикалық процесстер де адамның жеке тұлға болып қалыптасуы да тілдің дамуымен тығыз
байланысты. Сондықтанбалалардың тілінің дамуына қатысты бағыттарды анықтау
көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда тілді дамыту мектепке балаларды дайындаудағы басты міндеттерінің бірі
болуы керек. Балалардың ана тілін үйренуі мектепке баланы дайындаудың басты
міндеттерінің бірі.
Мектептегі оқыту процесі көбіне ауыз екі сөздің байланысы болып келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады.
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
а) айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөздік қорларынжаңа
сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа
диалог түрінде жауап беруге үйрету.
ә) заттардың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерді үйрету
б) заттың санын, сапасын, түр – түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту,
в) заттың іс – әрекетін білдіретін (жүрді, оқыды, екті т.б.) сөздерді әрі қарай меңгерту,
г) үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, жоғары т.б.) қосып айтуға үйрету.
2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем
шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық
айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.
3. Грамматикалық категорияларды меңгерту. Зат есімге іс – әрекетті білдіретін сөздерді
қосып сөйлем құрату. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің
ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.
185
185
4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен
кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары
жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімлей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге
үйрету.
Сөйлеу тілі дегеніміз – туа біткен қабілет және оны әрбір адам өз бетінше меңгереді.
Қалыпты тілдік даму барысы белгілі бір заңдылықтарға сәйкес жүзеге асады, олар жасқа сай
шарттар болуы мүмкін немесе өзіндік ерекшеліктерге байланысты болуы мүмкін.
Үш жастағы балалар үш – төрт сөзден тұратын қысқа сөйлемдермен сөйлейді. Біртіндеп
сөйлемдер көлемі ұлғая түседі, бірақ кейбір қателіктер ұшырасып отырады
Үш жастан жеті жасқа дейінгі аралықта сөйлеу тілі дамуының мектепке дейінгі кезеңі
деп аталады. Сондықтан балабақша кезеңі балалардың дамитын, қалыптасатын кезеңі
болғандықтан тілін дамытуға ерте бастан көңіл бөлген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |