164
164
6.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы.
Ғылым. 1988
.
БІЛІМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ
Маратова Айгүл Болатқызы
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру
Колледжінің 4-курс студенті
Жетекші: Тюлемисова Л.С.
Қазақстан Республикасында білім беру саясаты Қазақстандағы білім беру әлемдік
кеңестігімен үйлесімді дамуды көздейді. Яғни мемлекетіміздің білім беру дәрежесін, білім
сапасын бүкіл әлемдік стандартқа сай болуын мақсат етеді. Халықаралық білім беру
жүйесіне ену мәселесі жылжымалы білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім
парадигмасына ауысуда жаңа педагогикалық технологиялармен,
инновациялық оқытумен
байытылу арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді
ақпараттандыру; халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру
жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін,
әрбір білім беру
мекемедегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашардық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттілігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ
үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім
беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің
жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп
отырған жаңаша талап, міндеттер жоғары оқу орны оқытушыларына да қойылуда.
Сондықтан оқытушы іс-әркетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті
мәселесі.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып
құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі -
адамның
менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту.
Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің
білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің
үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты,
білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік
бағдарлау,
білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.б. – білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды
демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең
өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде
тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне,
әлеуметтік жағдайына, психикалық даму
ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси
көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің
қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану
165
165
мен гуманитарлық
ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті
жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның
пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік
сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал
мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру
жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді
тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз
қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау
қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең,
тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға,
болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім
алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәсілі –
білім мен тәрбие беру. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы
жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, колледж,
жоғары оқу орындары, ал білім
ордаларының жаны – ұстаздардың басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін
қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтар ұштастыра білетін
тұрға тәрбиелеу.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал
өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі
білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға
қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы,
өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін,
Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке
жылы тиетін, сөз құдіретін игерген, ұлттық мәдени
құндылықтарды бойына сіңірген адамда ғана тұлғалық қасиет болады.
Достарыңызбен бөлісу: