«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет62/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланылған әдебиеттер:


139 
139 
1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 
бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж – 437 
бет.
4. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж – 301 
бет.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМГЕ ДЕГЕН ЫНТАСЫН 
АРТТЫРУДАҒЫ ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Дүйсембекова А.Б. 
Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Ақадыр кенті «Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицей» 
Бастауыш сынып мұғалімі 
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы 
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не 
істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе 
тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені 
білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі 
мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет). 
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы, екіқұрамды: 
жиынтық және формативті болуы керек. 
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – 
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. 
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, 
нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін 
қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең 
басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының 
жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. 
Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім 
беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да 
анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі 
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа 
алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын 
тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке 
бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз 
ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға 
арналғандай.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, 
онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған 
соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, 
іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. 
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы 
кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді 
Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, 
оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, 
оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. 
Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер 
болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар 
беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- 


140 
140 
өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ 
бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. 
Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай: 
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? 
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? 
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді 
ме ? 
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет