«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет59/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
Мнемотехника
– тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны 
дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі 
балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл 
мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану 
қажет. 
Қойылған 
мақсатты 
нәтижелі 
етуге 
қолданылатын 
тәсілдер: 
- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; 
үлгілерт.б/ 
-«ЖИНАҚТАУШЫ» 
-сөйлеу 
материалдарын 
безендіру. 
- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тынысалу жаттығулары, т.б/-

Балабақша жасында көрнекілік-бейнелі кесте сақтау және есту , суретін көру арқылы 
баланың есінде нақтықалады. Соның бірі мнемотехника. 
Мнемотехника
- балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, 
әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-
әрекеттерінің 
жүйесі. 
Мнемотехника
- оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай 
мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет. 
Мнемокесте
– ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің 
немесе табиғат құбылысының суреті, болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі. 


130 
130 
Мнемокестенің мазмұны
- ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің 
бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті . 
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу. 
Схема
– мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз: 
- Сөздік қорын байыту үшін
- Әнгіме құруға үйретуге
- Көркем әдебиетті мазмұндауда 
- Жұмбақ жасыру және шешуде
- Өлең жаттауда
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу 
кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады. 
Мнемотехниканы қолданғанда балалардың шығармашылығы дамиды, бала іс-әрекетін 
белгілі бір мақсатқа жүйелейді, жаңатақырыпты тез меңгереді. Мнемотехниканы 
қолданғанда балаларды тек қана көркем шығармамен таныстырып қана қоймай, 
соныменқатар, лексикалық тақырыптармен де таныстыруға болады. 
«Мнемотехника», «мнемоника» - бұл әртүрлі әдіс-тәсілдер жүйесі. Қосымша 
ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауын жеңілдету. Суретті – 
графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар 
мәтінді әңгімелеп береді. Әрбір белгіде бір мазмұн бар. Оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс 
- әрекеттері белгілі бір символдармен бейнеленеді. Мысалы: мына өлеңді көркем сөзбен 
оқып қана қоймай сызба түрінде көрсетіп, баланы мнемокесте әдісі бойынша әңгімелеуге 
мүмкіндік беру. 


131 
131 
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей,жаңа материалды талдай отырып, оның белгілерін 
анықтай отырып, бала шыдамдылығы дамиды, өз ісінің жоспарын көзбен көріп, қабылдайды. 
Оның жауапкершілігі артып, қызығушылығы пайда болады,өз ісіне деген қанағаттанушылық 
сезімі оянады, психикалық түйсіктері, яғни: есте сақтау,ойлау,кемшілігін жою 
жұмыстарында да біршама өзгерістер болады. Балалардың тіл байлығы артады. 
Мнемотехниканы сонымен қатар, бүкіл топ балаларымен де өткізуге болады. 
Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сөздік жұмысы, сөйлем әңгіме құрастыру 
жұмыстары жүзеге асады.
Балалардың 
байланыстыра 
сөйлеуін 
қалыптастыруда 
тек 
мнемосызбамен 
шектеліп қоймау керек. 
Сурет қарастыруда дидактикалық ойын барысында болсын, әр баланың жеке дамуына 
жол ашылады.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ойының дамуына, 
зейінін,байланыстыра сөйлеуін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады, сенсорлық 
қабілетін дамытады, көру, есту, еске сақтау қабілеттерін кеңейтіп, қоршаған ортаны танып 
білуге үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет