«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет69/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Критериалды бағалау
-оқушы бойындағы үрейленуді басады және оқушы бойында 
өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. 
Мұндай бағалау кезінде оқушы өзін басқа оқушымен салыстырмай өз мүмкіндігін бағалап, 
жетістікке жету жолдарын іздейді және жетістікке жету жолын табуға әректтенеді. Бағалау 
парағы арқылы ата-аналармен байланыс орнатылады. Бұл жерде ата-ана да баласының 
жетістіктері мен олқылықтарын көріп. оны жоюға жұмыс жүргізеді. Бағалау критерилерімен 
танысып, хабардар болады. Оқушыны сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын 
жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқудың әдіс-тәсілдері, формалары талаптарға 
лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз 
ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. 
Критериалды бағалауды не үшін енгізуге болады? Оны енгізудің мақсаты 
қандай? деген сқраққа жауап іздеп көрелік:
 
біріншіден, бастауыш сыныптарда оқыту 
сапасын арттыруға болады; екіншіден, оқушыларды ір түрлі тапсырма беру арқылы 
шығармашылыққа баулуға ойлау қабілеттерін дамытуды жетілдіреді; үшіншіден, алдыға 
мақсат қоя білуге және бала бойында сенімділікті ұялатуды көздейді. Ал 
критериалды 
бағалау төмендегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді:

Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; 

Өтілген материалды еске түсірге; 

Оқушының даму жетістігін бақылауға; 

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын жоюға; 

Сабақ барысында алған бағасының әділдігіне көзін жеткізуге

Кері байланыс арқылы оқушының білімі мен ойын білуге;. 
Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп 
жүрміз. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, 
ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап 
етіледі. Критериалды бағалаудың маңыздылығына тоқталсақ. 

бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды; 

баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады; 

өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарға оқушының 
бағалау парағы ұсынылады

оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады; 
Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, 
бағалау А,В,С,Д критерийлері арқылы жүргізуге болады. Әрбір критерий тапсырмаларды 
жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және 
топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады. Әрбір 
дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Бастауыш сыныптарды бұлардың 
ішінде айтылған А,В,С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып 
оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді. 
Бастауыш сынып оқушылары өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы өз 
кемшіліктерін таба алады, дұрыстығына назар аударады. Бастауыш сынып оқушыларының 
білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы 
қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің 
жеңіл түрі алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық 
жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді 
қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа 
қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса 
нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды бағалау 
жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа сабақты оқытуда тек бір «A» 


154 
154 
критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға болады. 
Сабақты қорытындылағанда «C» критериімен бағалау тиімді. Бастауыш сыныптардағы 
оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына 
қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі: оқушының оқу-танымдық әрекетін 
қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше. 
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың 
жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін 
айқындайды. 
Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие 
ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің 
мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға 
бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары 
адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген 
ұстаз. Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға 
тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы 
проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды 
өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі 
арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге 
болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде 
жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі 
оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана 
білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың 
мәні осында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет