Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2003
2. Қайырбекова А.И., Барақова Қ.М. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін орыс
мектебінің 4 – сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2004.
3. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу – әдістемелік
құрал. - Астана: Фолиант, 2007.
148
148
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Қарымсақ А. Қ.
Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі
«Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тың ұғым болғандықтан біз
осының орнына «кіші оқушы» деген сөз қолданамыз. Осыған орай біз-кіші оқушының
психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқталайық. Бұрын балалар оқымаған кезінде
«Бастауыш мектеп жасы «Кіші жас» деген жас кезеңдер кездеспейтінін біз ескергенбіз. Бұл
жастың \7-11 жастың\ өзінде жас кезеңіне бөлінуі оқудың \әсіресе орта оқу мектебінің\ көп
елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен, осы жас кезеңнің өзінше бөліп алып
қараудың себебі-бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу
әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тең ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне,
бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан. Үш түрлі қиыншылықтардың
кездесетінін 1 кластың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы \2-3\ кластарға келсек,
мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші класта қалай оқығанына байланысты. Әдетте,
баланың бәлендей объектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек.
Қызығу деп бәлендей обьектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу
көбінесе аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей
ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бәлендей
нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы
мәселеге 1-кластан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 кластағы балалардың көпшілігі
ойдағыдай оқып кетеді. Оның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі
тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел.
Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру
парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму
тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін
гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары",
"педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині
қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында
оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын
тәрбиелік аспекті бар.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде
оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында
белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С. Әбенбаев айта келіп, оның
құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:
- оқытудың мақсаты;
- білім берудің мазмұны;
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту
процесін ұйымдастыру;
- оқушы, оқытушы;
- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды
“... оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның
құрылымын төмендегідей анықтайды:
- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау
барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны
анықтау;
149
149
- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;
- оқыту технологиясын талдап жасау.
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы
технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі
анықталуда:
-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта
өндіру принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін
факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне
оқыту процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының
потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Педагогикалық технологияның міндеттері:
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің
тереңдігін, беріктігін арттыру;
- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және
арттыру;
- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық
тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Педагогикалық
технология
әр
түрлі
жағдайлардағы
нақты
өзара
іс-
қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер
негізінде
компьютер
мен
техникалық
құралдар
қолдану
арқылы
да
ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың
айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға
тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең
маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын
әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену"
процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін.
Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде
тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз
етіледі.
"Педагогикалық
технология"
оның
ішінде
"оқыту
технологиясы"
ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен
біріктіреді:
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды
жоспарлау;
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті
түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".
- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту
технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?»
мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді
саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі
нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден,
оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе
модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді
төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:
а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни
иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;
150
150
ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау
принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;
б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің
басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық
жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз
ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық
технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі
құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет.
Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол
жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым
стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының
өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін
ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін
аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық
сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко
технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі
дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн
сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің
басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап
көрсетеді.
Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың
мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап
көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған.
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге
болады:
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту;
- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
- бағдарламалап оқыту технологиясы;
- оқытудың компьютерлік технологиясы;
- дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту.
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім
беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері
бар. Мәселен, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының
ерекшелігі:
- үнемі қайталау;
- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілік;
- зорлықсыз, еркімен оқыту;
- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай
жасау;
- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың
негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.
151
151
Оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі, ол сабақ беру және
білім алудың бірлігі. Қазіргі кезеңде оқытудың белгілерінің сиапттамалары:
1)
екі жақтылық сипаты;
2)
мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметі;
3)
мұғалім тарапынан басшылық;
4)
жоспарлы ұйымдастыру және басқару;
5)
тұтастық және бірлестік;
6)
оқушылардың жас ерекшілік даму заңдылықтарына сәйкесиік;
7)
олардың даму тәрбиесін басқару;
Оқыту процесіне баланың дамуы жүзеге асырылады, оқытудың негізгі құрылымдық
жүйесінің элементтері:
1)
мақсаты;
2)
мазмұны;
3)
әдістері;
4)
ұйымдастыру формалары;
5)
нәтижелері;
Оқу процесі диктантқа қатысты және бөліктері-элементерінің тізбегінен тұрады,
мақсатқа жету, үшін бірлескен қызметтерді атқарады. Бірлескен оқу қызметін таным
сатыларын игеру шәкірттердің белсенділігі мен өз бетінше оқу-іс-әрекеттерінен құралады.
Олардың бірлескен еңбегінің негізгі кезеңдері:
-
оқушылардың білім алу себептері-мотиавция,
-
оқушылардың тірек білімері, икемділігі, іскерлігі және дағдыларының қажеттілігін
айқындау;
-
жаңа сабаққа зерделеуді ұйымдастыру,
-
зерделегенді жетілдіру,
-
оқытудың нәтижелігін анықтау;
Әрбір кезеңде мұғалім мен оқушылардың өз міндеттері бар, олардың іс-әрекеті,мақсаты
жалпы. Мұғалім қызметінің мәні-басқару, оқушылардың іс-әрекеттері-білім алу;
Білімді игеру, іскерлік,икемділік, дағдыны жетілдіру және оларды іс-тәжірибеде
пайдалану. Оқыту процесінде жаңа сабақ материалдарын игеру, іскерлік, дағдыларын
дамыту,іс-әрекетері бойынша мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбектернің басты
кезеңдері:қабылдау, ой елегінен өткізу, ұғу, бекіну,қолдану,қорытындылау, диагностикалау.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың,
студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын
тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта
оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |