«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет71/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ 
МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
АСПЕКТІЛЕРІ
Шутенова С.С., Нүркенова Г.Қ., Есмагулова А.А. 
ЖММ «Болашақ» Академиясы 


157 
157 
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлауға, олардың кәсіби бейімделуін 
қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ 
педагог маманның жаңа педагогикалық заманауи технологияларды қолдануға даярлығын 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа 
заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына 
көрсеткіштерді қамтиды: 
Қазіргі таңда білім берудің өзіндік жаңаша үлгісі қалыптасуда. Бүгінгі педагогика 
ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту 
технологияларын шығаруға ұмтылуы. 
Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі 
педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде. 
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру 
саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз "ақпараттық жарылыс" дәуірінде өмір 
сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру - 
жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында 
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық 
қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, 
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде 
ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап 
отыр.
Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ педагог 
мамандардың ақпараттық сауатылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы 
сияқты қабілеттерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 
Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал 
туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелерді әлі де жеткілікті деңгейде 
емес. 
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделеген қызмет принципіне сәйкес 
болашақ педагогтардың жеке тұлғаларының кәсіби қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық 
тәжірибені меңгеру, болашақ педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы 
жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне 
ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге 
асыруы керек. Осыған байланысты болашақ педагог мамандардың мамандандырылған 
қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып 
табылады.
Сондықтан 
ұрпақ 
тәрбиесімен 
айналысатын 
әлеуметтік, 
педагогикалық, 
психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі 
туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының заманауи іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, 
психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Заманауи технологияны пайдалану 
міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен 
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де 
елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі - мұғалім. 
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық 
технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол 
бір уақытта болашақ педагог-психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола 
білуі керек. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің 
нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, заманауи болып табылады. 
Оқытудың жаңа технологиялары мынандай негізгі принциптерді басшылыққа алады: 
оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушыға өз бетімен әрекет ету әдістерін меңгерту, оқушының 


158 
158 
танымдық және кәсіби икемділігін дамыту, оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау, оқу процесін 
оқушының сезінуі.
Педагогикалық инновацияларға:
1) жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен 
практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін 
оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын; 
2) ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары 
жиынтығын қарастыруды; 
3) жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру мен басқару 
амалдарын; 
4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына 
негізделген технологияларды жатқызуға болады». 
Оқыту технологиясы және оқытудың жаңаша технологиясы және заманауи технология 
ұғымдарын нақты анықтамалар негізінде түсіндіре аламыз. Бұл тұрғыда мынандай 
қорытынды жасаймыз: 
-
оқыту технологиясы – оқушылардың өнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік 
беретін оқыту жағдайлары, атап айтсақ, әдіс-тәсілдер, құралдар жиынтығы
-
жаңаша оқыту технологиясы - диагностиканы басшылыққа алған жеке тұлғаға 
қарай бағыттаған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру; 
-
заманауи технология материалдық еңбек өнімдерінің жақсартылған сапасына қол 
жеткізуге және қоғам мен жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты өндірістік және 
әлеуметтік жүйеде теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып 
табылады. 
Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыру жалпы педагогикалық 
және пәндік құрама болып екіге бөлінеді. Жалпы педагогикалық құрама - бұл оқыту мен 
тәрбиелеу процестерінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолданудың 
жалпы бағыты; пәндік құрама - оқу пәндерінің (педагогика, психология және т.б) 
ерекшеліктерін бейнелейтін спецификалық бағыт.
Әрбір білікті ұстаз жаңа технологияларды меңгере отырып, өзінің білгенін оқушыларға 
жақсы түсіндіре білсе, сол мұғалімді біліктілігі жоғары жаңа формациядағы мұғалім деп айта 
аламыз. "Әрбір елдің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді" деген 
ұлы ақын Абай атамыз. Абай атамыз айтқандай, мұғалімдеріміз білікті оқушыларымыз 
ынталы білімді болса, Елбасымыз айтқандай 50 елдің қатарына өз жетістіктеріміз бен және 
жана технологияларымызбен ойланбай-ақ кіре аламыз деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет